Ккембридж тәсілін қолдану арқылы оқушылардың білім үрдісі субъектілерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 16:00, статья

Краткое описание

В данной публикации о новых подходах преподавании и обучении учитель говорить об эффективности диалогического метода обучения

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диалог окыту.docx

— 29.12 Кб (Скачать документ)

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛЬІ БОЙЫНША ДИОЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

 

Садакбаева Рысгуль Кисикбаевна

«Өтес орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,

Өтес селосы

 

Аннотация

1.Бұл мақалада мұғалім оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульі бойынша диалогтік оқытудың тиімділігі туралы жазған

 

2.В данной публикации  о новых подходах преподавании  и обучении учитель говорить  об эффективности диалогического  метода обучение

 

3.In this publication about new approaches taught and training the teacher to speak about efficiency of a diologic method training

 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде  қалыптасуын қамтиды» (Мұғалімге арналған нұсқаулық) Қазіргі заман талабына сай  оқыту да білім беруді жаңашаландыру – оқу тәрбие үдерісін даралау, демократияландыру – жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. «Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым Т. А. Эдисон айтқандай мектептің де, оқытылатын пәндердің басты мақсаты – оқушылардың  танымдық – шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.  Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек пен 25 қараша  аралығында мен осы игі бастаманың куәгері болып, аталмыш курстың тыңдаушыларының қатарында табылып, өтіп жатырмын. Келген күннен бастап – ақ қолымызға  таратылған.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық мен үшін жаңалыққа толы құрал болды.  
Педагогика жолында 10 жыл қадам басқан мен үшін теориялық білімімді тәжірибеде іске асыруға үйрететін бір кең қақпа ашылғандай боп көрінді. Тек қана жас маман емес, аға буын ұстаздар да оқушының ойлау қабілетін дамыта түсетін бұл бағдарламаға оң көзқарастарын танытты. Бұрыннан элементтерін қолданып жүрген әдіс – тәсілдерді жинақтап, жүйелеп, 7 модуль аясына сыйдырып берген керемет бағдарлама деп жоғары бағаларын беріп жатты. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады: 1–4 апта

Аудиторлық оқыту («бетпе-бет»),  5–8 апта Мектептегі тәжірибие (синхронды оқыту) 9–12 апта. Аудиторлық оқыту («бетпе-бет»). Бірінші кезеңінде біз 7 модуль  жүйесін бірінші «бетпе – бет» кезеңінде алған теориялық білімімізді  іске асырып, зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Мектептегі тәжірибе кезінде 7 модуль барлық сабақта көрініс тапты.  Сабаққа кірген сәттен бастап,  соңына дейін осы 7 модуль шеңберінде жұмыстанамыз. Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып, белсенділік танытты. Оны мен диалогтық оқытудың маңызы деп қорыттым. Сабақтар топтық формада өтті, оқушылар білімді менің бағыт беруіммен өздіктерінен меңгерді. Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаң

алыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлылыққа әсер етеді. Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болуСыныптағы оқыту формасын өзгертіп, топтық, жұптық, ұжымдық формада өткізе бастадық. Сабақ формасының өзгеруі  оқушыларымның менің сабағыма деген көзқарасын өзгертіп, қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында диалог молынан көрініс тауып, оқушыларымның өзіндік ой – пікірлерін естіп, таң қалған да сәттерім болды. Мен бұрын оқытқан, менің тарапымнан болған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін оқушыларымның көзқарастары әлдеқайда терең жатқанын байқадым. Яғни сыныптағы диалогтың маңыздылығын мен курс барысында терең ұғындым. Оқушыларым менің сабағымда өздерінің пікірлерін білдіріп, ортаға салуға дағдыланды.       Диалогтік   қарым-қатынас ұстанымдарын  қолдану – ағылшын тілі пәні үшін тиімді.  Бұл сатыда оқу материалын, оның көркемдік-мазмұндық компоненттерін меңгеру оқушылардың  диалогке  түсуі  арқылы,  коммуникативтік  дағдыларының  дамуы арқылы жүзеге  асады.  Мұнда  оқушы  берілген  тілдік  бірліктердің  үлгілерін  пайдалана  отырып, өз  пікірлерін  айту,  мәтін  құра  білу,  хабарлау,  баяндау, суреттеу,  диалог, монолог құра білуге үйренеді өз ойын айта алуға дағдыланады, ақыл-ойы мен шығармашылық (креативтілік) қабілеттері дамиды, оқу мақсатында нәтижеге жетуге бағдар ұстауға үйренеді. Білім берудің және білім алудың жаңа тәсілдері модулін мен сабақтар топтамамда кенінен пайдаландым.  Диалогтық оқытуды пайдалана отырып мен оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырдым. Оқушыларым өздерінің ой – пікірлерін еркін айтып, ой түюге дағдыланды. Мұғалімнің көмегінсіз өз беттерімен білім алды. Маңызды мәселелерді шешуде оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ тұжырым жасайды. Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.

Диалог-екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшеліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
  • ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
  • ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
  • эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;
  • сөйлемдердің ықшамдалуы;
  • сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
  • ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
  • экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;
  • айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру;

Диалог репликалардан құралады, оның бәрі –сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер –бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.)

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Күнделікті сабақта   жаңа материалдарды оқытқанда  және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.

Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың  сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін. Мектептегі тәжірибе кезінде мен барлық сабақтарыма тақырыпқа байланысты диалог құрастыруға тапсырма беріп отырдым.Оқушылардың қызыққаны сонша, диалогті рөлдік ойындар арқылы жеткізді.Жалпы тарау «Тіршілік әлемі» жайында болғандықтан, оларға , «Зоопаркте», «Аңдар жайлы» тапсырма берілгенде, әр топ әртүрлі ой-пікірін ортаға салып, сабақ өте қызықты өтті.

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын  дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін. Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар  беріп отырамын.

Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын.

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Сонымен, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында  жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.

Демек, ағылшын тілін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік  құзіреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін.

   Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді десе, ал Л.Выготский  оқыту моделі арқылы  оқушы диалогты өзара   әрекет арқылы  нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.  Өткізген сабақтарымдағы сынып оқушыларын өзара дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуына мүмкіндік береді;
  • олардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі;
  • бір-біріне сұрақтар қоюына;

оқыту барысында мұғалімдерге оқушылардың білім деңгейінің қандай екендігін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым. Қорыта айтқанда, диалогті оқыту модулі - түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларды пайдалана отырып, сұрақ қойғаннан кейін уақыт беру  немесе кідіріс жасау (Харгрива және Гэлтон (2002ж) арқылы оқушының ойлануына, ойын жүйеленуіне, оны жеткізуде тіл байлығын арттыруына, тілдік дағдыны қалыптастыратын білім алуға зор үлес қосатын өзара іс-қимылдың тиімді түрі. 

 

     Пайдаланылған әдебиет

 

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші деңгей /32-41 бет/

 

 

 

 


Информация о работе Ккембридж тәсілін қолдану арқылы оқушылардың білім үрдісі субъектілерін дамыту