Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 09:24, доклад

Краткое описание

Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен), оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру мәселелері көрсетілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кеңістікті бағдарлау.doc

— 44.50 Кб (Скачать документ)

Мектеп жасына дейінгі  балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру

 

Екі жастан бастап үш жасқа  дейінгі  балаларға арналған  «Алғашқы қадам» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен), оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру мәселелері көрсетілген.

ІІ Сәбилер тобында  балаларды  кеңістікті  бағдарлаумен таныстыру  үшін өздерінің дене мүшелерін дұрыс  ажырата білуге үйрету керек. Сол арқылы балалардың тұрмыстық әрекеттерімен таныстырады. Мысалы, жуыну кезінде,  киіну кезінде тәрбиеші дене бөліктерін айта отырып,  балаларды  оң және сол қолдарын ажырата білуге үйретеді, тамақтану кезінде қасықты  оң  қолында ұстауға, ал сол қолда нан  ұстау керектігін үйретеді. Балаға оң және сол аяқтарын,  құлақтарын көрсетуді айтады және сол аяқ, сол көз, сол құлақтың сол қол жақта  орналасқанын, оң көз, аяқ,-оң қол жақта орналасқанын түсіндіреді.

     Қарапайым  математикалық түсініктерді қалыптастыруда сабақта  алған білімдерін мына дидактикалық ойындар арқылы толықтырады: «Қуыршақты  жуындыру», «Қуыршақты ұйқыға жатқызу», «Қуыршақты киіндіру», т.б. Тәрбиеші балаға қуыршақтың басын,  бетін,  аяқтарын жуындыруды айтады, және  оның беті, басы қайда екенін сұрайды.

      Балалар өз денесіндегі кеңістік бағыттарын айтуды үйренеді:   жоғарыда - бас, төменде-аяқ, алдында-бет, артында-бел, сол жақта  сол қол,  оң  жақта-оң қол.

     Осы білімдеріне   сүйене отырып,  педагог балаларға  «өзінен» кеңістік бағыттарын айтуды және көрсетуді үйретеді. Мысалы, қонжыққа оң  қолыңмен, содан кейін  сол қолыңмен қол бұлғауын өтінеді, қуыршақтың қайда кеткенін айтып көрсетеді (оңға, солға, жоғарыға, төменге),  доптың қайда кеткені,  жалаушаны жоғарыға көтеру және төменге түсіру,  қолды алға созу, артына  жасыру. Осы жаттығулар кезінде барлық балалар және педагог бір жаққа қарай отыру не  тұру керек.

Төрт жастан бастап бес жасқа дейінгі балаларға арналған  «Зерек бала» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру, берілген бағыт бойынша қозғалу іскерліктерін дамыту мәселелері қарастырылған.

   Естриярлар (3-4) тобында  балалар кеңістікті  бағдарлау жайлы  түсініктерін кеңейте бастайды. Алдымен баланың алды-артында,  оңда-солда  тұрған ойын-шықтардың (1-2) орналасуын ажырату  сияқты тапсырма береді. Кейіннен ойыншық саны  көбейтіліп отырады. Ойыншықтар балаларға жақын қойылады, кейіннен алыстата бастайды.  Педагогтің  тапсырмасымен бала  қай жақта қандай ойыншық тұрғанын айтады,   кейін тәрбиеші балаға  оңға қарай бұрылуын өтінеді және  қай  жағында  қандай ойыншық тұрғанын сұрайды.

         Балаларға  мынадай ойындар ойнатуға болады: «Бұл жерде  не  тұрғанын айт», «Не өзгергенін тап», «Қайда бара жатырсың?», «Жалаушаны тап», т.б. Ойынның тапсырмаларын орындай отырып, балалар кеңістіктің негізгі  бағыттарын ажырата бастайды. Мысалы, тәрбиеші  балалар жоқ кезде  бөлмеге заттарды жасырып қояды да, (суреттің артына, кілемге, шкафқа) балаларды  шақырып,  ойын басталар алдында  оларға қандай  ойыншықты  қайдан табу керектігін айтады. Іздеуге кіріспес бұрын

бала қандай ойыншықты қайдан табу керектігін қайталайды.

Ересектер тобында (4-5) Балалардың кеңістікті  бағдарлау жайлы білімдері кеңейтіліп,  қорытындала  бастайды. Ол үшін арнайы жаттығулар орындату қажет. Мысалы, тәрбиеші  балаларға заттарды  көлеміне қарай : сол жақтан үлкен, оң жақтан кішкентайынан бастап қою. Немесе үстел үстіне ойыншықтарды  қояды: ит, мысық, сиыр, қоян. Тәрбиеші  балаларға қарап: Айтыңдаршы, сиырдың алдында қандай  жануар тұр? Мысықтың  сол жағында қандай жануар тұр? Мысық қандай  жануарлардың ортасында тұр? Одан кейін тәрбиеші ойыншықтарды араластырып, оларды алма-кезек орналастырады: кім бірінші тұр? Мысықтың алдында қандай жануар тұр? т.б.

