Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық түсініктерді қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 11:55, доклад

Краткое описание

2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономкалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстанның халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕСЕП ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.docx

— 39.08 Кб (Скачать документ)

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕСЕП ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Кіріспе 

 

2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономкалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстанның халқына жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылданды. Аталған Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың мектепке дейінгі ұйымдардың сапалы қызметіне деген мұқтаждығын қамтамасыз ету. 2015 жылға дейінгі мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамту 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі жастағы балалардың жалпы санының 70 % дейін жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілумен тақырыптың өзектілігі түсініледі. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арттыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Қоғамыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық  ұғымдарды қалыптастыру әдітемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1, 12 б]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды.

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы мағлұматтарды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойын сіңдіруге болады, балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып  үнемі оны жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге, жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.

Балабақша бағдарламасы ең алдымен онға дейінгі сандарды игеруден және қарапайым геометриялық фигуралармен танысудан басталады. Геометриялық фигуралар негізі эталон болып табылады, бұларды пайдаланып нәрсенің формасын анықтайды. Форма бір нарсенің кеңістіктегі екінші нарседен бөліп тұрады. Нәрселердің формасы геометриялық фигураларда жалпыланған бейнеге ие болады

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі білім орындарында математиканы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі білім орындарында математиканы оқыту ойынды қолдану арқылы балалардың әдістемесі.

Курстық жұмыстың мақсаты мектепке дейінгі балаларға математиканы үйретуде озық әдістерді үйретуді зерттеу болып табылады.

Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:

Зерттеудің әдіснамалық негіздерін: білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бір тұтастық туралы диалектикалық теориясы, мектеп дейінгі білім берудің қазіргі мәселелері, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқу барысында қолданудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ойындар туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.

 

Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой – өрісін, іс – қимылын жан – жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты – математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу – оқытудың мақсаты ғана емес, сондай – ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды  тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.

Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке – жеке топтауға үйретуге балалардың ой – өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ – жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.        

Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шыгару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.         

1 тапсырма. Кеспе сандарды пайдаланып, арифметикалық есептерді шығару.

6+      =8               3+      =8           2+      =8            8+      =8

                                                                       

 

 

                                                                        +

                   

 

 

 

3 Тапсырма-  Қисынды есептер:       

1. Жанып  тұрған 4 майшамның үшеуіі  сөніп  қалды, сонда неше майшам қалды ?       

Жауабы: Бір майшам       

2. Қолымда бес алма, табақта  үші алма қосқанда барлығы  болады неше алма?

Жауабы: 8 алма

4 Тапсырма. Жұлдызша ішіндегі сандар қандай бірдей сандарды қосқанда шығады?

Балалар: 2+2=4;      3+3=6;      4+4=8;    5+5=10

Мұның нәтижесін табудағы ең басты мақсаты баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс,байланыстырушы, сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен есінде сақтап, тіл сөз арқылы ойын айтып, ақыл – ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда есеп және оның құрамы бөліктермен балаларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады.

5-Тапсырма «Кім жылдам» жарыс ойыны. (3 минут)

1. Бұлбұл әсем жырлайды

Ел жұрт елтіп тыңдайды,

2-ге 2-ні қосқанда

Нешеу болып сайрайды?

Балалар: - 4 болып сайрайды.

2.Үйрегім-ай үйрегім

Келіп жүрме билегің?

Алтау едің басында

Жүзіп кетті үшеуі

Қалды артта нешеуі.

Балалар: - 3 үйрек артта қалды.

3. Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.

Балалар:   - 3 алма қалады.

Бауырсақты қоян босатып жіберді, домалап келе жатып қасқырға жолықты.

Қасқырдың тапсырмасы.

6) Үстел үстінде 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әр түрлі бағытта орналасқан. Үстел үстінде неше аю, қанша қуыршақ бар?

Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екенін анықтайды.    

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.

2. Столяр А.А. Формирование  элементарных математических представлений  у дошкольников. -М., Просвещение 1988.

3. Отбасында және балабақшада  баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту таңбалары. Өрнек.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өрнек, қосынды  айырма жайлы жалпы түсінік беру. Оларды ажыратып, мәнін таба білуге үйрету. Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу.

2.Дамытушылық: Заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы ) және азайту (заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін қалыптастыру; математикалық өрнек туралы түсінік беру; өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсідіру, сұрақ -жауап, іздену, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекіліктері: теңдіктер, өрнектер, суреттер, экран.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қатар -қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық

Жақсы болып сабақта

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа -нақ,

Дайындалдық бәріміз.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз  ойын түрінде өтеді.

ІІ.Тірек білімдерін пайдалану.

Тақырыпты бастамас бұрын, өткенді қайталау.

Ойын: «Кім жылдам?»

-Берілген сандарды дұрыс  орналастыру.

- Сандарды кему ретімен  орналастыру.

- Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

-Геометриялық фигуралардан  жасалған үйдің бөліктерін дұрыс орналастыру.

Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін Теңбіл бұғының суреті шығады.

Теңбіл бұғы бізге сиқырлы таңбалар әкеліп тұр. Бұл таңбалар арқылы сандар бірде кем, бірде артық бола алады.

ІІІ.Жаңа материалмен таныстыру. Видео арқылы түсіндіру. (видеоны қосу) Екі топтағы заттарды біріктіру және заттар жиынынан заттар бөлігін бөліп алу бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі.

Мұғалім түсіндіреді: «Мен біріктіріп қостым, «+» таңбасымен белгілеймін. Математика тілінде «өрнек» деп аталатын математикалық жазу пайда болды. Неше болғанын жазу үшін «=» таңбасын қоямын».Содан кейін жазуды

дұрыс оқуды үйрету керек.

Мұндай жұмыс «азайту» амалын түсіндіргенде де жүргізіледі. Жиынның бөлігін бөліп алып, мұғалім өрнекті және оның мәнін жазады. Жазуды, оқуды үйретеді.

Оқулықпен жұмыс .

«1+1», «2-1» түріндегі жазулардың өрнек деп аталады.

1 +1 = 2 -бұл теңдіктер 2- 1 =1

1+ 1 -бұл өрнектер 2-1

2 -өрнектердің мәні 1

Алынған жазуларды оқығаннан кейін мұғалім оқушылардың сөздік қорына «өрнек», «өрнектің мәні» деген терминдерді енгізу.

Ойын: «Кім білгір»

№1 тапсырма. Өрнектерді атап, мәндерін табу.

№2 тапсырма. Қосындыны оқу, мәнін табу.

Ойын: «»

№3 тапсырманы орындау кезінде балалар санау материалдарының көмегімен өрнектерді құрастырады.

1+1 =2 2+1=3

Ойын: «Көршісін тап»

№4.

0 1 2 0 1 2

1 2 3 1 2 3

Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

ІV.Сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс 28-29 бет

№1 тапсырма (цифрлар мен белгілерді жазу).

№3 тапсырма Балалар мынадай қорытынды жасауы керек: «Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады».

№4 тапсырма

V . Сабақты қорытындылау.

VІ. Мадақтау. Жақсы жұмыс  істеген оқушыларды мадақтау.

 

Тақырыбы:Сан құрамы

 

Мақсаты:а)оқушыларды сан құрамы мен таныстыру,есеп шығаруға уйрету

б)ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту ,дүние танымын кеңейту

в) қызығушылығын ояту

 

Көрнекілігі:суреттер интерактивті плакат

 

Әдісі:түсіндіру ,көрсету

 

Түрі:аралас

 

Типі:жаңа сабақты меңгерту

 

Барысы:I Ұйымдастыру

 

1)Сәлемдесу:Үлкенге де  сіз,

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

2)Оқушы назарын сабаққа аудару

II Өткен сабақты қайталау

 

1)Салыстыр және белгілерді  қой

2=2 ОО=ОО

1 ОО

 

2)Санамақ

III Жаңа сабақ

1 Кіріспе

1-тапсырма Бауырсақтың  үйіне оралуына көмектесу

Ол үшін 1 ден 10 ға дейін сандардың арасын қос

-ендеше осы сандарды  тақтаға жазамыз

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

 

2)Негізгі бөлім

2-тапсырма 

Бүгінгі сабағымызда осы сандардың құрамымен танысамыз

2 санының құрамы

/ \ мына суретте алмұрт  ше? сары алмұрт нешеу?

1 1 жасыл алмұрт нешеу?

3-тапсырма

3 санының құрамы

/ \ мына суретте саңыраққұлақ  ше? сары саңырауқұлақ нешеу?

1 2 қызыл саңырауқұлақ  нешеу?

 

4-тапсырма 

4 санының құрамы

/ \ үшбұрыш нешеу? төртбұрыш  ше?

2 2

 

 

5-тапсырма 

5 санының құрамы

/ \

2 3

 

Кел санайық санамақ

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы

Балан үйрек жалғасы

Ортан терек кезекші

Шылдыр шүмек көмекші

Шынашығым балапан

Бәріне ортақ алақан

 

6-тапсырма 

6 санының құрамы

/ \ -көлде неше қайық?

3 3 -жағада неше қайық?

-барлығы неше қайық?

 

7-тапсырма 

7 санының құрамы

/ \ үшбұрыш нешеу? дөңгелек  нешеу?

3 4

 

8-тапсырма 

8 санының құрамы

/ \

4 4

 

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық түсініктерді қалыптастыру