Ұлттық тәрбие - сапалы білім
берудің негізі
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер
, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды
қолға алу арқылы білім алушылардың ел
мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін
тигізіп отыр.
Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана
астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен
астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің
кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға
тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау
кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы
алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру
мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде
қазақ мектебі оқушыларының игеруіне
арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен
салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды
жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең
және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін
терең және шығармашылықпен меңгеру талап
етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне,
ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің
дамуына, білім негіздерін саналы түрде
игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет
деп білеміз.
Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың
табысты орындалу деңгейіне байланысты.
Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев
зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды.
Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері
дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш
беретін болады. Әр мектептің өзіндік
ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі.
Нақтырақ ұлттық мектептерге тоқталар
болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген
және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден
басталады. Оқушылардың зияткерлік және
шығармашылық қабілеттерін анықтауға
бағытталған кешенді психологиялық-диагностикалық
тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Тексерудің
нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық
даму деңгейі анықталып қана қоймай, оның
өзіндік қабілеттері мен дарындылығын,
әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту
жолдары қарастырылады.
Дарынд ы оқушыға талантты мұғалім қажет.
Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы
көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті
түрде білім алушыға беруі мүмкін емес.
«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың
қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз
көтеріп отыруы қажет.
Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың
баға жетпес қазынасы.
Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері
мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық
педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің
алдында тұрған басты мiндет – окушының
ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана
қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы,
ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие,
ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту,
яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің
түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын
дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен
қосылып жүргiзген шараларына байланысты,
өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы
- отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан,
ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс
атқару - біздің басты мiндетiмiз.
Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін,
ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты
тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың
мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi
пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне
құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы
тәрбие беру қай кезде де өзектілігін
жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз
жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық
салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.
Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.
Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық
тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың
мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге
медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан
отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге
жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып,
көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны
қаншалық деген сұрақ ойға оралады.
Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан
биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес
мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек,
әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен
мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады..
Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды
жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің
тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі.
Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың
мақтанышы. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл
қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін
сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке
толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық
сезімді қалыптастыру мүмкін емес.
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің
алған білімін қара басының пайдасына
жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат
әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз
емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың
ғасырлар бойы жинақталған бай рухани
мұрасымен жастардың бойына адамгершілік
ізгі қасиеттерді қалаыптастырып, сіңіртіп,
өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу
ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі
Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп
екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық
сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие
сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми
жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі,
ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда,
ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы
барысында біз олардың жаhанданудың теріс
ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз
қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының
тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара
байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа
адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты,
сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде
көкейкесті мәселенің бірі болып отыр.
Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын,
оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау
міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық,
патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін
білмеген халқының қадірін білмейді, халық
нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені
ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін
тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ
кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады.
Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар
көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары,
тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған
өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық
сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай
отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық,
халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам
өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын
терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып,
құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен
ана тілін білу де, жері елінің тарихына
зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды.
Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының
да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай
алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы
отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие,
ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани
байлықтан көрініс табады. Олай болса,
рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді,
дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ,
тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам
болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз
үшін қажет.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын
еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие
мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын
айқындап, педагогика ғылымында ұлттық
сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің
бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек
ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу
қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің
негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан
- 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған:
«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен
өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға
сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге
ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты
ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар,
рухани-мәдени мұралар сабақтастығын
сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген
құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін
ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін,
өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды
қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік,
намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін
қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда
ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып
отырған көптеген мәселелерді: ана тілін,
ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін
жастар, тастанды жетім балалар, «қиын»
балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен
аталар, нашақорлыққа салынған жастар,
тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және
олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі
жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау,
білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы,
кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық
тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының
ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен
біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі
тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет,
этикалық, эстетикалық құндылықтарын
құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер,
әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар
мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге
ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани
дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа
Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати,
Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы,
т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан,
билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен
көреміз.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық
сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты,
нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын
білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті
атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз
өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа
парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген
ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті
жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан
қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін
білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік
қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.
Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына
дейінгі бабаларының атын жаттатып қана
қоймаған. Олардың қандай адам болғанын,
өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол
арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға
баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина
ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін
қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың
таза болуына әкеледі екен, екіншіден,
қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып,
ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан
жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне
, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін
терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ
тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен.
Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға,
оқушыларымызға білім беру барысында
ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың
ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін
қосу қажет.. «Баланы жастан» демекші,
мектеп оқушыларының санасына халқымыздың
тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін
дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан
зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына
кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке
бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени
құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары
болды.
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін
бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі,
математика, дүниетану, бейнелеу өнері,
дене шынықтыру сабақтарында кеңінен
қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы:
математика сабағында ақыл-ой қабілетін
дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында
түрлі әуендермен, дүниетану сабағында
табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар
дүниесін елестететін ойындармен танысады.
Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп
тәрбиелеу сіздер мен – біздің басты міндетіміз.
Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар.
Өзінің бағыт бағдары бар. Біздің мектебіміз
ұстаздар қауымына үлкен міндеттер мен
зор жауапкершілік жүктеді.
Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға
салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана
қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын,
мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз
керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын
дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен
қосылып жүргізген шараларына байланысты
болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің
ошағы – отбасында, екінші – мектепте
болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни
мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста
болуы шартты нәрсе.
Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие
негіздерін өзінің ұлттық мектебінен
алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз
– ұлттық рухта тәрбие беретін орын».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын
орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған
бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді,
халқымыздың ғасырлар бойы армандаған
мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық
тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі
ізденістерін көрсету басты міндетіміз
болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай
мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін
қауым елге жеткізетін негізгі құрал –
бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз
бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы
үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын
жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп,
сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің
өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының
маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар
бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес,
өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық
мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық
мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту
– баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық
сана-сезімі толыққанды жетілген, туған
тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен
ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей
аламыз.Адамзат баласының алға қарай сатылай
өркениет өріне жетуі әр адамның дұрыс
ой түйіп, өнеге ге жол сілтеуі,рухани
күшін нығайтуға, аға буын өкілдеріне
ізет көрсету отансүйгіштік тәрбенің
бастамасы болып табылады. Елбасымыздың
кезекті жолдауында да болашақ ұрпаққа
білім мен тәрбие беру мәселесі де басым
бағыттардың бірі болып отырғаны тегін
емес. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы » дейді Әбу Насыр
әл-Фараби өз қағидасында. Яғни оқу мен
тәрбие егіз. Оқу мен тәрбие ықпалдастығы
сондай бірін-бірі толықтырып отырады.
Сол себепті, мектебіміздің де күнделікті
тыныс тіршілігі әр дайым тәрбиеден басталады.
Бүгінгі күні жоспарлы түрде тәрбие бағыттарындағы
барлық іс шара өзінің нәтижесін беруде.
Оқушылар негізінен сабақтан бос уақытта
бас қосып, сынып жетекшісінен бағыт-бағдар
алады. Ұстаздар шәкірттермен қазіргі
қоғамдағы маңызды мәселелерді , мәдениеті,
ойдың жүйелілігі, деректің нақтылығы,
елдік мәселелер, тіл, дін, тарих төңірегінде
пікір алмасып, бағыт-бағдар беріп отырады.
Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің
еңбектерінде "мектептік-отбасылық
тәрбие" үғымы кең қолданылады. Оның
пікірінше тәрбиені мектептік немесе
отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені
бала тұлғасы бір тұтас және оны қалыптастыру
процесі де біртұтас сипат алады. Міне,
осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп
жетекші рөл атқарады.Ұрпақ тәрбиесі-адамзат
баласының асыл мұраты. Түбегейлі өзгерістерге
бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу
жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның
бойында әр ұстаз адамгершілік, ізгілік
кішіпейілділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік
қасиеттерін тәрбиелейді. Бұ ретте мектептегі
тәрбиенің мақсаты: ұлттық сана-сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,парасатты,
мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында
басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан
азаматтарды тәрбиелеу.
Акыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы
— мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі
көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде
іске асады. Ол мақсат-міндеттер мыналар:
— оқушыларды қазіргі заман талаптарына
сай ғылым негіздерімен терең және берік
қаруландыру;
— білім беру негізінде оқушыларда ғылыми
көзқарасты қалыптастыру;
— баланың таным қабілеттерін дамыту;
— оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым
әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың
тиімді әдіс-амалдарын орынды меңгеруге
үйрету;
— балалардың білімге қызығуын арттырып,
олардың бойында өздігінен білім алуды
қажетсінуді қалыптастыру;
— ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін
арттыру. Бұл міндеттерді отбасы мен мектеп
тығыз байланыста болғанда ғана ойдағыдай
орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға
берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді.
В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс
ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын
атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық
білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында
педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы
мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі
оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың
психологиялық және әдістемелік құралдары
мен тиімді жолдары туралы жан-жақты оқыту
тәжірибесіне қарағанда, мұғалімдердің
қызметінде дидактикалық қиындықтардың
кездесетіні анықталып отыр.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың
бірі — білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.
Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық
үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім
мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу
жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары
мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу,
т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі
болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің
педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші
кезектегі мәселе болса, бастауыш буын
– мұның түп қазығы, бастауыш білімнің
мемлекеттік стандарты және оны мектеп
тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды
мұғалім қызметі алатыны анық.Тәрбие -
өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың
барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар
бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені
игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған
қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі
үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген
тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы,
ата-ана, балабақша - тәрбиеші, мектеп -
мұғалім. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен
ықпал ететін тұлға мұғалім - тәрбие көзі.
Жоғарыда аталып кеткен қасиеттерге ие
тұлғаны қалыптастыру үшін мүғалімнің
кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша
қырынан сипат алуы керек деген ой туады.
Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін
түрлі мәдени ша-раларды ұйымдастыруда
дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа,
сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар
жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін,
мүғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы
үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.
Жоғарыда аталған құзіреттілік құрамынан
әр бастауыш сынып мүғалімі өз жұмысына
талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары
мен кемшіліктерін мойындай алады. Өзіне-өзі
сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса,
түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен
бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте
тиімді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін
оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім,
педагогқа қойылатын талаптар кәсіби
құзіреттілік шарттарына сай болуы керек.
Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық
құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан
өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан
дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты
асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге
ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту
мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру
мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып
қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік
деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы
тұлға шығатынына сеніміміз мол.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке
адамның дамуы, тәрбиесі Алматы: КазПИ,1991.
2. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие.
- Москва: Академия, 2004. |