Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:58, отчет по практике
Өндірістік тәжірибе білікті мамандарды дайындау барысында ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Өндірістік тәжірибе «МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнында 10.06.2013-13.07.2013 жылы аралығында өтілді. Өндірістік тәжірибені өту мақсатында мынадай міндеттер орындалды: мекемедегі ішкі ережені сақтау, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарау, уақытында және толық көлемде тәжірибені өтудің календарлық жоспарын орындау, жұмыс істеу облысының ортасымен және мекеменің тапсырмаларымен, мекеменің ұйымдастыру құрылымымен, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен, жұмыс істеу орнының қауіпсіздігімен танысу, бекітілген формада күнделікті жүргізу.
Кіріспе……………………………………………………3
Негізгі бөлім …………………………………………………4
«МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» туралы 4
«МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының негізгі қызметі мен мақсаты…………………..4
«МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының қрылымы…............................4
«МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнының құрылымы.......5
Практика барысында тапсырмаларды орындау жоспары………........7
Практика барысында орындалған тапсырмалардың сипаттамасы.......8
Оқытылған материалдар.................................................................8
Жеке тапсырманы орындау..............................................................8
Kerio Control технологиясының теориялық негізі........................8
Kerio Control технологиясын орнату және жұмыс істеуқағидасы............................................................................................9
Компьютерде usb-порттарға шектеу қою......................................16
Қорытынды......................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................25
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ
(«МКК
Қалалық жылжымайтын мүлік»
Орындаған:
АЖ-31 тобының
3 курс студенті
Ахментеева У.А.
Университеттегі практика
жетекшісі тексерді:
«___»__________2013
______________ доц. Сагнаева С.К.
Астана – 2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………… |
3 |
|
4 |
|
4 |
|
4 |
|
4 |
|
5 |
|
7 |
|
8 |
|
8 |
|
8 |
|
8 |
|
9 |
|
16 |
Қорытынды..................... |
24 |
Пайдаланылған әдебиеттер.................... |
25 |
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе білікті мамандарды дайындау барысында ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Өндірістік тәжірибе «МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнында 10.06.2013-13.07.2013 жылы аралығында өтілді. Өндірістік тәжірибені өту мақсатында мынадай міндеттер орындалды: мекемедегі ішкі ережені сақтау, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарау, уақытында және толық көлемде тәжірибені өтудің календарлық жоспарын орындау, жұмыс істеу облысының ортасымен және мекеменің тапсырмаларымен, мекеменің ұйымдастыру құрылымымен, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен, жұмыс істеу орнының қауіпсіздігімен танысу, бекітілген формада күнделікті жүргізу.
Тәжірибе барысында
Өндірістік практика туралы есеп беруде мен жұмыс орным , жұмыс істеген жүйе мен бағдарламалар, маған жүктелген міндеттер туралы толық мәлімет берілді.
Осы оқу жылындағы өндірістік тәжірибе барысында үйренген білімімді толық жеткізуге , тәжірибе туралы толық есеп беруге барынша еңбек еттім.
«Астана қаласы бойынша тұрғын үйлерді басқару» мемелекеттік мекемесі құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Астана қаласы әкімшілігінің 2005 жылы 20 желтоқсан № 3-1-1095 жарлығы бойынша құрылған.
Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап заңды тұлға болып есептеледі, өзіндік балансы, есеп айырысу және басқа да шоттары, өз атауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мөрі бар.
Мекеме өз қызметін атқару барысында Конституцияға, ҚР – ның Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мекемелер туралы» ҚР – ның заңына және ҚР – ның басқа да нормативтік – құқықтық актілері мен ағымдағы жарлыққа бағынады.
Мекемені мемлекеттік басқару органы «Астана қаласы бойынша тұрғын үйлерді басқару» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Мекеменің толық атауы: «Астана қаласы бойынша тұрғын үйлерді басқару» мемелекеттік мекемесі құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Мекеменің қысқартылған атауы: МКК «Қалалық жылжымайтын мүлік».
Мекеменің директоры: Шекенов Мирас Ергалиевич.
Мекеменің негізгі қызметі мен мақсаты тұрғын үй шаруашылығы аймағындағы өндірістік – шаруашылық қызметін іске асыру болып табылады.
Аталған
қызметтер мен мақсаттарға
- үйлер мен тұрғын үй аумағына қызмет көрсету;
- кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық жалға беру тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үй қорын қолдану ақысын алу және жалға пәтерлер ұсыну;
- өндірістік және тұрғын үйлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары;
- жылжымайтын мүлік объектілерін оптимальды қолдану программаларын жүзеге асыруда қатысу және оларды жасау;
- тұрғын және тұрғын емес құрылыстарды бұзу қызметін көрсету;
-бұзылатын үйлердің түрғындарын көшіруге байланысты келісім шартқа отыру;
- жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді бағалау;
- жылжымайтын мүліктің тұрғын және тұрғын емес объектілерін жөндеу жұмыстарына, құрылыс объектілеріне тапсырыс берушінің техникалық бақылауын ұйымдастыру;
- ақылы заңды және консалтинг қызметін көрсету;
- орнатылған формадағы пәтерлік карталар бойынша азаматтардың мекен – жайы туралы заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету;
- отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты жүзеге асыру.
Кәсіпорын
ҚР – ның қазіргі заңында
Заңды актілермен анықталатын қызметтердің жеке түрлерімен кәсіпорын лицензия негізінде айналыса алады.
Кәсіпорынның құрылымына 9 бөлім кіреді:
Жылжымайтын мүлік және инвестицияларды игеру бөлімі – бөлімнің қызметтері:
- мемлекеттік қажеттіліктер үшін алымға кететін жер учаскелерін зерттеу;
- алынатын жер учаскелерінің иелеріме жұмыс істеу, құжаттарды жинау және сақтау;
- көшіру және орнына тең жылжымайтын мүлік объектілерін, жер учаскелерін беру бойынша иелерімен жұмыс істеу.
Бағалау және техникалық инвентаризация бөлімі–бөлімнің қызметі:
-мемлекеттік қажеттілік үшін алынатын жылжымайтын мүлік объектілеріне баға беру және оны зерттеу;
-жылжымайтын мүлік объектлерін бағалау бойынша құжаттарды сақтау.
Тұрғын үйді жалға алу және жалға беру, жалға алуды бақылау бөлімі –бөлімнің негізгі мақсаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға алу және жалға беруді жүзеге асыру.
Экономика және қаржыны басқару бойынша:
Экономикалық бөлімі – бөлімнің қызметі:
- кәсіпорынның қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғындармен жалға алу келісімшартын міндетті түрде құруын тексеру;
- кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін есеп айырысу және төлемдерді түсіру калькуляцияларды дайындау;
Құқықтық-ұйымдастыру басқармасы:
- Мемлекеттік сатып алу бөлімі–мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;
- Әкімшілік – құқықтық қамтамасыздандыру бөлімі–келесі қызметтерді атқарады:
- кәсіпорынның заңды көзқарастары мен құқықтарын қорғау;
- құқықтық актілер, азаматтық-құқықтық келісім проектілерінің құқықтық талдауы;
-заңды және жеке тұлғалардың өтініш, арыз – шағымдарын өзінің құзырының шегінде қарастыру.
- келісімшарттарды қарастыру.
Өндірістік басқару:
-Шаруашылық бөлімі –бөлімнің мақсаты келесі бағыттағы қызметтерді орындау болып табылады:
-мекемені материалды-техникалық қамтамасыздандыру;
-мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы ғимараттарды қамтамасыздандыру;
-Құрылыс бөлімі –бөлімнің қызметі:
-жобалық-сметалық құжаттарды құрастыру;
-қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын бақылау;
-құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу уақытын бақылау.
1. Кәсіпорынмен танысу. Техникалық қауіпсіздіктен өту.
2. Kerio Control технологиясының теоретикалық негізімен танысу
3. Kerio Control технологиясының басты болмысын оқып тану.
4. Kerio Control технологиясын орнатып, нәтижесін көрсету, usb-порттарға шектеу қою жолын көрсету.
3. Практика барысында орындалған тапсырмалардың сипаттамасы
3.1. Оқытылған материалдар
Мекемедегі компьютерлер жүйесімен таныстым. Кәсіпорын үшін қажет программаларды орнату және компьютерлерге профилактикалық жұмыстармен айналыстым. Kerio Control технологиясын үйреніп, орнаттым. Ақпараттың таралмауын қамтамасыз ету мақсатында usb-порттарға шектеу қоюға ат салыстым.
3.2.Жеке тапсырманы орындау
3.2.1. Kerio Control технологиясының теориялық негізі
Kerio Control — бұл Kerio Technologies және Tiny Software компанияларымен құрастырылғанпрограммалық желіаралық экран. Программаның негізгі қызметі: интернетте қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз етеді, трафикті және қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдеу.
Желіаралық экран немесе желілік экран— қойылған ережелер бойынша өтетін желілік пакеттерді бақылауды және фильтрдеуді жүзеге асыратын аппараттық немесе программалық құралдардың кешені.
1– сурет Kerio Control – ға кіру терезесі
2– сурет Kerio Control программасының негізгі терезесі
3.2.2. Kerio Control технологиясын орнату және жұмыс істеу қағидасы
KerioWebFilter
KerioWebFilter– қауіпті ақпарат бар, сонымен қатар вирус, тыншы – программалар, трояндар, жеке мәліметтерді ұрлауға қатысатын веб-парақшалары бар сайттарға кіруге рұқсат бермейді.
KerioWebFilterқұрамы бойынша вебсайттарды 141 түрлі категорияларға бөлетін KerioControl-дің модулі болып табылады. Жүйелік администраторлар қандай да бір категориялар бойынша қолданушыларға шектеу қоя алады.
KerioControlWebFilter
Антивирустар әдетте тек атақты вирустарды шектейді. Kerio Control Web Filter антивирустық сканерге қосымша болып келеді – ол қауіпті вирустары бар сайттарға шектеу қойып, сайттың ашылуына кедергі келтіреді..
Kerio Control Web Filter арқылы келесідей негізде шектеу қоя алады:
KerioControlWebFilter арқылы шектеу қойылатын категориялар:
Информация о работе «МКК Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорынында