Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 19:31, реферат
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер,әсем шарлар мен наурыз гүлдері.
Астана қаласы №53 мектеп –лицей
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Арулар асыл жандар»
Қатысушылар: 7 «а,ә,б,в,г»
Өткізген: Князова А.Қ, Курманбаева Б.А.
2011-2012 жыл
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер,әсем шарлар мен наурыз гүлдері.
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1.Мен қазақтың қызымын ( өз -өзін таныстыру)
2.Озған ел тарихын таспен жазар (сұрақтар-жауап салт - дәстүрге байланысты)
3.Ас адамның арқауы (көктемгі салат)
4.Өнерлінің өрісі кең (өз -өнерін көрсету)
5.Қыздарға әсемдік жарасады
(сән үлгісін көрсету, киім үлгісінде
ұлттық нақыштағы белгілер
1-жүргізуші.Армысыздар ардақты ұстаздар,қонақтар және оқушылар!
2-жүргізуші.Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Бүгінгі „Арулар асыл жандар" атты қыздар сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Құрметті ұлағатты ұстаздар, аяулы да сұлу қыздар және асыл аналар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз қыз -келіншектер мейрамымен құттықтаймыз.Көктемдей әрқашан құлпырып жүздеріңізден күлкі айырылмасын. көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.
2-жүргізуші.
Көктем,көктем,
Ғажайып сен бір неткен,
сағындырып біздерді
қайта айналып жеткен дей келе алдарыңызда
«Шақырады көктем әнімен» Әлекбай Жамбылды
қарсыалайық
1-жүргізуші.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты. дей келе бүгінгі сайысқа қатысушы аруларымызды сахна төріне шақырайық.
1.Шақырайық көркем әсерлі
Сұлудай әсем Әселді
2.Ділдә деген сымбатымен көрікті
Жаулап алар жан дүниеңді еріксіз
3.Данадай қыз өнерлі
Біздің елдің өрені
4.Ақерке қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
5.Назгуль келер ортаға
Керіліп киелі сахнаға
6.Ғажйып әлем театрда
Көзге түскен Фатима
7.Қап қара көзімен мөлдіреп
Сәлемін береді Мөлдір кеп
8.Ақмарал қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
9.Ақша бетті Бәтима
Ұқсайды хор қызына
10.Гауһардай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп
1-жүргізуші.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық. Ендеше сайысымызға төрелік ететін әділ қазылармен танысайық.
2-жүргізуші.
Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл – Қыз Жібек пе, Баян ба?
Әлде ару Қарлыға ма? Құртқа ма?
Әлде гүл ме, өсіп тұрған даламда?
Кім де болсаперіштеғойғажайып,
Әттеңшіркін, кетпесеекеназайып.
Құттыболсынмейрамыаналардың,
Сіздерүшінбүгінгіарулардың,
Билерімен әндеріжырланады!
1-жүргізуші.
Ұрпағы мен боламын бабалардың,
Биікке өнерменен бара аламын.
Қанеки, тыңдайықшы барша халық
Кім екен түпкі атасы арулардың? – дегендей ендеше бүгінгі аруларымыздың өз өзін таныстыру сайсына кезек берейік
Әділ қазы мүшелері ендеше аруларымыздың таныстыру бойынша алған ұпайларын көрсетулеріңізді сұраймын
2-жүргізуші.
Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
1-жүргізуші.
Халқымыздың тарихын үйренейік,
Жамандықтан арулар жиренейік!
«Озған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады» демекшікезекте қыздарымыз салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді. Әр қыз екі сұраққа жауап береді.
Бесікке салу дегеніміз не?
Жеті ата дегеніміз не?
Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?
Наурыз көже қандай тағам?
Ораза ұстау дегеніміз не?
Сүндеттеу дегеніміз не?
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
Айт мерекесі қандай мейрам?
Көкпар қандай ойын?
Тұсаукесер дегеніміз не?
Бәсіре беру дегеніміз не?
Бата,бата беру дегеніміз не?
Сыбаға дегеніміз не?
Сыңсу дегеніміз не?
Садақа беру дегеніміз не?
Көрімдік беру дегеніміз не?
Жарапазан қай кезде айтылады?
Алтыбақан қандай ойын?
Жар - жар дегеніміз не?
Пітір тастау дегеніміз ол қай кезде беріледі?
Әділ қазы мүшелері
2-жүргізуші.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы.
Ендеше, келесі сайысымыз-ас мәзірін дайындау. Аруларымыздың дайындап алып келген көктемгі салаттарымен әділ қазылар таныса отырыңыздар.
Сахнада ән «Мейлі» орындайтын: Серперов Берікжанды қарсыалайық
Ендеше әділ қазылар ас мәзірі салаттардың ұпайларын көрсетіп жіберсеңіздер
1-жүргізуші.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.! Ендеше қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық
1-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету
2-жүргізуші.
Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Ән «Асыл ана» орындайтындар: Алекбай Жамбыл
1-жүргізуші.
Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
2-жүргізуші.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.
Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогкасын дамытудудағы үлесі