Мектептегі дамыту жоспары: өзектілігі мен қисындылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 20:56, автореферат

Краткое описание

«Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі» деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы - жас буынды заманына лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды боп отырған уақытта бізге, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екеніне таласымыз жоқ. Қоғамның дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі мақсаты - жан -жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой - тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл жөнінде : «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Елдің болашағы, көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ХХІ ғасырда нені оқыту керектігі, ұстаздарымыздың оларды қалай дайындайтындығы, сондай-ақ оқушы бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу қажеттігі туындайды. Бұл жерде қолданылатын заманауи әдіс - тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың жаңа білімді жай ғана иеленіп қоймай, ол білімді қажетті жерде қолдана білуге үйрету басты мәселе болып табылады. ХХІ ғасырдағы бізден, мұғалімдер қауымынан, сұралатын дағдылардың өзі де осы болмақ. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.