Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 10:16, реферат
«Жастар болашақтың тұтқасы» демекші, Қазақстан қазір өз жастарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриот, жан-жақты дамыған, сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік ортаға дайын тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастарды әлеуметтендіру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының ең көкейкесті мәселесінің бірі.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Әлеуметтендіру дегеніміз не, әлеуметтендіру
принциптері
б) Тәрбие дегеніміз не, тәрбие теориясы
в) Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Әлеуметтендіру дегеніміз не, әлеуметтендіру
принциптері
б) Тәрбие дегеніміз не, тәрбие теориясы
в) Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Жастар болашақтың тұтқасы» демекші, Қазақстан қазір өз жастарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриот, жан-жақты дамыған, сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік ортаға дайын тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастарды әлеуметтендіру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының ең көкейкесті мәселесінің бірі.
Тұлғаның әлеуметтенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс жағдайындағы мінез-құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының мәдениеті қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан тұрады. Сондықтан, сыртқы орта баланың әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор.
Әлеуметтендіру дегеніміз –
а) Әлеуметтендіру дегеніміз не, әлеуметтендіру
принциптері
Әлеуметтік ұғым психология,
философия және педагогикалық еңбектерде
кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды
әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде
әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар,
институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау,
одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени
элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар
мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға
қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің
мазмұны қоғам талабымен айқындалады,
яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын
білу, өндірістік қызметке қатысу, берік
үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат
болуы қажет. Адамдардың мінезі – құлқы
әлеуметтендірудің обьектісі ретінде
қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі
ғана емес, суьектісі болған жағдайда
ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын
жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте
игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік
мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын
реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру»
термині саяси экономикадан келді, оның
ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын
«қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің
адамға тәуелдендірген автор американдық
әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің
«Әлеуметтендіру теориясы» кітабында,
бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра
қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін
дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы
адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда
адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл
тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу
жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар
белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін
түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір
бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері:
адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық,
сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси
т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы
жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің
арқасында адам болып қалыптасады, өзін
қоршаған басқа субъектілермен бірдей
жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының
жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз
жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған
міндеттерінің екі тобы шешімін табады:
тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік
кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі
және сыртқы факторларға байланысты. Соның
ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның
бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық
күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа
ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен
әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен
қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі
керек.
Әлеуметтендіру процесі үшін
қоғамдық тәрбиенің маңызы зор. Әлеуметтендіру
процесін индивид тарапынан әлеуметтік
тәжірибені меңгеру барысында қарым-қатынас
және іс-әрекет аясын кеңейту ретінде,
өзін-өзі реттеу, сана-сезімі мен белсенді
өмірлік ұстанымының қалыптасуы түрінде
сипаттауға болады.
Әлеуметтендіру институттары ретінде
отбасы, бастауыш мектепке дейінгі білім
беру мекемелері, мектеп, еңбек және басқа
да ұжымдарды жатқызуға болады.
Тұлғаның жаңаша жоғары деңгейде дамуының
объектив алғышарты - тәрбие процесі. Жоғарыда
тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты
аталған қағидаларға сүйене отырып, әлеуметтік
педагогиканың пәніне әлеуметтендіру
процесінің мазмұнын құрайтын құрылымдық-функционалдық
байланыстарды, заңдылық қарым-қатынас
пен өзара байланыстар логикасын, тұлғаның
өзін-өзі айқындауы мен өзін жүзеге асыра
алуы процестерін жатқызуға болады.
Әлеуметтік педагогиканың принциптері
әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық
негізін шығармашылық тұрғыдан талдау
нәтижесінде айқындалады.
«Принцип» сөзінің өзі латынның «принципум»
деген сөзінен аударғанда «негіз» деген
мағынаны білдіреді. Кез келген ғылым
өзінің дамуында белгілі бір заңдылықтардан
бастау алатын, соларға негізделетін қағидаларға
сүйенеді. Мысалы: кез келген құрылысшы
кірпіш қалау үшін ең алдымен фундамент
қалап алу керектігін біледі. Сол секілді
педагогикалық процесті ұйымдастыруда
бастапқы ережелер мен талаптарды, яғни
принциптерді ескеріп, үнемі басшылыққа
аламыз.
Кез келген ғылымның негізгі қағидаларына
сүйене отырып, оның ережелері қалыптасады.
