Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 13:21, реферат

Краткое описание

Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тәрбие'', яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
а)Тәрбие мақсаты.
ә)Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тәрбие жұмысы мақсаты.docx

— 36.80 Кб (Скачать документ)

      Әлбетте, оның төңірегіндегілердің бәрінің де әңгімесі баланың келешекте адам болуы жөнінде. Ал, оның өзі оқу, сызу, жазу, сурет салу тағы басқалармен әуре, өзінің тәрбиеленіп жатқанымен тіпті ісі жоқ, ол педагогті өзінің жақсы досы, кеңесшісі, қайырымды ұстаз-мұғалім деп таниды. Педагог болса жасырын педагогикалық ''тақта'' ол мақсат белгілеп, оны балаға жария етпестен, іске асырудың жолында болады. 

       Бала бақытына деген жанпидалықтан туындайтын мотив ''жасырын'' педагог бағытының жүзіне келуіне себін тигізеді; баланың тәрбиеленуі емес, жасауы қажет, бала өмір ләззатына дайындалуға тиіс емес, ол ләззатқа бөленіп өсуі керек; бақытты болу үшін бала педагогикалық басшылықты танып баруға тиіс емес, өмірдің әрбір қасқағым сәтін жоспарлаған дамудың элементтеріндей қабылдамай, өз өмірінің болмысы деп білгені жөн. Есейе келе әр бала тәрбие мақсатын өзіндік тәрбие мен өзіндік дамудың мақсаты сипатында қабылдап, педагогтан тәрбие эстафетасын қолына алып, тәрбие субъектісіне айналуы қажет. Осыдан, педагог рөлі жаңа кейіпке енеді.  
Балаға деген қамқорлық қазіргі заманның өте күрделі аймағында өз орнын иелеп, педагогтің өз кәсіптік деңгейін көтеруіне, өз педагогикалық шеберлігіне жаңа әдістеме-лерді қосуына, мамандық белсенділігі мен рухының ұзақ жасауына күш-қуат береді. 

       Педагогикалық қызметтің имандылық мотивациясы балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекеттің қажет септігіне негіз болады. Педагог өзінің кәсіптік міндеттерін орындай отырып, балалардың дене және рухани дамуына байланысты әрқандай жұмыстарды атқарып барады. Бірақ бұл жұмыстар баланың саналы кемелденуіне бағытталып, механикалық жаттықтырудан (дрессировка) аулақ болғаны әбден қажет.

      Тәрбие мәнін дәлірек топшалау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағана береді, бірақ, ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К.Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады»- деген еді. Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. 

      Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани - әлеуметтік қатынастар да, адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызыметінің нәтижелерінен қалыптасады.  
Педагогика үшін және бір маңыздысы-жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибеге игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты. 

     Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін. 

     Адам жер бетіндегі тірі тіршіліктің ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет субьектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына, ортасына тәуелді.  
Көп ғасырлар бойына тәрбие барысы, адамзат тіршілігінің табиғи жайы ретінде жүріп, арнайы зерттелген жоқ. Кейін келе қоғамдық сананың түрлерін, әлем және ондағы адамның орны жөніндегі жалпы түсініктерді талдаған ғалым-философтардың ойында тәрбие барысы тұрақты орын тепті.  
Тәрбиеге ғылыми көзқарас Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтилинан сияқты белгілі философтардың еңбектерінде қалыптасты.  
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан санағанда тәрбие мәңгілік болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық көрді және оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата-аналар балаларға, ересектер кішілерге, тәжірибелілер тәжірибесі аздарға өз тәжірибесін береді. Іс-әрекет, еңбек, тәртіп, өздерін қоршағандар мен қарым-қатынас, табиғатпен өзара әрекет нәтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды. 

     Адамзат қоғамының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Әрбір қоғамдағы мемлекет өз мүмкіндігіне орай саяси-экономикалық күш-қуатын, саяси даму сатыларын өткеріп, жүргізіп келеді. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты-әрбір тұлғаны жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелеу, яғни үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.  
«ҚР-ның тәлім-тәрбие тұжырымдасында (1999)» Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқада ізгі қасиеттері бар азаматтарды тәрбиелеу деп белгіленген.  
    Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. К.Д.Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие- алдын ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» - деп тұжырымдаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Қорытынды.

      Қорыта айтқанда, педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты дұрыс сезіну, әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады. 

      Мақсат-субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат-жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан-ол обьективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.  
Мақсат категориясына қарама-қарсы категория - арман. Екеуінің бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы - осы бейне субьект қатынасының әртүрлігі.  
Арман - елестің немесе қиялдың субьектіге берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтады.  
       Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субьект белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындап отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Арман субьекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат- іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.  
Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Мақсат, міндеттің орындалуы туралы сөз ететін болсақ. Мақсаттың ұмыт болуы-жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеліп соғады, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға лаззат берер бақ бергісі келді, бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбелеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ, лаззат беру сипатынан айырылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер ( атызды дайындау, суару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті. 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973. 
  2. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. тарау. 
  3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999. 
  4. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
  5. Ұзақбаева С.Тамыры терең тәрбие.-Алматы: Білім, 1997-231 бет.

 


Информация о работе Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері