Мектеп жасына дейінгі баланың дүние тану арқылы тілін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 11:41, статья

Краткое описание

В данной статье автор доказывает, что речь - ведущий процесс психического развития ребенка. Эмоциональность ребенка, его потребности, интересы, темперамент, характер - весь психический склад личности выявляются в речи. С процессом развития речи у детей раннего возраста связан процесс возникновения и формирования у них мышления.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ.docx

— 44.32 Кб (Скачать документ)

 

Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

 

 

Халықтық тәрбие тағылымындағы  асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» — деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

 

Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде  жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты  серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

 

Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.

 

 

 

І-кішкентайлар тобы

 

Бұл топтағы балаларда  айналардағы түрлі заттар туралы алғашқы қарапайым және жалпылама  түсінік қалыптасады, сондықтанда  олар табиғат дегенде жыл мезгілдерін, көктемнің шыққанын, жаздың болғанын немесе қар түсіп қыстың басталғанын тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады.

 

Серуен кезінде гүлзарлардағы  гүлдерді жұлмай қайта оған қамқор болып жүруге үйрету, өсімдіктерді дұрыс атай білуге, көкөніс пен жеміс-жидектерді бір-бірінен түсіне, дәміне қарай ажыратып, оларды атай білуге үйрету. Құстарды, олардың қимыл әрекеттерін оны күтіп бақылап қарауға бейімдеу.

 

 

 

ІІ-кішкентайлар тобы

 

Ал, екінші кішкентайлар тобының балалары айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы-жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Бұл топта балалардың білуге деген құмарлығының шапшаң дамуына байланысты неге? неліктен? Деген сұрақтарға жауап іздеп отырады. Сондай-ақ қоршаған табиғаттың эстетикалық қасиеттерін таныстыру үлкен орын алады. Айналадағы өмірде жиі кездесетін құбылыстар жайында түсінік қалыптастыру. Жануарларға, өсімдіктерге деген ұқыпты қарым-қатынаспен оларды күтіп баптауға, қамқор болуға әсемдікті түсінуге табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, ауа-райын бақылатып, күн мен түнді айыра білуге үйрету.

 

Судың, қардың, саз балшықтың  қасиеттеріне тоқталу, атай білуге үйрету. Қар /ақ, суық, ұстасаң еріп кетеді, су- суық, жылы болады, мұз-қатты, тайғанақ, кепкен балшық қатты ол дымқыл болғанда илеуге болады т.б./

 

Өсімдіктердің түріне, түсіне, үлкен, кішілігіне негізгі ерекшеліктеріне қарай ажырата білуді, бөлме өсімдігі, қатты күтім қажет етпейтін қазоты (герань), үнемі гүлдеп тұратын бегонияны бір-бірінен ажырата біледі. Бегония –сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік.

 

Естиярлар тобы

 

Бұл топта балалардың сөздік қоры молайып, айналадағы түрлі құбылыстарды сөзбен жеткізуге әрекет жасайды, табиғат  туралы түсініктері одан әрі дамиды. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай- ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға табиғаттың әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктермен жануарларға қмқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Мысалы: гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасынад өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау т.б.

 

Табиғаттағы мерзімді құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.

 

Ересектер тобы

 

Бұл топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы балаларда табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару.

 

Мектепке даярлық тобы

 

Бұл топта балалардың қоғамдық өмір құбылыстары туралы ұғымын, білімін кеңейту, оқытудың ең қарапайым дағдыларын қалыптастыру, табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыдан түсіндіру көзделеді. Балаларды жанды-жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып, олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады. Табиғатқа деген белсенді сүйіспеншілігін өз алдындағы және табиғат бұрышындағы өсімдіктермен хайуанаттарға қамқоршы бола білуі.

 

Табиғатты қорғаудың қалай  жүзеге асырылатыны мен ағашты бей-берекет  кесуге жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы, көктемде және жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы, жабайы аңдарды, бұландарды қыста қосымша азықтандыру, бөгеттерді тазалау т.б. жұмыс түрлерімен таныстыру. Ауа –райы және жануарлармен өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылау жүргізіп, табиғат календарына тиісті суреттеме жасалуы тиіс. Табиғат құбылысы мен адамдардың еңбектерінің арасындағы байланыстары туралы балалардың білімдерін жүйеге келтіру және тереңдету.

 

Табиғат және халық даналығы

 

Қазақ халқының халық педагогикасындағы  асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті. Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор, асыл мұраларына көңіл бөлу ерекше қажет, табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырындағы ойлы пікірлер экологиялық тәрбие беруде және балалардың экологиялық мәденитін қалыптастыруда өте құнды құрал. Мысалы: «жері байдың елі бай», «күте білсең жер жомарт», «жер- байлықтың көзі», «жер тіршіліктің бесігі», «бір ағаш кессең он ағаш отырғыз», «атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «жердің сәні — егін,елдің сәні-білім», «дана көптен шығады, дәрі-шөптен шығады» т.б. деген сөздер бала санасына жас кезінен сіңіп өседі.

 

Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда эколгиялық ортаның алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие баланың бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.

Ойыншық аналогтармен ойындық  оқыту жағдайлары

 

1)      Балықтар  тірі және ойыншық: сыртқы түрінің салыстырылуы  ООЖ сәбилер және  естияр топтарында  қолданылуына болады.

 

    Дидактикалық мақсат:балаларға балықтық құрылысы,оның денесінің  негізгі бөлшектері туралы  түсінігін қалыптастыру.

