Мен неликтен мугалим мамандыкты тандадым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 07:29, творческая работа

Краткое описание

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе!? Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Менің болашақ мамандығым ЭССЕ.docx

— 19.38 Кб (Скачать документ)

Мен неліктен мұғалім мамандықты таңдадым

 
«Сапалы білім беру Қазақстанның

индустрияландыруының  және

инновациялық дамуының негізіне

айналуы тиіс»

(ҚР Президентінің 2011 жылғы

Қазақстан халқына Жолдауынан)

 

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе!? Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.  Сонымен бірге, әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – педагог дер едім. Педагог баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын жастар болмайды. Күні бүгін университеті бітіріп, жан-жаққа тарап еңбекке араластық. Сол кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Мені де бітіруші түлек ретінде осы сұрақ қатты мазалайды. Менің таңдаған мамандығым – кәсіптік білім беру. Бұл мамандықтың ерекшелігі, қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, ауылшаруашылығы дамыған, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге өз үлесімді қосу. Педагогтардың басты мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, әрбір білім алушы бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз педагогы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Педагогтың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір білім алушыға асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі білім алушыға өнеге.  
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогикалық шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді бір ұстаз. Біздер, педагогтар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, педагог мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты педагогқа тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

- Қызметке бейімділігі 

- Кәсіптік білімі мен біліктілігі

- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

- Ұйымдастырушылық қабілет 

- Заманға сай жаңашылдық 

Осындай даралық қасиеттер педагогикалық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Педагог өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы білім алушының елінің сүйікті азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Сол себепті, сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыстанайық дегім келеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«И.В Сахаров атындағы машина пайдалану және кәсіптік оқыту» кафедрасы

 

 

 

ЭССЕ

Тақырыбы:  Мен неліктен мұғалім мамандықты таңдадым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Орындаған: Олжабаева М.

                          Тексерген: Түменбаева Г.

 

 

                                                     2014 жыл


Информация о работе Мен неликтен мугалим мамандыкты тандадым