Кіріспе
Тәрбие
– халықтың ғасырлар бойы жинақтап,
іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым
– қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген
көзқарасын және соған сай мінез – құлқын
қалыптастыру.
Тәрбиенің
негізгі мақсаты – дені сау,
ұлттық сана – сезімі оянған,
рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
ар–ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Қай заманда да болашақсыз
қоғам жоқ. Сол қоғамды одан әрі
дамытып, жетілдіретін – ұрпақ. Ал осыған
лайықты ұрпақты тәрбиелеу ата – ананың,
мұғалімнің және сіз бен біздің борышымыз.
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл
мұраты.
Уақыт талабының күннен
күнге күшейе түсуі және қоғам
өміріндегі өзгерістер оқу – тәрбиеге
жаңаша көзқараспен қарауды талап етіп
отыр. Өйткені, бала – біздің болашағымыз,
ұлт болашағы. Сондықтан, бала тәрбиесіне
көп көңіл бөлуіміз қажет.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңы мектеп
оқушыларының бойында адамгершілік
және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға,
азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық
қабілетін дамытуға жұмылдырылады.
Осы міндеттерді шешудің
жауапкершілігі, мектеп оқушыларының
тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға
және сынып жетекшілеріне жүктеледі.
Олардың біліктілігі балалар әлемін терең
түсінуге негізделген педагогикалық
білім екендігі даусыз.
Тәрбиеші – педагог
өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші
объект – тәрбиелік және дамытушылық
маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы
міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған
жерде тәрбиеде болмайды.
Мектептің тәрбие жұмысын
жоспарлағанда өткен оқу жылындағы
жұмысты талдау, мақсатымен тәрбиелік
міндетін айқындауды есте ұстау керек.
Әдетте, тәрбие жоспары туралы көп сұрақтар
қойылады. Жоспардың түрлері өте көп, бірақ
оның өзіңе қолайлысын таңдаған дұрыс.
Белгіленген мақсатқа сәйкес
тәрбие жоспары жасалады, онда оқушылардың
жас ерекшіліктері, тәрбиелік дәрежесі,
қызығушылығы ескерілуі тиіс. Жоспарлауда
жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына
сәйкестігі, өмірмен тығыз байланыстылығы
жоспардың жан – жақтылығы, тәрбиенің
барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті
тұрғыдан) тәрбие жұмысының формалары
оқушылардың жасына, ұжым ерекшеліктеріне,
тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі, жоспардың
нақтылығы ескерілу қажет.
Мектептің тәрбие жұмысын
нақты жоспарласа және дұрыс ұйымдастырса,
онда ол мектептегі әрекеттердің
сапасы мен тиімділігін арттырады.
Негізгі бөлім
Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау
Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей,
жоспарға әкімшілік талаптармен ғана
қарау, жоспарлау үрдісінде өкінішке
орай, жоспардың құрылуы мен жазылуын
шектейді. Мұндай жағдайда, жоспар формальді
түрде болып, әрекетке бағыт бере алмайды.
Нәтиженің қол жеткен тиімділігі
және әрекеттен кез келген табысы әрекеттің
қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты
болады Жалпы алғанда жоспар әрекеттін
мазмұнды көрсетушісі, оның ретін, көлемін,
уақытша шекарасын аныктаушы құжат.
Ол төмендегідей кызмет аткарады:
- Нақты бағыттар мен
әрекет түрлеріне бағыт беруші, анықтаушы;
- Болжаушылық, яғни жанама
іс – қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы
нәтиже көрсетеді;
- Үйлестіруші, ұйымдастырушы,
яғни әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығын,
онын объектісі және субъектісі кім болатынын,
әрекеттерін көрсететін, оның басқа түрлерінін
өзара қатынасын, сол сияқты әрекетін
көрсетеді, олардың орнын, уақытын кім,
қашан, қайда орындайтынын анықтайды;
- бақылаушылық, қойылған
мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
- қалпына келтірушілік,
яғни кез келген уакыт аралығында жоспар
бойынша істелген жұмыс мазмұнын және
көлемін қайта қалпына келтіру;
Барлық жағдайда жоспарға
әкімшілік үшін емес, педагогтың өзіне
қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты
ретсіз жүргізбей, педагогикалык үрдісте
өз ойлары мен мақсаттары, мүмкіндіктері
мен талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.