 

 Балалар балықтарды  акварюмнан бақылайды,тәрбиеші сұрақ қояды: балықтың денесі қандай? Басы қайда? Құйрығы қайда?Ол қандай? Балықтың басында  не бар? Олардың арқасы қайда, ал қарны қайда? Балықта не бар?

 

  Тәрбиеші барлық балаларға ойыншық балықтарды таратады, оларды барлық жағынан қарап шығуларына  ұсыныс жасайды. Кезек бойынша барлық  дене бөлшектерін  айналдырып көрсету.Тәрбиеші нақтылайды:Басы алдында құйрығы артында, жүзгіштер арқасында ,құйрығында, қарнында. Арқасы үстінде қарны астында .Басында ауыз көз желбезек қақпақтары бар: ойыншық балықтар мен акварюмдағы балықтардың айырмашылығы неде екендігін сұрайды.Балаларға өздерінше балықтармен ойнауды ұсынады.

 

2. «Ойыншық және тірі балықтардың қимылдарын салыстыру» ойыншық аналог жағдайлары сәбилер, ересек топтарына арналған.

 

Мақсаты: Балалармен негізгі  айырмашылықтарын табу:Тірі балықтар суда өмір сүреді,өздері жүзеді және тамақтанады; Ойыншық балықтар өмір сүрмейді,олар сөреде немесе шкафта тұрады, өз еркімен суда жүзалмайды.

 

 «Тірі және ойыншық балықтардың қарым-қатынас тәсілдерін анықтау»Ойыншықты қолға алуға болады, олармен әр түрлі ойнауға (өтірік тамақтандыруға, ұйықтатуға, олар үшін сөйлеуге) ал тірі балықты судан шығаруға болмайды-себебі олар өліп қалады. Оларды тамақтандыру қажет, олар үшін акварюмда  тазалау қажет, олардың артынан бақылауға болады. Тәрбиеші  акварюмдағы балықтардын артынан бақылауды өтінеді, және өзі сұрақ қояды, олар қайда өмір сүреді (суда акварюмда) Тәрбиеші балалар мен акварюмдағы балықтарды  бақылауда,  тәрбиеші  балықтардың не істеп жатқандарын айтып беруін сұрайды?

 

 Сұрақтар қояды: ойыншық  балықтар суда жүзе ала ма?(Ыдысқа су құйып,оған ойыншық балықтарды салады да акварюмдағы балықпен ойыншық балықты салыстырып бақылайды) не себепті ойыншық балықтар жүзе алмайды?Тәрбиеші балалармен  бірге акварюмдағы балықтарды тамақтандырады, олардың қалай тамақтанып жатқанын бақылайды, балалрғада тамақ берулерін ұсынады, педагог нақтылайды: ойыншық балықтар олар тамақ жемейді, олар-тірі емес, олармен ойнауға болады. Ал акварюмдағы балықтар мен  ойнауға болмайды оларға қарауға болады, оларға тамақ шашып беруге болады, бірақ судан шығармау керек, акварюмдағы суын ауыстырып отыру керек себебі олар тірі жануарлар-өліп қалулары ықтимал.

 

3.      «Тірі және завоттық балықтарды салыстыру»-оож даярлық топтарына арналған

 

Мақсаты: Балалар мен тірі балықтар туралы  мағлұмат беру, олар жануарлар, тірі ағзалар екендігін нақтылау, түсіндіру.

 

 Олар тамақтануға, ауаға  мұқтаж суда өмір сүруге бейімделген- тегіс, сүйір, денесі созылған, чешуямен қапталған; Басы алдында үшкірленген, мойыны жоқ денесінде жүзгіштер көп,жүзгіштер оларға суда қозғалып жүзуге көмектеседі, балықтар желбезектері арқылы суда бар ауамен дем алады.Олар малюск туу немесе  уылдырық жинау арқылы көбейеді. Балықтар сезе көре ести алады,Балықтар өздерін әр түрлі ұстайды тамақ іздейді, тез немесе ақырын жүзеді, тығылады дем алады, кейде төбелеседі. Тәрбиеші басында аквариумдағы балықтарды және ыдыстағы ойыншық балықтарды жүздіруге ұсынады. Балықтарды салыстыруларын сұрайды: бірінші олардың айырмашылық тарын, сосын ұқсастықтарын айтуларын сұрайды. Әр дұрыс айтылған жауапқа фишкалар беріледі.Балалар білім алып біткенсоң тәрбиеші қорытындылайды. Жәнеде осы тірі балықтармен ойыншық балықтардың ұқсастықтарын айтып салыстыра отырып 5-жолды өлең шығаруға болады, жаңылпаштар ойтып шығаруға да болады мысалы

 

  көк балық қызыл балық

 

 жүзді міне ақ балық

 

 алтын балық ,жай балық

 

 қайда кетті ақ балық .

 

 

 

 суда жүзіп келеді

 

 қараңдаршы көп балық

 

 ақ балық-көк балық

 

 қайда кетті көп балық

 

 

 

 өлі емес тірі

 

 ақ емес сұры

 

 алтын емес жай балық

 

 

 

 Ұқсастық  табу барысынан  кейін тәрбиеші нақтылайды: Тірі  және завоттық балықтардың түрлері  ғана ұқсас( формасы, құрылымы  және жүзі ғана ұқсайды)қортындылай  келе балаларда фишка мүлдем  қалмауы керек (мысалы қызыл  ол ұқсайды, көк ұқсамайды көтереді.)


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі баланың дүние тану арқылы тілін дамыту