Модульдік технологи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 22:03, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Модульдік технология.doc

— 100.50 Кб (Скачать документ)

Модульдік технология 
Модульдік оқыту технологиясы 
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады. 
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр. 
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» 
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал. 
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. 
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі. 
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 
Оқу модулінің ерекшілігі –жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. 
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады. 
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек. 
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр. 
Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс. 
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады. 
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. 
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады. 
Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенсек: 
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметін жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын ,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын , шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.  
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен оқушының қажеттіліктерін , қызығушылығын және қызет мақсаттары дамытуға ағдай жасау.  
3. Оқуды басқару икемді болуы тийс . Бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ана, балалардың білім дәрежесінің артылуына қарай мүмкіндік болады.  
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын аықтауға тікелей қатысуы керек , яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.  
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына жіне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.  
Оқу модулінің сөйлесу блімін даярлағанда мұғалім оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастылымдайды. 
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап ,бекіуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды трде тұтас тараудың мазмұны беріледі. 
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады. 
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады. 
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады. 
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі  
мазмұның белгілеу. 
1. Оқу материалын біртұтас, жинақы , «өсу» бағытымен  
беру. 
1. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және  
білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау. 
1. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді  
қамтамасыз ету . 
1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және  
креативтігін дамытуға арналғаншығармашылық сипаттағы материал дайындау. 
Қорытынды бөлім . Бұл бөлі тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын , соңғы бөлімі. Олоқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға ,тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайыды –яғни , баға алады, бұл сонында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар. 
Біріншісі, міндетті –тестлеу. Екіншісі, мұғалімнің өз тандауы бойынша сынақ , бақылау жұмысы ,диктант. 
Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тетлеу арқылы анықтау мүмкін емес. 
Білім деңгейін тексеру және бақылауі тәсіл ретінде тестлеу оқыту нәтижесінің мөлшерліккөрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестлеу тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды , өйткені бақылаушымен қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы . Алайда мұнда дұрыс жааптың кездейсоқ берйлуі мүмкіндігі бар . Қорыта келе біз тестлеудің бақылаудың қажеті түрі , бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз. Оның мақсаты: 
а) білім деңгейін әділ бағалау: 
б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру: 
Қалай айтқанмен егер бақылаудың бір түрінен наша бға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді. 
Егер сөйлесу бөлімінің ьарлық саьақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін –бірі оқытуы, түлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін ,білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ , шығарма нмесе диктант оқу пәнәң ерекшілігіне орай қолданып ,оқу мщдулінің осы бөлімінде беріледі. 
Модульдік оқытудың құрылымы 
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. 
Оның мазмұнына: 
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;  
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;  
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала бағалау:  
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;  
5. Нәтижені бағалау:  
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып , құрылымы ортақ , бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқ модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады: 
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады: 
Кіріспе бөлім 
(модульге, тақырыпқа енгізу) 
 
 
Сөйлесу бөлімі 
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру) 
Қорытынды бөлім 
(бақылау) 
Әрбір оқу модуліне сағат саны әртүлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына , тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйсі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін , сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды. 
Бізді ойымызша бұл технология 
-оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін даытуға: 
-танымдық поцестерін дамытуға 
-оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға; 
-белсенді сздік қорын , ауызша және жазбаша тілін дамытуға: 
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу , қарым-қатынас, ойын , танымдық , қауіпсіздік ,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді. 
Ұсынылып отырған технологиянытүрлі үлгілердегі мектептерде қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламадық материалды «жақсы» және «өте жақсыға» меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті. 
Бұл технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиадада жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығарашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар саны арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе тарихты,географияны , биологияны, химияны, азаматтану, дүниетану курсын орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілдің және басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болады. 
 
 
 
Модульдік оқыту технологиясы 
 
Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.  
Кіріспе бөлім. (модульге, тақырыпқа ену) 
Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру) 
Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу. 
Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты. 
Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім. 
Электр құбылыстары 
 
Модульдің құрылымы Сабақ реті Сабақтың мазмұны мен түрі Сағат саны ескертулер 
 
Кіріспе бөлім  
1-сабақ 1. Модульге кіріспе 
2. Әңгіме дәріс 
3. Тақтамен жұмыс 
4. Қорытындылау  
1 сағат Сұхбат бөліміне дайындық 
 
 
Сұхбат бөлімі  
1-сабақ Диалогтық бөлім ойын түрінде 1 сағат Ізденіс жұмыстарына баулу 
2-сабақ Деңгейлік тапсырмалар (есеп шығару)  
1сағат Есеп шығара білуге үйрену 
3-сабақ 1. Өзіндік жұмыс 
2. Технологиялық карта «Ромашка»- мен жұмыс 
3. Брейн-ринг  
 
1 сағат Шығармашы -  
лыққа баулу  
4-сабақ 1. Топпен жұмыс 
2. Технологиялық карта «триада – логика»- мен жұмыс  
 
1 сағат Қорытынды бөлімге дайындық 
 
 
Қорытынды бөлім  
1-сабақ Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.  
1 сағат  
Қайталау  
2-сабақ Бақылау жұмысы 1 сағат  
Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологмяның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған екі минуттай уақыт беріледі. 
«Снежинка» 
 
белгілі жаңа негізгі 
 
Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі. 
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім 
негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. 
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен  
қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдибеттерді  
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім  
сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 
Енді осы негізде «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына арналып  
жасалған сабақ жоспарының мазмұнына тоқталайық. 
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі  
ток күші ол бөліктін кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінді тағайындау.  
Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту. 
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бітімен ізденуге дағдыландыру. 
Сабақтың типі: бекіту сабағы. 
Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту  
техналогияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері. 
Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша. 
Сабақ жоспары: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Шапшаңдық геманастикасы. 
II. Үй тапсырмасын тексеру. 
а) Сұрақ-жауап 
Қорытындылау. 
ІІІ. Өткен материалды пысықтау. 
а) Логикалық есептер 
Қорытындылау. 
б) Тақтамен жұмыс 
Қорытындылау. 
в) Деңгейлік тапсырмаларды орындау 
Қорытындылау. 
IV. Қорытындылау, бағалау. 
V. Үйге тапсырма. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару. 
2. Шапшандық гимнастикасы. 
4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2-3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
1. Электр тогы дегеніміз не? 
2. Ток күші дегеніміз не? 
3. Кернеу дегеніміз не? 
4. Кедергінің физикалық мағынасын айт. 
Деңгейлік тапсырмалар. 
І-деңгей. 
1. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі  
4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді? 
2. Кернеуі 120 В, ток күші 0,5 А электр шамының кедергісін  
анықтаңдар. 
3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін  
қандай кернеу түсіру керек? 
ІІ-деңгей. 
1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымынан жасалған  
электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай? 
2. Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2  
болатын ток күші 250 мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. 
ІІІ-деңгей. 
1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай? 
IV-деңгей. 
1. Қолда бір текті екі өткізгш бар, бірі екіншісінен 8есе ұзын, ал  
екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен? 
Қорытындылау. 
IV. Оқушылардың білімін бағалау. 
V. Үйге тапсырма. 
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырма беру.  
Сұхбат бөлімінің 4-ші сабағында биоақпараттық технологияның "триадалогика”-сы негізінде жасалған сабақ жоспары ашық сабақ ретінде ұсынылып отыр. 
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі: 
Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады. 
"Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы. 
"Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды. 
"Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды. 
Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемделуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды. Орындалған жұмыс грек алфавитінің әрпімен белгіленеді. 
Тапсырманы бірінші біткен үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған үштіктердің жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру жұмысы қанағатталынбаса, келесі үштік шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып үштіктің жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғанын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылап, келесі тапсырманы береді. Үштіктер әр уақытта сыныптың "жұмысшы ұяшығы” болып табылады және оқушылардың еркімен сондай-ақ, мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Үштіктердің қайта-қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді. 
 
 
 
Күні: Сыныбы: Пәні: Оқушы саны: 
Тақырыбы:  
Үштіктер саны: Сарапшылар: 
Құрылымы Шығарылу уақыты Түсіндіру уақыты Қатесі: Білім сапасы % 
І-деңгей  
ІІ-деңгей  
ІІІ-деңгей  
IV-деңгей  
 
Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын аламын. 
Тест №1 
1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді? 
а) 50000 Дж б) 2500 Дж с) 200 Дж 
д) 500 Дж е) 200 Дж 
2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордің паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал кернеу қандай? 
а) 100В б) 20 В с) 10 В д) 5 В е) 40 В 
3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең? 
а) 12 А б) 6 А с) 3 А д) А е) 10 А 
4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады? 
а) Ток күші  
б) Кернеу 
с) U . I көбейтіндісі 
д) анықтамайды 
е) қатынасы 
 
5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? 
а) Вольт (В) б) ампер (А) с) Ватт (Вт) 
д) Джоуль (Дж) е) Ом 
6. Ток күшінің жұмысының формуласын көрсетіңіз. 
а) б) А=U . It с) А =U . R2 көбейтіндісі 
д) е)  
7. Электр тогы дегеніміз не? 
а) Электр зарядтарының тәртіпсіз қозғалысы 
б) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы 
с) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы  
д) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы 
е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ 
8. Джоуль-Ленц заңының формуласын көрсетіңіз. 
а) Q=I2.R ∆t б) Q=I.R2 ∆t с) Q=I. ∆t/R2 
д) Q=U. ∆t/R2 е) Q=I2/R  
9. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток  
күші 0,5 А. Қыл сымының кедергісі қандай? 
а) 0,5 Ом б) 1 Ом с) 2 Ом д) 4 Ом е) 1,5 Ом 
10. Ток күші дегеніміз не? 
а) I=∆q/∆ б) I=U/R c) I=kU д) I=q/S e) Qs 
11. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады? 
а) ток күші б) кернеу с) кедергі 
д) жұмыс е) анықталмайды 
12. Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңіз. 
а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр 
д) Омметр е) Реостат 
13. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз. 
а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр 
д) Омметр е) Реостат 
14. График бойынша өткізгіштің кедергісінің мәнін табыңыз. 
а) R=0 б) R=1 Ом c) R=10 Ом д) R=100 Ом e) R=1000 Ом 
Осы тұжырым негізінде жасақталған жаңа педагогикалық  
технологияның арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шағарылады. Онда төрт деңгей бойынша тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалар мен сызба-нұсқа көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады. Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды физика  
сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. 
Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. 
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды. 
Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді. 
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді. 


Информация о работе Модульдік технологи