Жоспар егер талапқа сай
жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге
көмек болады.
Тәрбие жұмысын
жасауда қойылатын талаптар:
- Жоспардың мақсаттылығы, яғни жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады;
- Жоспар баланың қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерденленеді;
- Жоспар – педагогтың, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі;
- Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді;
- Жоспардың кешенді түрінің бағыты, жұмыстың әртүрлі мазмұны мен түрі балалардың қызығушылығы мен қабілетінің дамуына бағытталған, оқушылардың әрекеттің әртүріне қатыстырылуы, оқушылардың сана – сезіміне, тәртібіне тұтастай ықпал ету;
- Жоспар оқушылардың жоспарланған жұмыста әрекеттің әртүрлі түрлерін, әдіс – тәсілдерін, өз бағыттарын таңдауға жағдай тудыруды қарастырады;
- Әрекеттің мазмұны мен түрінің қолайлылығы,өткен тәжірибенің есебі, жұмыстың келешегінің көрінуі;
- Жоспардың нақтылығы мен мақсатқа сәйкестігі, жоспарланған жұмыстың негізділігі, оқушылар мен педагогикалық ұжымның ерекшеліктерінің есебі, олардың даму деңгейі, қалыптасқан дәстүрлері.
Жоспарлау кезеңдері.
- Педагогтармен бірге жоспардың жобасын құру;
- Ұжымдық жоспарлау (ресми мақұлданған, түзетілген, педагогтардың іс-қимылдарын тексеру,ұсыныстар жиынтығы,оқушы мен ата-аналар ойы);
- Жоспар жобасына педагогтардың ұжымдық жоспардау нәтижесі есебінде жасалған түзетулерін енгізу;
- Тәрбие жұмысының жоспарын түпкілікті ресімдеу.
Тәрбие жұмысын
жоспарлауда мыналарды білу қажет:
- Талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын білу;
- Тәрбиелік және ұйымдастырушы – педагогикалық міндеттерді білу;
- Тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын білу;
- Елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін білу;
- Ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;
- Кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуаты;
- Оқу жылының дәстүрлі мерекелерін;
- Ел,қала, село өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
- Ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
- Мектептің дәстүрін;
- Педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың ұсыныстары.
Жоспардың түрлері мен құрылымы.
Мазмұнының ауқымдылығы
бойынша:
- Кешенді жоспар: оның барлық бағыттары мен түрлерінде әрекеттері жоспарланады (тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары);
- Тақырыптық жоспар: бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады (ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар жоспары);
- Пәндік (нақты) жоспар:бір нақты іс жоспарланады (конференцияның жоспары, сынып сағатын дайындау және өткізу жоспары).
Жоспарлау кезеңінің
ұзақтығына байланысты:
- ұзақ мерзімді: ұзақ мерзімге арналған жоспар (бір жыл, одан да ұзақ);
- кезеңді (мерзімді) жоспар: бұл орташа мерзімді жоспар (тоқсандық немесе жартыжылдық);
- қысқа мерзімді: жақын кездегі жоспар;
- оралымды: жақын арадағы нақты әрекеттер жоспары;
- күнделікті жоспар.
Субъектіге байланысты
жоспарлау:
- жекедаралық: бір адам жоспарлайды;
- ұжымдық: үлкен ұжым жоспарлауға болады, немесе ұжымның жартысы, не топ жоспарлайды.
Тәжірибе көрсеткендей,
оқушылар ұжымында тәрбие жұмыстарының
мынандай жоспарлары құрастырылады:
- Оқушылар ұжымының тоқсанға немесе айға, не жартыжылдыққа арналған тәрбие жұмыстарының күнтізбелік жоспары;
- келешекті жоспар; мектеп жұмысының жылдық жоспарының бөлімі «Оқушылар ұжымымен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар» (негізгі құжат, яғни барлық оқушылар ұйымының, атап айтқанда: үйірмелер, секциялар, клубтар, қоғам кеңестер басшылық етуі);
- оқушыларды тәрбиелеу жөніндегі сұрақтарына байланысты мұғалімдермен әдістемелік жұмыс жоспары;
- тәрбие жұмысының қорытындысын және ұйымдастыруды бақылау жоспары;
- клубтың, штабтың, кеңестердің, мұражайдың және басқа мектеп бірлестігінің жоспарлары;
- дайындық жоспары және жалпы мектеп ісін өткізу жоспары; сынып ұжымында барлығы құралып отырады. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары (тоқсанда, жартыжылдықта, жылына), оқушылар ұжымының жоспары.
Мектептегі
тәрбие жұмысының ұйымдастыруын
жоспарлау
Педагогтың кез келген
жоспарының жалпы алгоритімін келесі
бейнелерден көруге болады:
- Жоспарлаудың пәнін (барлық іс-әрекетін, қандайда бір бағытын, нақты ісін) анықтау;
- Мезгілдік кезеңді анықтау (жыл, тоқсан, айы);
- Жоспарлау пәнінің құрылымы (іс- әрекетін түрлерін немесе бағытын бөлу, тақырыптың блокты және мағыналығын қарау, сонымен қатар белгілі бір бейнені жоспарлау, оның ішінен керектісін және шынайысын таңдап алу);
- Жағдайына қарай нәтижені талдау;
- Жинақталған тәжірибе нәтижесін талдау;
- Мақсаттың толықтырылуын (не үшін, немен жұмыс істеу, қортындыны не істеу керектігін еске алу);
- Ұжымдық жоспарлау барлық тапсырмалар, кім осы жұмысты жоспарлауға қатысады;
- Алдына қойған мақсатына жету, міндеттерді шешу, нәтиженің бағасын талдау;
- Оқиғаны уақытына қарай кезеңге бөлу. Оқиға мен істің тізілуін күйіне, кезеңіне, бөліміне қарай бөлінеді, сол уақыттың кезеңіне қарай жоспарланады.
Қорытынды
Адамзат ХХІ ғасырға аяқ
басты. Алдағы небір керемет жетістіктер
қандай болмасын адамзатты алаңдататын
проблемалар – барлығы адам проблемасымен
ұштасады. Олай болмауы да мүмкін емес,
себебі ХХІ ғасыр адам ғасыры
болмақ. Сондықтан да еліміздің
болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен
“бесігімізді түзеуіміз” қажет. Ол үшін
тәрбиеші өзі тәрбиелі болуымен қатар,
тәрбиенің барлық қыр-сырын меңгеруі
керек. Оның мектептің тәрбие жұмысын
жоспарлау мен ұйымдастыруда жүргізетін
жұмыстары, тәрбие жоспарларының түрлері,
әкімшілік, ұйымдастырушылық жұмыстары
дұрыс тәрбие беруге бағытталуы тиіс.
Осы проблема – соңғы онжылдықта бүкіл
Қазақстан көлемінде өзінің шешімін ерекше
жолдармен табуда.
Тәрбие жүйесін жаңа сапалы
деңгейге көтеру үшін мыналар қажет:
- Тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері оқушылардың нақты тәрбиелік деңгейлерінің талдауына негізделген болу керек;
- Оқушылардың әртүрлі шығармашылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау;
- Тәрбие жұмысын жүйелілік-кешенділік тұрғыдан жоспарлау;
- Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдаланатын әдістер мен тәрбие түрлерінің әсерлілігі мен өтімділігі;
- Ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе негізінде ұстаздардың педагогикалық білімдері мен дағдыларының үздіксіз жетілуі;
- Көпшілікке арналған тәрбие шараларының мазмұндылығы мен көкейкестілігі, оларды дайындап өткізу барысында оқушылардың жоғары деңгейдегі белсенділігі;
- Оқушылар ұжымының өмірін педагогикалық мақсатқа сәйкес ұйымдастыру;
- Оқушыларды жоспарлау үрдісіне қатыстыру;
- Мектептің тәрбие жұмысын жүйелі түрде жоспарлау және дұрыс ұйымдастыру тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.