Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:25, реферат
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Негізгі бөлім.
1. М.Жұмабаевтың өмірі.
1.1. Мағжанның өскен ортасы және білім алған мектептері
1.2. Мағжанға тағылған айып.
2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.
2.1. Мағжанның алғашқы өлеңдері және поэмаларының
2.2. Мағжан Жұмабаев туралы айшықты ойлар
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Жұмабайұлы есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Жұмабайұлы шығармалары басылмай қала берді.
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды. Жұмабайұлы есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұмабайұлы шығармаларымен жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.
Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.
Қорытынды
Жұмабайұлы шығармашылығын
Белгілі жазушы, қазақ әдебиеті ақсақалдарының
бірі Ғаббас Қабышұлы да осыны дәттейді.
«Мағаңның өлең-дастандары, әдеби аудармалары
жарияланған газет-журналдарды іздеп
табу, көшірме жасатып алу, әрине, апайға
қиын болған. Ақы-пұлын төлеу былай тұрыпты,
кесірі жетерлік кездерде ашық іздеудің
өзі қандай тәуекелді қажет етті десеңші?!
Күйеуіне жағылған күйені кетіру үшін
жан тыныштығын ұмытқан, алғаш тұтқындалғанында
ізденіп Мәскеуге, Максим Горькийге дейін
барған, Мағаңның ол жолы ақталуына бірден-бір
себепші бола білген, ал ері екінші рет
тұтқындалғанда соңынан Сібірге барғаннан
өзге шарасы қалмаған Зүлкең, кім не десе
де, бүгінгі бізге де, келер ұрпаққа да
аса қажет қыруар іс тындырды»