    Балалардың қоршаған ортада тұрған орнын айттыруға да болады (үстелдің алдында тұрмын, айнаның алдындамын, т.б.

Ересектер тобында балаларды  кеңістікті  қағаз парағына бағдарлауға үйрету басталады. Бұл тапсырма  бұдан төменгі топтарда болмаған. Тәрбиешінің басшылығымен парақтағы заттың бағыттарын атауды  үйрене бастайды: парақтың төменгі жағында, оң жағында, т.б. Мынадай тапсырма беруге болады:  парақтың сол  жағына 5 дөңгелек, оң жағына одан біреуі артық дөңгелек орналастыр. Парақтың жоғарғы және төменгі бөліктеріне сегіз үшбұрыштан орналастыр. Бала тапсырманы орындай отырып,  неше және қандай  фигураны қайда орналастырғанын айтып отырады.

Бес жастан бастап алты жасқа дейінгі балаларға арналған  «Біз мектепке барамыз» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында туралы білімдерін бекіту, қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру сияқты мәселелер қарастырылған.

Мектепке даярлық топта (5-6) балалар қимыл-қозғалыс бағыттарын, өзімен затттардың,  заттармен заттардың және  парақ бойынша кеңістікті  бағдарлау жайлы білімдерін толықтырып,  қорыта бастайды. Балалармен жұмыс жасауда  қарама-қарсы  бағыттарды да  атап өту керек: оң-сол, жоғары-төмен.

   Баланың кеңістікті  бағдардауда  мынадай тапсырма  беруге  болады: «Парақтың жоғарғы жағына 4 парақша орналастыр», «Не қайда жатыр?» , «Не өзгерді?», «Кім есте сақтады?», т.б.

Кеңістік қатынастардың  алуан түрлілігі кеңістік көмекші  сөздерді пайдалану арқылы сөйлегенде қолданылады: ішінде, үстінде, астында, алдында, артында,  қарсысында, арасында,  айналасында, үстінен,  көлденеңінен, арқылы, бойлай, т.б., сондай-ақ үстеу сөздер: мұнда,  онда,  солға, оңға, алыс, жақын,  төменнен,  жоғарыдан, т.б.

 Осы көмекші сөздермен  үстеулерді  дұрыс пайдалана білуге  математика сабақтарында  дәне тіл дамыту сабақтарында ,  сондай-ақ бейнелеу сабақтарында, ойындарда және күнделікті  өмірде балаларды педагог үйретуі қажет.

Балаларды мектепке дайындауда  қағаз парағында, яғни екі өлшемді  кеңістікте  бағдарлай білу шеберлігін дамытудың маңызы зор. Балалар жоғарғы және  төменгі жолдарды,  парақтың  оң жағындағы және сол жағындағы орынды, парақтың ортасын, сол жақ жоғарғы және  төменгі бұрышын дәл таба  білуі,  заттарды  солдан оңға қарай,  жоғарыдан төмен қарай орналастыра білуі т.с.с. керек.

Балаларға мынадай тапсырма беруге болады: Балалар тәрбиешінің  оқып беруі  бойынша орнамент жасайды. Ол қайсы фигураларды  қай жерге  орналастыру керектігін айтады, бірақ  ешнәрсе көрсетпейді.  Балалар  тәрбиешінің сөзбен айтқандарын  зер салып тыңдап алады. Олар бұл кезде парақ көлеміндегі  кеңістікте еркін бағдарлай білуі, геометриялық фигуралар мен тәрбиеші   нұсқап берген кеңістік қатынастарды көрсететін өрнектердің атауларын білуі тиіс.

Кеңістікті бағдарлау  жайлы алған білімдерін қорытындылау  мақсатында мынадай ойын ойнатуға болады:

«Монитор» ойыны. Мазмұны  ақ түсті қағаз, көк түсті домалақ  шеңберді монитор ортасына қой, жоғарғы  оң  жақ бұрышына апар, төменгі  оң  жақ бұрышқа  түсір, төменгі  сол жақ бұрышқа жеткіз, т.б.

 

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,    

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға бір қарайық,

Солға бір қарайық,

Алақанды соғайық. 

 

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. «Алғашқы қадам» бағдарламасы  2009 ж.
  2. «зерек бала» бағдарламасы   2009 ж.
  3. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы 2009 ж.
  4. Л.В.Русскова. Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в дестком саду.  Москва «Просвещение» 1986
  5. А.М.Леушина «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. А., 1987

 


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру