Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2014 в 10:48, лекция
Бастауыш сыныптардағы оқу сабағының басты міндеті - оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйрету, оқуға деген құмарлығын арттыру. Бастауыштың 1-сыныбынан бастап, әлі сауат ашу кезі жүріп жатқан кездің өзінде, мұғалім балаларға лайықты суретті кітапшаларды көптеп әкеліп, ішінен қызық жерін жатқа айтып, кейбір қысқа ертегілерді оқып береді. Егерде, мүмкіндігінше мұғалім оқылатын мәтінді мәнерлі де әуезді окып әңгімелеп беріп отырса, бала ықыласына ерекше әсер етеді. Тезірек әріптердің бәрін үйреніп, мұғалімнің оқығанындай оқуды армандамайтын, әсерленбейтін бала болмаса керек.
Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар.
Бастауыш сыныптардағы
оқу сабағының басты міндеті
- оқушыларды кітаппен жұмыс
Бастауыш сынып оқулығында
оқушылардың жан-жақты білім
Мұғалім балалар алдында оқылатын шығарманың балаларға түсінікті, әсерлі болуы үшін шығарманы күні бұрын талдап, даярлап алады. Балалар үшін күнделікті сөйлеу тілінде сан рет айтылып жүрген сөздердің өзі қиындық келтіреді. Өйткені, бастауыш сынып оқушысының психологиясын ескерсек, оларға нақтылық тән, көп нәрселер абстрактілі. Балалардың сөздік қоры аз, осы шығармаларды оқу, талдау арқылы, өз бетімен кітап оқу арқылы, айналадағы үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау арқылы жаңа сөз үйреніп, сөздік қоры біртіндеп дамиды. Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын шығарманы жан-жақты талдап алып қана оқуға береді. Оқу кезінде жоғарыда айтылған мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданып жеткізеді.
Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын бір шығарма бойынша алдын ала қандай жұмыс жүргізуге болатынына мысал келтірейік.
Мысалыға «Ан тілі» оқулығында «Құстар айтысы» үнді ертегісін мәнерлеп оқуға даярлау үшін мұғалім не істер еді.
1. Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады. 2. Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психологиялық кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.
а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін оқу;
ә) Психологиялық кідірістерді құсбегінің, жүгіріп келе жатып ойлаған ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;
б) грамматикалық
3. Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жүргізу. Олар:
Құсбегі — жыртқыш құстарды аң аулауға баулып үйрететін аңшы, немесе құс аулайтын адам.
Ынтымақ — бірлік, ұйымшылдық.
Жанжалдасу — таласу, керісу.
Ала ауыздық — бірінің айтқанына бірі көнбеу.
4. Шығарма мазмұнын мәнерлі оқу мен әңгімелеу арқылы балаларды ауызбіршілікке, ұйымшьшдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аудару.
5. Балаларды ойландыру үшін проблемалық сұрақтар қою.
— Торға түскен құстардың айтысы неліктен басталды?
— Еркін самғап жүрген кұстарды мүсәпір халге түсірген қандай жағдай деп ойлайсыңдар?
— Ақылдылық кімге тән екен?
6. Ертегіде уақиға, іс-әрекет,
кейіпкерлер бар. Сондықтан
Құстар айтысы
Жоспары:
1) Торға түсу
2) Құстардың акылдасуы
3) Құстар аспанда.
4) Құсбегінің ойы.
5) Ала ауыздық
Мұғалім мәнерлеп
оқуға ұсынылатын әрбір
Жаттығу тапсырмалары:
1. «Құстар
айтысы» тақырыбын мәнерлеп
ҚҰСТАР АЙТЫСЫ (Үнді ертегісі)
Бір құсбегінің орман ішіне құрып қойған торына қарға, торғай, көгершіндер келіп түсіпті. Олар тордан босанудың жолын іздеп, бір-бірімен ақылдаса бастайды.
— Біз жемге қызығамыз деп торға түсіп қалдық. Енді құтылудың, жолын ойластырайық. Бәріміз бірігіп ақылдасайық. Сонда құтылып кетуіміз мүмкін.
Олар әрі ойлап, бері ойлап,
ақыры мынадай келісімге
— Бәріміз қанатымызды бірдей қағып, ұшып көрейік, мүмкін, торды көтеріп кетерміз,— десті. Қанаттарын бірдей қағып ұшып еді, шынында да торды көтеріп әкетті. Сөйтіп олар торымен ұша жөнелді. Мұны байқаған құсбегі ұшқан құстардың соңынан жүріп отырды.
Аспанда тор ішінде құстар ұшып барады. Жерде оларды қуып, құсбегі жүгіріп келеді. Жүгіріп келе жатып ол:
«Торға әр түрлі құс түсті ғой! Олар әлі-ақ өзара айтысады. Ал айтыс басталған соң, құстар жылдам ұша алмайды, тор жерге түседі,— деп ойлайды.
Расында да солай болып шықты. Әуелде құстар торды ынтымақпен көтеріп ұшса да, аздан соң жанжалдаса бастады. Ең алдымен қарғалар қарқ-қарқ етті:
— Біз сияқты аянбай күш жұмсап келе жатқан ешқайсың жоқ. Біз сендердей жалқау болсақ, тор баяғыда жерге топ ете түскен болар еді.
Бұл сөзді естіген көгершіндер:
— Жетер енді, қарғалар! Көп мақтана бермеңдер! Біз сендерден артық болмаса, кем көтеріп келе жатқанымыз жок,— деп ашуланады.
Жанжалға басқа құстар да кірісті, бірін-бірі сөгіп ұрысыса бастады. Ала ауыздық кірген жерде береке болушы ма еді. Берекесі кеткен құстар енжарланып, қанаттарын ақырын қақты. Тор жерге салбырап түсе бастады. Құс аулаушы да жүгіріп жетті. Ол тордың төмен салбыраған жерінен шап беріп ұстап, құстарымен қоса тартып алды.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
Ертегіні оқып болған соң мынадай сұрақтарқойып, тапсырма беруге болады:
ДАНЫШПАН
(Ел аузынан)
Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіпті. Ол әрі қартты, әрі өзін сынау мақсатымен:
- Ақсақал, осы мен қандай жігітпін, сынаңызшы, - депті
Қарт жігіттен жолдасын
көрсетуін өтініпті. Жігіт жолдасын
жібереді. Қарт жігіттің жолдасын
әр түрлі істермен сынап,
- Шырағым, жаман жігіт көрінбейсің, - депті.
- Қалайша, мені олай дейсіз, мені байқап та көрген жоқсыз ғой, - дейді жігіт.
Қарт күліп:
- «Жігітті жолдасына қарап бағала», - демей ме халық мақалы депті.
1. Жігіт данышпан қарияға
қандай мақсатпен келді? Қария
жігітке қандай талап қойды?
Ақырында данышпан қария
2. Мәтінді мәнерлеп оқып,
диалогтың оқылуына ерекше
Бекіту тапсырмалары:
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмасы: (әр тапсырманың құны 1 ұпайдан)
1. Мәнерлеп оқу туралы ұғым.
2. Сөйлеу техникасы туралы түсінік.
3. Дыбыстау мүшелеріне не жатады?
4. Дұрыс әдеби сөйлеудің (орфоэпия) басты ережелерін атап өтіңіз.
5. Әдеби көркем шығармаларды
мәнерлеп оқу үшін мұғалім
қандай дайындық жұмыстарын
ІІ деңгей тапсырмасы: (әр тапсырманың құны 2 ұпайдан)
1. Өзіңіз қалаған бір шағын мәтінді мәнерлеп оқу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіңіз.
2. Дауыс ырғағы, оның негізгі құрамдас бөліктерінің анықтамасын жазып, мысал келтіріңіз.
3. 5-7 сыныптың «Әдебиет» оқулығынан рольге бөліп оқуға келетін бес көркем шығарманы атап көрсетіңіз.
4. Өлең жүйесі компоненттері, анықтамаларын жазу.
5. Берілген өлеңге талдау жасаңыз:
Не үшін?
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жауларымнан қыңбау үшін!
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Ал аяғың?
- Шетте жүрсең,
Туған жерге қайту үшін! (Қ.Мырзалиев)
(Берілген өлең тақырыбы,
авторы, тәрбиелік мәні, нешінші
сыныпта өтілетіндігі айтылады.
ІІІ деңгей тапсырмасы: (Тест сұрақтары, әр тапсырманың құны 1 ұпайдан)
1.Өлең тармағындағы соңғы бунағының буын санының бірдей болып үйлесіп келуі не деп аталады?
А) буын
В) ұйқас
С) бунақ
Д) шумақ
Е) тармақ
2. Дауыс ырғағы дегеніміз не?
А) буын үндестігі
В) ұйқастырып айту
С) екпіннің тұрақтылығы
Д) сөйлеу қарқыны, жылдамдығы
Е) сөйлеудің мағыналық бояуы
3. Сары ала сөзінің
айтылуында қандай құбылыс
А) буын
В) ұйқас
С) протеза
Д) редукция
Е) элизия
4. Редукция құбылысы қай қатарда?
А) лақ-ылақ
В) реніш-іреніш
С) алды-арты-алдарты
Д) қоңырау-қоңрау
Е) қара ала-қарала
5. Протеза құбылысы дегеніміз-
А) буын үндестігі сақталуы
В) дауысты дыбыстың сусып тұруы
С) мүлдем түсіп қалу құбылысы
Д) сөз алдына дыбыс қосып айту
Е) сөз артына дыбыс қосып айту
6. Элизия заңы қай қатарда кездеседі?
А) буын-буыны
В) абырой-аброй
С) қабілет-қаблет
Д) күлсе екен-күлсекен
Е) реніш-іреніш
7.Жақсы көремін-жақсы гөремін. Ықпалдың қай түрі?
А) ілгерінді
В) ұйқасты
С) бунақты
Д) кейінді
Е) тоғыспалы
8.Дұрыс тыныс алу, дауыстың
құлаққа жағымдылығы, сөздің
А) буын
В) ұйқас
С) бунақ екпіні
Д) сөйлеу техникасы
Е) дауыс ырғағы
9. Сөз ішінде бір дауысты
дыбысты созып, созылыңқырап
А) буын үндесуі
В) эмфизалық екпін
С) бунақ екпіні
Д) шумақтап айту
Е) тіркес екпіні
10. Ұйқастарды сәйкестендір:
А) қара өлең ұйқасы а,б,а,б
В) шұбыртпалы ұйқас а,а,б,а,
С) шалыс ұйқас
Д) кезекті ұйқас
Е) егіз ұйқас
Құны 5 ұпайлық 1 тапсырма
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің әр түрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп оқи білуінің маңызы неде?
(Негізгі оқулықтар бойынша
зерттеушілер пікірлерін
Шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1. Бүгінгі күн, ауа райына сипаттама жасау
2. Бүгінгі сабақ, өтілу барысы жайында
3. «Жас ару – Мәншүк аты ел есінде»
4. «Жаса, жайна, Қызылордам!»
15- сабақ. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу.
ӘР ТҮРЛІ ЖАНРДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚУ
Бастауыш сыныптың
«Ана тілі» оқулығында
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасында көркем туындылардың үзінділері көптеп қамтылған. Ол заңды да. Мектеп оқушыларын заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеуде көркем сөздің атқарар рөлі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуандырады, жирентеді. Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл ұшына оралып, мақал-мәтелді жаттап алады. Бас аяғы жинақы, жеңіл де ойнақы шумақтарды сабақ үстінде-ақ жаттап алады. Сол арқылы эстетикалық ләззат алып, өз бетімен тағы да оқығысы келеді де, баланың кітап құмарлығы басталады.
Сол үшін
де арнаулы оқу орнында
Информация о работе Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар