Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 11:00, реферат
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби қызметке де өз ықпалдарын тигізуде. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Байкенжина Айдана Мешитбаевна
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылым бөлімінің маманы
Қостанай қаласы
Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін
қалыптастыру
В статье рассматривается проблема непрерывного совершенствование профессионального мастерства учителя.
In article work is given problems of developing professional masterwork of teachers.
Қазақстан Республикасы
Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Білім – адам сапаларының өзгеруін
басқаратын үрдіс болғандықтан, ол
педагогикалық мамандықтың
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Креативтілік жеке тұлғаның бағыттылығынан (танымдық мотивацияның басым болуы, танымдық қызығушылық, танып-білуге ұмтылу, білімқұмарлық және т.б.); қабілеттерінен (стреотиптерді жеңе білу, проблеманы сезіну, ой жүйріктігі мен алғырлығы және т.б.); мінез-құлқынан (бірегейлік, бастамшылдық, шыдамдылық, зеректік және т.б.) танылатын, оның интегралды сапасы ретінде қарастырылады. Оның мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда алатын орны ерекше. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1. Мұғалімнің кәсіптік
жұмысының мәнін үйлесімді
2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
1. Қызметтік
(Мақсаты,міндеті,жұмыс
2. Мазмұндық
(Әдістемелік,ғылыми-теориялық
жағдай туғызу.)
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Педагогтардың
кәсіби-педагогикалық
Педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы. 1-таблица
№ |
Әдіс және форма |
Мектеп -к |
Қал-қ |
Обл-қ |
Рес-қ |
1 |
Сабақққа қатысу |
||||
2 |
Ашық сабақ өткізу |
||||
3 |
Әдістемелік жұмыстарға қатысу |
||||
4 |
Семинарға қатысу, өткізу |
||||
5 |
Біліктілікті арттыру курсынан өту |
||||
6 |
Авторлық курстардан өту |
||||
7 |
12 жылдық білім беру |
||||
8 |
Ақпараттық технология (Компьютер курстары) |
||||
9 |
Пәндік білім беру бойынша курстар |
||||
10 |
Іс–тәжірибені тарату (жеке ұжыммен) |
||||
11 |
Шығармашылық жұмысы жинаққа ендіру |
||||
12 |
Конференция, байқауларға қатысу |
||||
13 |
Дидактикалық -әдістемелік құрал дайындау |
||||
14 |
Басылымдарға мақала беру |
||||
15 |
Ғылыми–ізденіс жұмысын жүргізу |
Мектеп басшылығының мұғалім біліктілігін арттыру жұмыстарында оның өзіндік ізденіс жұмыстарына (рефлексиялық толғанысқа келтіруге) әсер етуде сауалнамалар алудың маңызы зор. Сауалнама нәтижесіне мониторинг жасау мектептегі мұғалімдер деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстардың болжауға, жоспарлауға әсері көп болады.
Жаңа
формациядағы – ұстаз –
Осыған орай мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай топтарға бөліп қарау артық емес:
Бірінші, бірқатар мұғалімдердің бірер пәнді оқытуды жақсы меңгеріп, сабақта ұтымды әдістер арқылы елеулі нәтижеге қолы жетіп жүрсе, бірқатары барлық пәндерден солай. Осылардың қайсысы да өз жұмысына сын көзбен қарап, оқығанын, білгенін, көргенін творчестволықпен дамыта, оқушы білімінің деңгейіне, даму дәрежесіне қарай жетілдіре қолданады.
Екінші, бір топ мұғалімдерге басыпасөзде жарияланып, баспалардан шығып жататын методикалық еңбектерді саралап, өз лабораториясында қорытып – қолдану белсенділігі жетіспейді олардың біразына жаңалыққа тосырқай қараушылық, кейде жете мән бермеушілік психологиясы тән.
Үшіншіден, мұғалімдердің енді бір тобы өздерінің жұмыстарына теориялық жағынан да, методикалық жағынан да талдау жасай білмегендіктен, өзінің де, өзгенің де творчестволық өсу деңгейін мөлшерлей алмайды. Мұғалімнің өз ізденісі, толғанысы, іштей ширығуы болмаған соң, бойдағы белсенділік келіп, тың пікір тумайды.
Мектеп мұғалімінің пәндік-теориялық және әдіснамалық білім негіздері жоғарғы оқу орнында қалыптасады, ал, әдістемелік және технологиялық білім-біліктері, көбінесе, педагогикалық тәжірибеде қалыптасады, сондықтан, бұл мәселені мектептің менеджменттік саясатымен айналысатын қызметкерлер көңілден тыс қалдырмауы керек. Г.Галилей : «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»- дегендей басшылық мұғалімге осы бағытта жұмыс істегенде ғана, мұғалім ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" ААҚ, 2006.
3. Б.А.Тұрғынбаева. Ұстаздық шығармашылығы. А-2007
4. А.Ә. Жайтапова. Г.А, Шамина. «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді
5. Б.И.Иманбекова. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.
Информация о работе Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін қалыптастыру