Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:57, реферат
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жоспар:
Кіріспе
Жеке адам туралы түсінік
Негізі
Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Әлеуметтік ортаның тұлға өміріндегі рөлі
Қорытынды
Жеке тұлға мен оның қоғамдық-әлеуметтік орнының байланысы
Әлеуметтік ортаның жеке тұлға дамуындағы рөлі
Жоспар:
Жеке адам туралы түсінік
Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Әлеуметтік ортаның тұлға өміріндегі рөлі
Жеке тұлға мен оның қоғамдық-әлеуметтік орнының байланысы
Жеке
адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған
пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық
белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен
байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке
адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның
себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық
белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға
қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей
біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде
жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу
деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның
өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді,
мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын
қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген
сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім
шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің
біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Жеке
тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы
философия, психология, педагогика, т.б.
қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып
жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде
кейінгі жылдары жарық көрген философиялық,
педагогикалық, психологиялық, этикалық,
ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған
еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың
"Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің
"XXI ғасырда білім берудің философиясы"
(1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық
бағытын қалыптастырудық методологиясы,
практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық
еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің
ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір
сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың,
рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен,
жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер,
мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады.
Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі
мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін
емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз —
оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі,
көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай
талаптардың болуына қарамастан, қоршаған
орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік
ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың
өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын,
ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен,
біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана,
тамашалай қараса, енді біреулер - сын
көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер
айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды
түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның
жеке басына тән физиологиялық, психологиялық,
биологиялың ерекшеліктеріне байланысты.
Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің
толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы,
белгілі құбылыстарға баға беруінде де
өзгерістердің болуы, толысып жаңарып
отыруы заңды құбылыс.
Әлеуметтік орта - жеке адамның
мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп
қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде
баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды
қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы
шамалы болса, онда орта адамдардық талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан адам
өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Егер бала әлеуметтік ортадан тыс
қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан
жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің
ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық
үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс
өмір сүретін жас баланың санасын ояту,
қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне
ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920
жылы Үндістанның Гадамури деревнясында
тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық
інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ
төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады.
Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды.
Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала
көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен
және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп
қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе
күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп
жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі
сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл
ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға
айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала
түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп,
бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен
жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан
да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала
45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде
оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде
ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне
әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір
сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және
дамуы үшін тек қана адамдар арасында
өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық
Австралияда және Филиппиннің Менданао
аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық
сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі
байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің
де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық
өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы
анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік
ортаның ықпалын мойындайды, оған зор
мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын
ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып , философиялық және педаггикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін , сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам , әлеуметтік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты , олар адамдармен қарым-қатынас жасауының ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
«Әлеуметтік орта» деген ұғым , кең мағынасында, қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары , әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс , өндірістік , қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықталып отырған әлеуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі ,белгілі бір мөлшерде , оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта , әсіресе қазіргі уақытта , ең алдымен экономикалық өзгерістер , идеологияның өзгеруі , кала мен ауылдағы өмір жағдайлары , миграциялық процестер (яғни , адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіа кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі , өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы- үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Әлеуметтік ортаның жеке тұлға дамуындағы рөлі