Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 18:39, доклад
21-ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мен тәрбие сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие мен білім сапасын аттырудағы технологиялар
21-ғасыр
– ғылым мен білім ғасыры. Сондықтан жас
ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру
жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”
еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол
секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар
мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және
оқытумен қамтылады деп көрсетті. Мектепке
дейінгі ұйымдарда білім мен тәрбие сапасын
арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы
және негізгі жағдайларды жақсарту басты
міндет болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда
білім сапасын арттыру аса маңызды болғандықтан,
жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту
басты міндет болып табылады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда
инновациялық технологияны ендіруге көптеп
күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі
ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті:
әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық
технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке
тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін
ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі
білім беру орындарында, педагогикалық
технологиялар мектепке дейінгі білім
беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды
жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде
ересектер мен балалардың қарым-қатынасы
болып табылады. Педагогикалық технологиялар
келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет:
құрылымға; технологиялық критерилерге;
тұжырымдылыққа; жүйелілікке; басқарушылыққа;
нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша
оңтайлы, өндірушілікке. Педагогикалық
технологияның міндеттеріне мыналар жатады:
Балаға ізгілік тұрғысынан
қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру
және дамыту;
Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін
меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық
икемділігін дамыту;
Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Балалармен
жұмыстың негізі педагогикалық ізденіс
болып табылады. Тәрбиеші дайын білімді
беріп, шынайлықты бірден аша салмай, ізденуге
баулу керек. Егер бала сұрақ қойса бірден
дайын жауап бере салмай, өзінің бұл туралы
не ойлайтынын сұрау қажет. Балалар
әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың,
құбылыстардың сырын білуге құмартады.
Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар
туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден
күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай
ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен
шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды.
Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын
жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі
сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте
сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл
баланы дүниені тануына кері әсер етуі
әбден мүмкін.
Мен өзім даярлық топқа сабақ
бергендіктен, «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы»
технологиясын қолданудың маңыздылығы
зор, сонымен қатар Зайцев әдістемелерін кеңінен
пайдаланамын. Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі
ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені
осы кезеңде баланың бойындағы табиғи
бар дарындылықты жан – жақты дами бастайды.
Сондықтан да осы шақтағы баламен анағұрлым
жан- жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі
жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі
болады.
ТРИЗ авторы Г.С.Альтшуллер.
Ол адам техникалық проблемаларды шешу
әдісін жасап шығарған. ТРИЗ технологиясын
ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау
қабілетін жетілдіреді. Кейбір психологтар
шығармашылықты былай деп бағалайды: ол
яғни,алғырлық, білімпаздық, жүйелілік,
тұп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды
шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін
жетілдіру, ереже қылу. Яғни адамның
өмірге деген көзқарасынан шығармашылық
туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді,
дамуды қабылдауына байланысты болады.
Баланың шығармашылық потенциалының тұлға
ретінде даму мәселесі ірі білім мақсатының
біріне жатады.
Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық
қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы
қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен
педагогтың бірлескен шығармашылық саласын
және құрдастарымен араласуды қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар ТРИЗ – ақылдылардың,
құрастырушылардың, ізденушілердің символы,
яғни балалардың қаншалықты абстрактылы
ойлауын, қиялдауымен бақылағыштығын,
зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал,
бүгінгі күні мен осы ТРИЗ теориясы арқылы
мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін
дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн
көріп отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді
дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны
айқынды. ТРИЗ технологиясында 3 негізгі мақсат қарастырылған.
1. Ауызша
сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
Айналадағы дүниені табиғатты бақылау,
таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен
байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін
тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап
беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл,
жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр
түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.
Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,