Махаббат қызық мол жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 10:20, доклад

Краткое описание

Бұл кісі соғыста Т.Тоқтаров, М.Мәметова, С.Бәйі­шев сияқты батырлары­мызбен бір дивизияда болған. Майданда жүргенінде Ж.Жабаевпен хат алысып тұрған. Сол кезде соғыстан елге аман оралсам Жамбыл Жабаевпен кез­дессем деп армандайды екен. Әзілхан аға елге 1945 жылы қараша айында оралады. Ал Жамбыл атамыз сол жылдың шілде айында қай­тыс болғаны белгілі. Сөйтіп ол екеуі кездесе алмай қал­ған. Содан Әзілхан аға елге бар­ғанда не істеймін деп Алматыдан түсіп қалып, сол кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне құжат тапсырады. Филология факультетінің ІІ курсына қабылданады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әзілхан Нұршайықов.pptx

— 482.35 Кб (Скачать документ)

Әзілхан Нұршайықов  

 

Махаббат қызық мол жылдар

Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние.  
 
Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды бастарынан кешірген, өздерінің гуманистік асыл мұраттарын дақ түсірмей кіршіксіз сақтай білген адал жандар  
 
Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына негіз болған «Қызыл көрпе» атты ауызша айтылатын аясы кеңітіліп, алғашқыда «Махаббат жыры» повесі 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. «Махаббат қызық мол жылдар» тұңғыш рет 1970 жылы роман болып жарияланды.  
 
Бұдан соң ол түрлі атпен бірнеше рет қайта басылды. Кітаптың соңында автордың өз шығармасының қалай жазылғаны жөніндегі әңгімесі қоса беріліп отыр.

Әзілхан Нұршайықов  

 

Нұршайықов  Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы)) – ҚР халық жазушысы.[1] Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.

Қаһармандық рухтағы  “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың “Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

    • Әзілхан Нұршайықовтың махаббат туралы айтқан қанатты сөздері:

    Ғашық бола білу де – патриотизм.  
Ғашықтар – махаббат отанының патр­иоттары.  
Ғашыққа деген махаббат та отандық махаббатқа ұласады.  
Қызға ғашық бола білген жігіт Отанды қорғай алады.  
Махаббат негізі – Отан!  
Жас жігіттер, барлығыңызды ғашық бо­­ла білуге шақырамын. Өтірік емес –шын, ал­дамшы емес – адал, мың күндік емес – мәңгілік ғашық бола біліңіздер.

 

Махаббат  қызық мол жылдар романы шығу тарихы

 

       Бұл кісі соғыста Т.Тоқтаров, М.Мәметова, С.Бәйі­шев сияқты батырлары­мызбен бір дивизияда болған. Майданда жүргенінде Ж.Жабаевпен хат алысып тұрған. Сол кезде соғыстан елге аман оралсам Жамбыл Жабаевпен кез­дессем деп армандайды екен. Әзілхан аға елге 1945 жылы қараша айында оралады. Ал Жамбыл атамыз сол жылдың шілде айында қай­тыс болғаны белгілі. Сөйтіп ол екеуі кездесе алмай қал­ған. Содан Әзілхан аға елге бар­ғанда не істеймін деп Алматыдан түсіп қалып, сол кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне құжат тапсырады. Филология факультетінің ІІ курсына қабылданады.

    • «Аудиторияда 30 қыздың ортасына топ ете түстім. Жан-жағыма қарасам, қызғалдақтай құлпырған кереметтей қыздар. Өзім жүдеу, соғыстан қайтқан бетім. Аяғымды тәлтіректей басып барып, ең шеткі партаға сылқ етіп отыра­ кеттім. Солай отырып университетті бітіріп шықтым. Әрине, оқу маған оңай болған жоқ. Сонда «1-ші Алматыға» барып вагоннан сексеуіл, көмір түсіріп күн көрдік. Артымда қарайласатындай ешкімім жоқ. Әке-шешемнен айырылып қалғанмын. Қиналған кездерімде талай рет оқуды тастаймын дегенімде осы қыздар: «Сіз дарынды адамсыз, дарыныңызды біліммен ұштастыруыңыз керек», – деп қиналғанда қол ұшын беріп, көмектесіп, университетті бітіріп шықтым. Кейін іштей өзімді сол қыздарға қарыздар санап, қарызымды қалай қайтарамын деп ойлап жүретінмін. Сөйтіп мен сол курстас қыздарыма арнап «Махаббат, қызық мол жылдар» романын жазып шықтым. Бұл кітаптың шығу тарихы осындай. Барлығы өмірден алынған», – деп әңімелейтін. Сол кітаптағы кейіпкерлерінің ішінен бүгінде көзі тірісі – тек Меңтайдың прототипі Нұрғамила апай. Ол кісінің жасы 82-ге келіп қалды, бүгінде Кентау қаласында өмір сүріп жатыр.

Информация о работе Махаббат қызық мол жылдар