Қағидалар мен ережелер біздің қалауымыздан
тыс пайда болады. Оларды ескермеген жағдайда
ертелі-кеш біздің тәрбиелік әрекеттеріміз
пайдасыз, тіпті зиянды да болуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогика өзінің практикасында
ғылыми педагогиканың тәрбие қағидаларына
сүйенеді. Соған қарамай әлеуметтік педагогика
баланың ересек болғанға дейін ең алдымен
бала болып қалуын қалайды.
Сондай-ақ швейцар педагогі Иоганн Генрих
Песталоцци (1749-1827) қараусыз қалған балалар
үшін қамқорлыққа алу үйлерін ұйымдастыра
отырып, тәрбиедегі негізгі мақсат - адамның
қабілеті мен табиғи күшін дамыту, сонымен
қатар бұл даму жан-жақты әрі үйлесімді
болуға тиіс деген болатын.
Әлеуметтік педагогиканың принциптері
– бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің
базалық принциптерін түсіну ғана емес,
сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда
жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына
– гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі,
жүйелілік, поляризация және тәжірибе
жатады.
Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі
принципi. «Гумандылық», «гуманизм»
ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен
аударылғанда «адамға деген құрмет» деген
мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы
мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi:
- қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық
және әлеуметтік жағдайына карамай оларға
деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет
болуға тиіс;
- әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының
қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы
адамдарға құрметпен қарау;
- мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің
алғашқы басқышы ретінде түсіну.
Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі,
бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн,
оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк
саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын
адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау.
Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық
ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек
танып қана қоймай, сол құндылықтарға
қол жеткiзу болып табылады.
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің
еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер
педагогтары тарапынан насихатталып келеді.
Ізгіліктілік бағыттылықта жастарға тәрбие
беру мынадай тиімділік береді:
1. Тек тәрбие ғана белгілі бір мөлшерде
әлеуметтену объектісі болып табылатын
адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістердің
дамуының бағытын анықтауға мүмкіндік
береді;
2. Тәрбие арқылы ғана адамның субъект
ретінде өз идеясын жүзеге асыруына мүмкіндік
жасауға болады;
3. Тәрбие ғана адамның бір ортадан екінші
ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
Мысалы, ол бұрын әлеуметтену құрбаны
болған болса, енді өмір сүру ережелерін
үйренуін тәрбие арқылы қалыптастырамыз;
4. Тәрбие ғана адамды әлеуметтену процесінің
құрбаны болып кетуден сақтандырады.
Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік
принципі ізденушілік және практикалық
іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты
болады:
- адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде
тану;
- адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде
мойындау;
-адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық
салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық
жобалар мен технологияларды бағалаудың
жоғарғы критериі ретінде тән алу.
Қазақта ізгілікті әрекеттер қашан да
жастарға тәлім тәрбие беруде насихатталып
келген, ол өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің
басты көрсеткіші ретінде насихатталған.
Осы тұста М. Жұмабаевтың: «Кiмде-кiм өзiн
сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елiн сүйсе,
әсiресе, бүткiл адам баласын бауырым деп
сүйсе, сол адамды iзгi деп айтамыз»,- деген
сөздерiне жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында
бар қасиет екендігіне әбден көзіміз жетеді.
Оған дәлел қазақтағы «Қол ұшын беру»,
«Асар», «Пiтiр-садақа тарату» секiлдi дәстүрлерiмiздiң
болуы, қазақ халқында отбасында болған
қуанышты бастамаға асарлатып көмектесiп,
жақсылықтың тездетiп орындалуына себепкер
болуға талпынған, ал қайғы-қасiретте қол
ұшын берген. Осылайша халқымызда адамды
өз ортасына бейімдеу оны ізгі шараларға
қатыстырумен байланысты іске асырылған.
Әлеуметтік
педагогика үшін әлеуметтілік принципі
- адамның интегралдық әлеуметтік болмысына,
тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және
даму процесінің әлеуметтік детерминациясы
мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның
әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде
принципиалдық маңызға ие.
Тұлғаның әлеуметтік педагогиканың объектісі
ретіндегі динамикалық табиғаты жайлы
тұжырымдары, зерттеулері мен тәжірибелері
осы әлеуметтік принциптен туындайтындығын
негіздейді. Теория мен практикада тұлғаның
қалыптасу және даму принципін жеткіліксіз
бағалау ұжымдық принципті сыңаржақты
түсінуде, тұлғалық дамуды жоққа шығаруда
байқалады. Осы тұрғыда дамыту принципі
әлеуметтік педагогика объектісінің динамикалық
болмысын айқындауға, тұлғаны қалыптасу
және даму объектісінде қарастыруға мән
береді.
Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі
қағидалар арқылы айқындалады:
- тұлғаның қалыптасу және даму процесін
зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық
қатынасқа бағдарлану;
- тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің
барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы
мен координациясының логикасын мазмұндық
тұрғыдан қарастыру;
- жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық
технологияларды жасау.
Поляризациялау принципі
әлеуметтендіру процесінің өзін (оның
формасы, әдіс-тәсіл, даму, өзін-өзі дамыту,
тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу аспектілерін,
субъект-объект қарым-қатынастарын) диалектикалық
бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар
бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын,
оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді
мақсат етеді.
Тәжірибелік принципі тәжірибелік бағдарлану
мен әлеуметтік педагогиканың өзімен
шартты байланысқа ие. Тәжірибелік бағдарлану
тұлғаның өзі және оның әлеуметтену, қызмет
ету процесі, өзін-өзі жүзеге асыру сипаттамасы
қоғамды қалыптастырушы қоғамдық өмірдің
практикалық салалары тұрғысынан жоғары
мәнге ие.
Қарастырылған әдіснамалық принциптер
әлеуметтік педагогиканың алдында тұрған
барлық міндеттерді шешуге бағытталған.
Аталған принциптер аясында шешілетін
міндеттерді төмендегідей үш топқа бөлуге
болады:
- педагогикалық мақсат ретінде адам жайлы
білімдерді пәнаралық синтездеуді жүзеге
асыру;
- әлеуметтік педагогикалық пікірлеу мен
іс-әрекет жүргізудің стилін құрастыру;
- неғұрлым дамыған формаларда әлеуметтендірудің
біртұтас процесін ұйымдастыру мен жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін жүйені құру
немесе қалыптасқан қолданыстағы бар
әлеуметтік, педагогикалық жүйелерді
жетілдіру.
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
тұжырымдамасы. Жалпы тұжырымдамалар
ғылыми білімді дамыту формалары ретінде
бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен
белгілі бір ғалымның дүниетанымдық жеке
ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны
құрастырудың алғашқы сатысы саналады.
Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен
әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір
пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар
бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар
пайда болады. Мұндай бірігу негізінен
олардың арасындағы қажетті байланыстарды
айқындау негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге
асыру түбінде концепцияның теорияға
айналуына септігін тигізеді.
Әлеуметтік педагогиканың бастапқы ұстанымдары
және онымен байланысты көзқарастар жүйесі
екі фактормен айқындалады. Оның біріншісі
- әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі
мәні және әлеуметтік педагогикалық практиканың
өзіндік ерекшеліктері. Әлеуметтік педагогика
әрбір нақты тұлғаның өз табиғи болмысынан
алшақ кетпеуін қарастырады. Бұл идеяда
әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік
қызметі толық көрініс тапқан. Ізгілікті
қызметті тәжірибеде жүзеге асыруда мамандарды
дайындау концепциясы да мазмұны, формасы,
әдіс-тәсілдері жағынан ізгі болуы тиіс.
Қазіргі таңда педагогикадағы ізгіліктілік
идея тұлғаға бағытталған көзқараста
көрініс тапқан.
Ал екінші фактор - кәсіби дайындаудың
мазмұнына, тиімді формаларына, стратегиялары
мен әдіс-тәсілдеріне тиісті философиялық,
психологиялық-педагогикалық, акмеологиялық
және т.б. қағидалардың жиынтығынан құралған.
Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік көмек, әлеуметтік
қызмет көрсетулер әлеуметтік педагогтар
тарапынан әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің
түрлері ретінде, олардың нақты іс жүзіне
асырылуы (технологиялары) түрінде қарастырылады.
Бұл әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындауды
жүзеге асыруда оқу процесін технологиялық
тұрғыдан жобалау қажеттілігін көрсетеді.
Кәсіби дайындықты тиімді жүзеге асыру
үшін бірінші кезекте студенттің тұлғалық
потенциалына бағдарлану қажет. Бұл болашақ
әлеуметтік педагогтардың тұлғалық және
кәсіби өзін-өзі айқындауын белсендіру
арқылы жүзеге асырылады. Осы жағдай концепцияны
тұлғаға бағдарланған тұжырымдама ретінде
айқындауға негіз болады. Бұл концепцияның
әдіснамалық негізіне қоғамдық дамудың
нәтижесі ретінде, еңбек субъекті ретіндегі
адам жайлы философиялық ілімдер, қоғам
мен тұлға қатынастарының заңдылықтары
мен механизмдері жайлы идеялар; іс-әрекеттің
жалпы теориясы, әлеуметтік танымдық жалпы
ғылыми әдістері, нақты тарихи көзқарас
т.б. психология саласындағы кәсібилік
деңгейіне жету мен тұлғаны дамыту жайлы
көзқарастар жатады.
Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру
принциптері тәрбие принциптерімен тығыз
байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық
тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың
әлеуметтік педагогикалық принциптер
тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді.
Солардың біразын қарастырып көрейік:
Әлеуметтендірудегі тәрбиенің
халықтығы принципі. Қазақ халқы бала
тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп,
балаларды оның тек ата-анасы ғана емес,
бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi.
Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге
келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар
болып көңіл бөлу болып табылады. Азан
шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау
тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір
белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан
атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне
байланысты отбасында болатын қуаныштардың
барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі
жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып,
ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын
бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі
бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының
тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен
асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа
ие болған.
Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде «ұят»,
«намыс», «ар» ұғымдары жиi қолданылған.
Балаларды кішкентайынан ерсі қылықтары
үшін «Ұят-ай» деп біртіндеп тәртіпке
шақырады. Балаға ұятты әрекеттерге бару
тек оның әке-шешесін ғана емес, бүкіл
туған-туыстардың намысын келтіретінін
түсіндіріп, адам баласының намысы өте
жоғары сезім екендігін санасына сіңіреді.
«Өлімнен де ұят күшті» деп намысты қолдан
бірмей, арын сақтауды насихаттап отырған.
Бұл, әсіресе, қыз балалары үшін өте маңызды.
Өйткені қызға сын көз көп. «Малым жанымның
садағасы, жаным арымның садағасы» деген
сөздер осыны дәлелдейді.
Ойнап жүрген балаға көңіл аударған үлкен
кісі алдымен «Кімнің баласысың?» деп
сұраған. Бұл сұрауда үлкен мән бар, балаға
ой салған. Бала дұрыс мінез көрсетсе,
өнегелі болса, оның әкесі жақсы кісі,
дұрыс тәрбие берген, егер баланың мінез-құлқы
ұнамаса, оның әкесі де солай, дұрыс тәрбиелей
алмаған, бетіне қоя берген деп тұжырымдаған.
Жақсы баланы бүкіл ауыл боп мақтаған,
тентек, нашар мінезді баланы ауыл боп
сынға алған, бірте-бірте жөнге салған.
«Есті бала», «Тәртіпті бала», «Жаңғалақ
бала», «Тәртіпсіз бала» немесе «Құйма
құлақ бала» немесе «Ақпа құлақ» деп айту
да соның белгісі. Бұл да өте ерте заманнан
бері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан
әдет-ғұрып. Балаларды тәрбиелеуде үлкендер
айтып отыратын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,
өнегелі адамдар туралы немесе нашар адам
деген қандай адам, ол несімен жаман, неліктен
көпшілік ұнатпайтыны туралы әңгiмелер
де балаларды тәрбиелеуде қолданылып
отырған. Осыларды талдап айтып отыратын
әңгімелерді арнайы өзіне айтылмаса да,
құйма құлақ бала қағып алып, «Болмасаң
да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп
Абай атамыз айтқандай, жақсы болып өсуіне
негiз еткен. Одан соң жырлар мен өлеңдердегі
әділеттік, ерлік, жомарттық туралы келтірілген
ойлар, толғаулар жастарды адамгершілікке,
азаматтыққа баулыған.
Қазақ халқының діни мерекелерінің де
бала тәрбиесіндегі ықпалы ерекше болған.
Бүкіл мұсылман халықтарының негізгі
мерекесі болып табылатын «Құрбан айт»,
«Ораза айт» мерекелерінің астары мен
мазмұны жастарды мейірімділік пен қайырымдылыққа,
шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген.
«Ораза» кезінде кешке ауылдағы жас балалар
жиналып, әрбір отбасын аралап жарапазан
айтқан.
Тәрбиенің халықтығы қағидасына сай ел
ішінде қалыптасқан көзқарас немесе пікір
бойынша сол отбасы туралы насихат, мақтау
немесе сын айтылатын болған. Мұндай мереке
кезінде негізінен отбасы мүшелерінің
жақсы қасиеттері мадақталып, жырға қосылады.
Сөйтіп, отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерін
көтеріп ынталандырған. Тіпті, отбасындағы
болып жатқан жаңалықтар мен отбасы мүшелерінің
мінез-құлқы (сараңдығы немесе қолының
ашықтығы), өнерлілігі, қол жеткен табыстары
немесе арман-тілектері жырға қосылып
айтылған. Бір жағынан мұндай дәстүрлер
халықтың мәдениетінен де туындаған.
Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы
принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы
қағидасын алғаш немiс педагогы А. Дистерверг
ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір
сүрген жері мен уақытын, мәдениет және
болашақта өмір сүруге тиісті болатын
жері ескерілуі керек деді.
Мәдениетке байланыстылық қағидасы К.
Д. Ушинский еңбектерінде де кеңінен қарастырылады.
Ол: «Егер біз білімді әрі жан-жақты тәрбиелі
адамды тәрбиелеп шығарғымыз келсе, оның
жазуға, оқуға, сенуге, Отанын сүюге, оның
табиғатын, тарихын, мәдениетін ескере
отырып тәрбиелеуіміз керек», - деп көрсетті.
Оның идеясы тәрбиенің халықтығы идеясынан
көрінеді. Ол көптеген елдер тәжірибесін
тұжырымдай отырып, әр халықтың өз ұлтына
тән ерекшеліктері болады. Тәрбиеде сол
ерекшеліктерді басшылыққа алу қажет
деп ұсынады.
Қалыптан ауытқуы бар балалардың мәдениет
байлықтарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері
төмен болады. Сонда да балалар көркемөнерпаздар
үйірмелерінде ән орындап, би билеп, спортпен
шұғылданады.
Мәдениетпен байланыстылық қағидасын
жүзеге асыру үшін мына төмендегідей ережелерді
ескеру қажет:
- әртүрлі мәдениет түрлерінің қалыптасуы
кезінде балалардың қалыптан ауытқу түрлерiн
ескеру.
- ауытқуы бар балалар дамуының шығармашылығын
дамытуға көңiл бөлу.
Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi.
Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және
интеллектуалдық мүмкiндiгi бойынша қайталанбайтын
тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан,
оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге
бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық
аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған
сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен
ерекшеленедi.
Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның
өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына
да байланысты болады.
б) Тәрбие дегеніміз не, тәрбие теориясы
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелеу – адамдарды қоғамды еңбектік және басқа да пайдалы іс-әрекетке, көптеген әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындаудың заңды барысы. Тәрбиелеу деп, сонымен қатар, бұл барысты мақсатқа бағытты басқару мен басшылық іс-әрекетін де айтамыз. Тәрбиелеу объектісі өсіп және дамып келе жатқан тіршілік иесі – бала болып табылады.
Тәрбие теориясы – қоғамның экогомикалық және әлеуметтік-саяси дамуының нақты тарихи жағдайларында адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуының негізгі мақсаттары, заңдылықтары, талаптары және идеяларының жүйелерінің баяндалуы.
Тәрбие теориясы педагогикалық құбылыстарды теория мен тәжірибенің бірлігі, тарихи және логикалық, әлеуметтік тұрғыда қарайды. Ғылыми тәрбие теориясы нақты тәрбие барысы жөніндегі білімдерді терең жинақтауға, мектеп, отбасы, еңбек ұжымдары, мектептен тыс мекемелер әрекеттерінің жан-жақты зерттеуге сүйенеді. Оқушы тұлғасының тәрбиесі және даму ырғағының объективтілігі мен ақиқаттылығы түрлі зерттеу әдістерін қолданумен қамтамасыз етеді.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады.
Тәрбие
процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен
қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық
жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін
талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие
процесінің жобасын құру және жүзеге асыру;
тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға
түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу
және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық
(объективті) адам санасына (субъективті)
өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс.
Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында
әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің
қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар
ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі
арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің
арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің
мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен
қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Тәрбиенің
негізгі зандылықтары. Педагогикалық
құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты
заңдылықтар деп атайды.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, демократиялық принципті іске
асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне
тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты
халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында
халықаралық стандарт болып табылатын
жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның
негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген
("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей
декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы")
құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие
теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары
мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт
береді. Қазақстан Республикасының "Білім
туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар
еліміздің білім саласындағы мемлекеттік
саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына
байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық
құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі
тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты
іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі.
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында
белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы
белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас
белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның
мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным
белсенділігі - заттар мен құбылыстардың
мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды
терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана
білуге үйретеді. Егер ересек адамдар
балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің
дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың
талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері
қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші
өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын
оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке
адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық
өсуіне қамқоршы болу. Тәрбиенің принциптпері
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде
басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі
ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің
мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру
жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі
қағидалар:
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау,
ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,
ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық
өмірі осыған қызмет етуі керек.
Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас
арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен
қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру,
өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен
бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен
мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара
сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа,
бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу,
тәрбие барысында психологиялық жайдарылық,
үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың
өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін
дамыту.
Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын
талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім
мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі
болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген
сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген
болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар
қою - баланың мықты және нашар жақтарын
біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар
жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші
мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім
оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап,
оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін
дамытуына көмектесу керек.
Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі,
жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын
талап пен педагогикалық ықпал бірлігі
қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің
нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі
талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін
есепке алу.
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы,
ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы
әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері
өзінің байсалдылығымен ескертулерді
дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше
әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың
тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап
отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы
білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі
негізінде құрылады.
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең
жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің
ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі
мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы
тең адам санап, оған еркіндік бергенде
ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің
балаға деген құрметі олардың сенімін
арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік
санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан,
олар негізінен мұғалімнің ықпалында
болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе
жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға
ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі
артады.
Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу
- тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің
бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан
қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның
негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан,
ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда
болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің
педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп
қалмауы.
Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына
А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның
жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді
ұсынған.
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған
ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті
қатынастар туындайды, баланың тәжірибе
және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі
жүреді.
Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы
және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді
педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше
феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп
мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның
педагогикалық күш-жігерінің бірлігі
мен қызмет етуін қажет етеді.
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда
жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты.
Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның
арасындағы нарықтық еңбек жағдайында
қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек
ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық
жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері
мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы
да ұмытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір
мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен,
педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа
ие болуы тиіс.
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен
қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары
мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып
отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің
ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір
сүру процесіне дайындау.
Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды
сезініп, сонымен күресуден бастайды.
Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі
- дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан,
ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі
бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру
- өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын
қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан,
оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді.
Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына
талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер
оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын
түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе
пікірталастар өткізеді.
в) Тәрбие және жеке тұлғалы әлеуметтендіру
Әлеуметтік бейімделу (адаптация)
индивидтің қоршаған орта жағдайларына
ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену
өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің
қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның
өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі.
Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік
кемелдену міндеттерінің шешімі: егер,
ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге
болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен,
уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері
әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік
қарым-қатынасы байланысында көрініс
беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің
көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу,
әлеуметтік дербестік және әлеуметтік
белсенділік.
Әлеуметтендірудің
көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың
барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның
біріне жақындайды, олардың өзі адамның
әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі.
Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде
моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің
өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі
ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне
тән мәдениетіне қарай қалыптастырады.
Мұндай көзқарасты субъект – объект деп
қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер,
ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің
басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде
белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға
да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға
да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты
«субъект-субъект» деп атауға болады.
Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид
ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер,
жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену
кезінде олардың дамуларына азды-көпті
әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді.
Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды
қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген
ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің
жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт
топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега- ете үлкен)
– космос, неосфера, планета, әлем бұлар
басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер
бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге
әсер етеді.
Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен)
- ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі
бір елді мекенде өмір сүрстін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші — мезофакторлар (мезо-орташа)
- тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі,
әртүрлі субмәдениетке
қатысы бойынша сараланатын адамдардың
үлкен тобын әлеуметтендіру
жағдайы.
Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға
әсер ететін қозғаушы күштер жатады –
үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы,
тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни,
мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны
қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында
іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке
тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде
келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік
тәрбиенің мазмұны;
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке
тұлғаны
әлеуметтендіру;
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің
құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік,
халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке
деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық
мәдениеттілігі, эстетикалық және дене
дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері,
жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен
қарым-қатынасы,. орта және тәрбие
Қоғамдық
мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет
мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру
мен интеграциялау үшін үлкен маңызды
шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие
мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның
ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген
мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның
меңгеруі қажет — материалдық, рухани
және социо-нормативті немесе адамгершілік
мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда
өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді.
Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру.
Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің
«Тускуланские диспуты» еңбегінде ең
алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық
тұрғыдан термин ретінде қолданған (45
жыл ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке барлық
білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның
табиғатпен күресінде адамның тарихи
дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып,
діншілдік денгейінде зерделеген.
С.Б. Малиновский
мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық
(адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және
әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет
деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет
тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар,
конституциядағы әлеуметтік баптарда
бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден
тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының
тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер
мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды,
оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді
психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын
көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады:
адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында,
құндылықтарымен және басқа адамдармен
пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан
көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке
материалдык әлем заттарын жатқызады,
оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен
қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары:
білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов
«мәдениетті коғамның рухани қазынасы»
деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен
мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін
мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы
ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет
шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті
материалдық және рухани құндылықтың
жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті
биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің
тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның
техника-логикалық және заттық-өнімдік»
шектерін, сонымен қатар материалдық,
рухани және көркем мәдениет сияқты үш
мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық
мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға
және оның практикалық коммуникативтік
мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына
тоқтайды.
Материалдық
мәдениет адам қолымен жасалған материалдық
құндылық заттардың жиынтығы материал
(машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі
бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің
бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде
еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті
кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың
табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау
мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен
өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады.
әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық
өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық,
саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа
тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін,
мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның
жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық
мәдениеттің барлық мұратын игеру болып
табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты
әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің
әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері
диалектиканың материалистік тұрғыдан
адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз
санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы
іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке
үйренеді.
Тәрбиенің әсері
дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның
ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен
бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға
сай өзара қарым-катынасы болып табылады.
Әлеуметгік тәрбие – өзіне тән әдістер
арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси,
құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие
кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық
қауым мойындауда.
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі
күннің талабына орай мақсат, міндеттерді
шешу үшін оларды іске асыратын болашақ
ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет.
Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары
мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп
отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер
мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз.
Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы -
әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған
кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп,
жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі
яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы
құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып,
өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік,
өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам
өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани
құндылықтар, және қызығушылықтармен
келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте
әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда
қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге
орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан
топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін
реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға,
дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп
отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары
мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары
мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру
үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды
тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға
сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс
жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты
күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
“Әлеуметтендіру”
сөзі “әлеуметттік” сөзімен төркіндес
яғни (латынша “socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық
деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену
- индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік
топқа тән құндылықтарды, нормаларды,
мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға
айналу процесі.
Ал ғалым
Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру”
ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір,
бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе,
екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің
мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып,
оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге
даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп
қана қоюға емес, саналы арақатынасқа,
өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі,
сұранысы бар екенімен санаса отырып,
адамдық мәніне лайықты қатынас жасау
деп тұжырымдайды.
Т.Парсонс
анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз
– индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды
бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен
үйлесуі.
Н.Смелзердің
пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен
бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны
қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді
құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің
бағдарларын меңгереді дейді.
Ғалымдардың
әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай
келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік
даму бұл өмірге келген барлық адамның
қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі
үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі
білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және
тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық
нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі
іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін
меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру
үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен
құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен
яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа
түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне
ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес
адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады. Балалар
құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан
әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға
бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың,
нормалар мен құндылықтардың пайда болуына
жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі
немесе алғашқы сатысы деп қарастырады.