Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:38, курсовая работа
Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту дейін.Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды
К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор .В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі .Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді.Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әралуандығылығы ретінде көрсетіледі. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
ҰБТ алдындағы қорқыныш
ҰБТ алдында балалардан бұрын олардың әке-шешелері қатты абыржиды.Себебі әрбір ата-ана өз баласына қорқынышты қалай жеңіп шығудың жолдарын іздестірумен мазасызданады.Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейі неден байқалады?
Кез келген емтихан алдында болатын көпке танымал қорқыныш көрсеткіштері - оқушылар ұйықтамайды, уайымдайды, олардың тәбеті болмайды, тізелері қалтырайды, бастары ауырады, тамыр соғуы жиілейді, жүйке жүйесі бұзылады, артерия қысымы көтеріледі.
Мұндай қорқыныштың себебі:
1. Шамадан тыс жүктеменің болуы.
2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді.
3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы.
4. Ауру салдарынан болған әлсіздік.
5. Дәрменсіздік сезімі.
6. Өз біліміне күмәндану.
7. Тестілеудің маңыздылығын
өте қатты қабылдау (көбінесе
бұл өз балаларынан аса көп
нәрсені күтетін әке-шешенің
8. ҰБТ-дан төмен балл
алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы
мамандық ала алмау деген
Емтиханға қалай дұрыс дайындалуға болады?
- Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал.
- Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс.
- Конспект дайындау керек.
- ҰБТ тапсырған аға-
- Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз.
- Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн.
- Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз.
- Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз.
- Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз
- ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз.
ҰБТ алдындағы қорқынышты әлі күнге дейін үлкен проблема десе де, болады.Балалардың психологиялық жағынан дұрыс дайындық алмағандарының әсерінен небір апаттар болып жатады.ҰБТ-дан оң нәтиже алу бірінші кезекте баланың моральдық дайындығына байланысты.
ҰБТ-ға дайындау жөнінде психо-педагогикалық қолдау
Мақсаты:
Бірыңғай ұлттық тесттілеуге дайындық кезінде стратегиялық және тактикалық тәртіптермен жұмыс істеу.
Оқушыларды өздеріне сенуге, өздерін қадағалауға, өз қабілеттерін дамыту өз қолдарында екенін үйрету.
Оқыту үрдісінде қатысушылардың қобалжу деңгейін түсірмеу, болдырмау
Міндеттері:
Түлектердің қобалжу деңгейін байқау
Тестілеу алдында түлектермен психологиялық бағытта жұмыс жүргізу, олардың қабілеттерін анықтау.
ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-аналармен, ұстаздармен, түлектермен жұмыс жүргізу .
Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ сынақтары
алдында ұсыныстар:
Сабақ үшін орын
дайындаңыз: үстелдің үстінен керегі
жоқ заттарды алып тастап, қажетті
керек жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді,
дәптерлерді, қаламсаптарды
Бөлменің ішіне күлгін немесе сары түстерді еңгізіңіз. Олар ойды белсендіреттіреді;
Ол үшін жай ғана суретің бейнесі де жарасады;
Сабақтың жоспарын құрастырыңыз. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі» әлде «бозторғайсыз» .Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағатарды көбірек пайдаланыңыз. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек?», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын», сияты нақты білу және анықтау керек;
Ең қиын немесе ең нашар білетін матералынан бастаңыз, бірақ егер сізге өте қиын болса, сізге жеңіл, қызықты көрінетін материалдан бастауға да болды; Сабақтауды оқу мен демалуды реттеңдер:
40 минут сабақ оқу, кейін10 минуттан соң демалу. Демалу кезінде ыдыс жуу, гүлге су құюға, суға түсуге немесе дене шынықтыруға болады;
Берілген пәндер бойынша көп тестерді шығарыңдар. Өйткені осындай жаттығулар сөздерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады.
Секундамерді қолыңда ұстап, жаттығындар. Тестерді қанша уақытта жасағандарыңды есептеңдер.
Емтиханға дайындалу кезінде өзіңіздің жақсы тапсырғаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз;
«Тапсырманы ешқашан орындай алмаймын» - деп ешқашан ойламаңыз;
Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес бір күнді қалдырыңыз.
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарна ҰБТ сынақтары алдында дайындау жөнінде ұсынылатын кеңесі
Балаларыңызды емтиғанда тиімді дайындалуда көмек көрсету үшінкелесі кеңеске назар аударыңыз:
* Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілудің нәтижесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшелігіне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
* Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
* Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
* Балаңызды емтиханға дайындалу әдістерімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлері нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс, ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
* Тестік тапсырмаларды орындаған кезде, балаңызға уақытты дұрыс бөлуге үйретіңіз; емтиханға барар алдында балаңыздың сағаты болған жөн;
* Балаңызды мадақтап өз-өзіне сенімділігін жоғарлатыңыз;
* Балаңыздың емтиханға дайындалуңыздың күн түзбесін бақылаңыздар, ауырлық түсірмеңдер;
* Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, сүт үнімдері т.б, ас мидың жұмысын белсендіреді;
* Емтихан алдында балаңыз
толымды демалу үшін жағымды
жағдай жасаңыз. Ол жақсы
* Емтиғаннан кейін балаңызды сынға алмаңыз және ашу байқатпаңыз;
* Есіңізіде болсын ең
бастысы және маңыздысы –
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаю дан арылу, жылы достық қарым – қатынастық қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалнын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңізге қарайды.Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды.Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрыныңызға, ауызыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті.Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан денеңізден, арқадан сипап өтті.Күн шуағы сізді жылытты.
«Күн шуақты алаққай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы.өз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Қорытынды
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой - өрісінің кенеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі мол. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым. Қорыта айтқанда, кәзіргі кезде қоғамдарынды, кабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғанын рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне - өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сінірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор куаныш пен бақыт әкеледі.Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Сергіту ойыны.
Екі қол, он қол, сол қол
Оң қол, сол құлақ
Сол қол, оң құлақ
Оң қол, ауыз (мұрынды ұстау, жаңылдыру)
Сол қол, бас
Оң қол, бес саусақ
Сол қол , бес саусақ
Екеуін қоссақ (9 саусақ, жаңылдыру)
10 саусақ балалардың жауабы.
«Қонақ келді» ойыны
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері