Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 12:22, реферат
Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктер қамтиды.
• мұғалім өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;
• өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта алуы;
• оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың әдістерін кеңнен пайдалануы.
Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім
мен біліктері оқу үрдісінің
дұрыс бағытта жүруі тек
• мұғалім өз бетімен педагогикалық міндеттерді
шеше білуі;
• өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта
алуы;
• оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда
оқытудың әдістерін кеңнен пайдалануы.
Мұндағы мұғалімнің педагогикалық міндеттерді
өз бетімен шеше білу қабілеті оның берілген
нұсқауларға жалтақтамай,өзіндік тәжірибесіне
сүйене отырып,кез-келген қиын жағдайлардан
жол таба алумен байланысты.Сонымен қатар
өзіндік білімін жетілдіру,
ұдайы ізденісте болу-мұғалім кәсібінің
бір бөлігі.
Білім нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру-ұстаздардың
басты борышы,ұстаздардың қастерлі жұмысы.қашанда
ата-ана үшін баланың орны бөлек,өмірдің
сәні де,нәрі де-балада.Ата-анасы бала
үшін бас ұстазы болса,ал ұстазы-екінші
ата-анасы.Ендеше ұрпақ тәрбиесінің кілті-ұстазда.білім
марапатқа жету үшін емес,парасатқа жету
үшін қажет.
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай
алатын белсенді әрекетті,жан-жақты болуды
талап етеді.Өйткені адамның қоғамдағы
алатын орны,атқаратын қызметі сол қоғамның
дамуымен тікелей байланысты.Қоғамда
«орындаушы»адамнан гөрі «кәсіби шебер»
адамға деген сұраныстың көп екенін қазіргі
өмір талабы дәлелдеп отыр.Кәсіби білімді
мұғалім қоғам талаптарына сәйкес болу
үшін өзінің білімін жетілдіре,мінез-құлқын
тәрбиелей,шығармашылық даму шараларын
жүзеге асыра білуі керек.Нағыз мұғалім-өзін-өзі
дамытып отыратын тұлға.Мұғалімнің кәсіби
дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің
дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық
қызмет арқылы жүзеге асады.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары
1. Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау
- ақпараттық қор;
- талдау;
- диагностика;
- мақсаттар мен міндеттер;
- жоспарлау.
2. Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар
- алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені оқып-үйрену
және енгізу;
- педагогикалық шеберлікті жетілдіру;
- сыныптан тыс жұмыстар;
- мәжілістердің өткізілу сапасы.
3. Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің
кәсіби шеберлігінің өсуіне тигізер әсері
- мұғалімдердің теориялық және әдістемелік
білімінің деңгейі;
- дамыта оқыту әдістерін пайдалану;
- мұғалімнің өз білімін көтерудегі шығармашылық
белсенділігі.
4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің
нәтижесі
- оқушылардың жалпы білімділік, іскерлік
дағдыларын дамыту;
- сабақта оқушының пәнге деген қызығуы;
- шығармашылық белсенділігі;
- оқушылардың пән бойынша білімі;
- пән олимпиадасының қорытындысы
Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жүзеге
асыруды ұйымдастырудың түрлері.
• Шығармашылық ізденіс
(сабақ өткізу барысында өзін-өзге әріптестермен
салыстыру,өз еңбегіндегі кемшіліктерді
жою)
• Озық іс-тәжірибе алмасу.
Әдістемелік бірлестікте оқылған баяндамалар
мен тренингтер
және оқытудың жаңа технологияларымен
танысу,оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда
жаңаша бағытта келу, педагогикалық тәжірибе
жетістіктерімен таныстырып ,оны әр мұғалім
өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге болады.Ғылыми
жаңалықты оқу-тәрбие үрдісі барысында
өз іс-тәжірибесінде пайдалану.
• Өз еңбегінің нәтижесін көру
(әр мұғалім өзінің жасаған еңбектерін
басылымға жіберу және әдістемелік құралдар
шығару,автолық бағдарлама жасау,педагогикалық
идеялар тарату )
• Оқушыларды байқауларға,сайыстарға
қатыстыру.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда
оның шығармашылық қабілетінің дамуының
кепілі.Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің
негізі мұғалімнің өмірге көзқарасы,ойын
оқушыларға толық жеткізу,оқыту мен тәрбиеленудің
әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі
тиіс.Мұғалім оқушының білім алуға деген
құлшынысын тудыра алмаса,оның ынтасы,пәнге
қызығуы қалыптаспайды.Ол үшін мұғалім
оқушымен дұрыс қарым-қатынаста болу керек.
Оқушы өзі ізденіп жаңа тақырыпты оқып,түсініп
пәнге байланысты қосымша әдебиеттермен
жұмыс жасап, достарымен ой бөліссе,өз
білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе
алса,онда мұғалім нәтижеге қол жеткізеді.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай
қасиеттер болуы тиіс:
• сергектік,байқағыштық
• сезімталдық
• сенім
• әділдік
• ұстамдылық
• ілтипаттылық
Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы
білім беру,ең алдымен мұғалімнің кәсіби
шеберлігіне,әрдайым өзінің білімін жетілдіріп,шығармашылық
ізденісте жүруі маңызды