Этнопедагогика пәні туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2014 в 21:44, лекция

Краткое описание

Этнопедагогика - халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым, этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
«Этнос» («этнос» - гректің «тайпа», «халық», «ұлт» деген сөзінен шықан) және «педагогика» сияқты екі сөзден құралып, этнопедагоика деп аталатын бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі.
Этнопедагогика ғылымы жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан бастап ғылым ретінде зерттеліп, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

этнопедагогика.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

Дала  даналарының    тәлімдік,  өнегелік,  философиялық   ойлары  -  ұлттық тәрбиенің    құнды құралдары.  Қазақ  халықының    дала  даналарының   өсиет-өнегелері,  жырлары  мен шешендік  сөздері,  үлгі  насихаттары  ұрпақ  тәрбиесіне  ерекше  әсер   еткенін  ұлт тарихынан,  халық  тұрмысынан   айқын  көрінеді. 

Сөздің   құдіреті   күшін  қадір тұту,  аталы сөзге тоқтау,  өнерді  жалғастыру  дәстүрі де  халықтық педагогиканың   ежелгі  қағидасы.  Өнер иесі  атанған   адамдардың   жақсы қасиеттерін   бағалау да тарихи  мұра  ретінде  саналған.   Шешендік  сөзді  ерекше  бағалау,  жастарды  алғырлыққа,  тапқырлыққа,  шешендікке   баулу   халық педагогикасынан ерекше  орын  алған.  

Фольклордың шығармалардағы адамгершілік тәрбиесі, ондағы әсем тілмен жазылған оқиғалар балдырғаннан бастап, еңкейген қартқа дейін  өз ықпалын тигізеді.

 

Қазақтың   салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарының  тәрбиелік мәні  

 

Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы – қазақ  халқының салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары  болып  табылады.  «Халқым  қандай  десең  салтымнан  сұрап  біл» демекші  салт-дәстүрлерден   халықтың  мінез-құлқы,  үлгі-өнегесі,  даналығы,  шешендігі,  танымдық  көзқарастары көрінеді.   Қазақ  халқы  қазақ  атанғалы  бері  қаншама  ықылым  заман,  сан ғасыр  өтті.  Әсіресе  түркі  тектес  туыстас  халықтардан   еншісін  алып,  өз  алдына  жеке  ту  тіккелі   бері  қазақтар  өз  ата-баба  дәстүріне шын  беріліп,  оны қожыратпай, әрін кетірмей,  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  және  тілін  сүттің  қаймағындай  қадірлеп,   өте  таза  сақтап  келгені  белгілі.

Сол ғажап,  орасан  бай  салт-дәстүрлері   кеңестік  дәуірде  адам  санасынан   еріксіз  өшіріліп,  біржолата ұмыт  болып  кете  жаздағанына  тарих  куә.   Егемендікке  қолымыз   жетіп,  тәуелсіз ұлттық   мемлекетіміз   уығын  шаншып,  іргесін  көтергелі ғана   салт-дәстүрлерімізді  қалпына  келтіріп  келе  жатырмыз.  Ғасырлар бойы   қалыптасып,  халқымызбен   бірге жасасқан, көркейген   ұлттық салт-дәстүрлеріміз  -  азаматтарымызды,  әсіресе  жас ұрпақты имандылыққа,  инабатылыққа,  адмгершілікке   тәрбиелеудің  баға  жетпес  құралы.      

 Сол себепті  де  ғибраты  мол салт-дәст.рлерімізді  ұрпақтар  сүйегіне   сіңіріп,  бойына   дарыту  үшін  халқымыздың   асыл  қазынасын   молынан  насихаттауымыз  қажет.       

 Қазақ  ұлттық  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыпқа  бай  халық.   Жас сәби  «іңгәлап»,   жар салып жарық  дүниеге  келгеннен,  адам  қартайып бұ  дүниемен    қоштасқанға  дейінгі аралық   олардың  әрбір баспалдағы,  әрбір кезеңі  өзіне  лайықты   той-томалақпен,  қуанышпен  аталып  өткен.   Тіпті  ақырғы демі  бітіп,  соңғы  сапарға  аттанған  адамды   арулап  жөнелтудің  өзі  де  халқымыздың  өзіндік ерекшелігі   мол  ғажап салты  боп  қалыптасқан. 

Халықтың  игі әдеттері дағдылана   келе әдет-ғұрыпқа,  әдет-ғұрыптар  салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен  жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы  өмірде қолданыс тауып келеді.

Ежелден келе жаткан ата кәсіп, қоршаган орта, табигат тағылымы, тұрмыс-тіршілік өзгешелігі казақ халкының өзіндік тамаша әдет-ғұрыптарын туғызды.

Жарыс қазан 

 

Бұл - жарық дүниенің табалдырығын әлі аттап үлгермеген сәбидің қуанышына арналған ең алғашқы жол-жоралғы, кәде.

Бала, бала дегенге базарымыз,

Қай баладан шығар екен ажарымыз.

Ұзынды ұлым, қызылды қызым киіп,

Мінсек те қолау байтал разымыз, -

деп, тапқанының ұзынын ұлының, қызылын қызының үстіне жапсырып, өзі қолау байталды көлік етіп итпекпенен жүрсе де разы болатын біздің қазақ екі жағдайда адамнан ешнәрсесін аяған емес.

Оның бірі - үйіне құдайы қонақ келгенде жалғыз қойын сойып берген. Екіншісі - әйелі босанып, балалы болғанда қуаныш құшағындағы әке астындағы жалғыз атын да жайратып тастап қарап отырған.

Жарыс қазан кәдесі айы-күні толған келіншек сәбиін жарық дүниеге әкелу қуанышына орай өткізілген. Келіншектің толғағы жиілей бастағанда ауыл әйелдері үй ішіне қара ала арқан керіп, келіншекті соған асылдырып, өздері етектеріне сүрініп-қабынып, айналасында бәйек боп жүгіріп жүреді. Кемпірлер толғатып отырған әйелден білген көмегін, тәжірибесін аямайды. Үй ішіндс арша ағашы тұтатылып, жаны көзіне көрініп қысылып отырған әйелдің басынан айналдырып, алас-тайтын болған. Бұл - келін аман босанып, жын-шайтан аулақ кетсін дегені.

Бибәтима пірлерінен тұс-түстан жалбарынып, медет сұрайды, әйелдер келсаппен үйдің іргесін айнала төмпештеп, «түсті ме, түсті ме?», «қара қазан бұрын түсе ме, қара қатын бұрын босана ма» деп зыр жүгіреді. Бұл босанғалы отырған әйелге білдірген тілектестігі. Қалған әйелдер дүние есігін ашқалы түрған бір жапырақ Қазақтың игілігіне бола сойылған малдың етінен босанатын әйелге, жиылғандарға ас дайындап жатады. Ененің кебежесінің аузы да сол күні ашылып немересіне деп сары майдай сақтаған сыбағасы да қазанға салынады. Жарыс қазан тұсында тағамды аяу, ірку,мөлшерлеу деген болмауы керек. Сондықтан қазандар қатар-қатар қайнап жатуы шарт. Өйткені бұл ақтілеу қазаны. Сонымен бала іңгәлап жерге түсісімен сырттағы екі көзі төрт болып отырған әкеге, қалған еркектерге желаяқ әйелдің бірі жүгіріп жетіп, қыз болса «кестегөй», ұл болса «жылқышы» деп хабарлайды, шүйінші алады.

Ауыл-аймақ бұл күні бір жырғайды, әйелдер жағы шүйіншісін қолма-қол бере қоймаса келіннің ата-енесінің басындағы тымағы мен кимешегін жұлып алып жалаңбас қалдырады, шүйіншісі қолына тигенше осылай тоқырайтып қояды. Бірақ оған ешкім ашу шақырмайды. Осы күні бір әйел балаға кіндік шеше болады да, ол босанған әйелге қалжа әкеледі, жарыс қазанңың бір жағында оның да қазаны қайнап, сол күнгі күтімнің бір жағын сол көтеріп жатады. Алдағы шілдехананың жүгіне де ол ортақ болуға міндетті. Кіндік шеше балаға әрдайым қамқор болып жүрген. Баланың әке-шешесі мұның есесіне оның қалағанын  береді.

Сонымен бірге бала кіндік шешесін өз анасынан кем көрмей қадірлеп өтеді. Босанған ана аяқ-қолын бауырына алып, өзіне-өзі келген соң кіндік шешесі арнайы дәмге шақырып, нәрестеге иткөйлегін кигізеді. Иткөйлек жұмсақ матадан тігіледі. Жеңі мен бойы тұтас пішіліп, жағасы ойылады да тігісі бүкпей тігіледі, етегі қайрылмайды, бұл баланың өмір жасы ұзақ болсын дегенді білдіреді. Сәби иткөйлегін қырқынан шыққанша киеді.  

 

 

  

СҰРАҚТАР

1. Фольклор  дегеніміз   не? 

2. Ауыз  әдебиетіні  жанрларының ұрпақ  тәрбиесінде алатын орны  қандай?

3. Салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  дегеніміз  не?

4.  Әдет,  әдеп, дәстүр  ұғымдарының  мәнін  түсіндір. 

 

Өз  бетімен орындайтын жұмыстар 

 

1.      Әртүрлі  әдебиетерден  фольклор жанрлары  туралы  ғылыми  деректің сипаттамасын  жасаңыз.

2.      Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  туралы  сызба  жасап,  олардың  қысқаша  мазмұнын  ашыңыз. 

 

Қазақстандағы   этнопедагогикалық   ойлардың  қалыптасуы  мен  дамуы           

 

Тамыры   тереңнен  нәр  алатын  ұлттық   тәрбиеміздің    даму  кезеңдері    тарихи  және   мәдени  дамумен   астарлас,  әрі   өзінің   ұлттық  айшықтық   -  нақыштарының   маңыздылығымен  құнды. 

Қазақстандағы    этнопедагогикалық   ойдың   даму  тарихы   қазақтың  жазу  мәдениеті   негіздерімен  байланысты  (руна жазуы-құпия жазу,  араб жазуы,  латын  және  кирилица жазуы). 

Қазақстандағы   этнопедагогикалық   ойлардың   даму тарихын   5-кезеңге  бөлуге  болады: 

 

1-кезең.  VІ-ХІІ  ғасырлардағы   ежелгі  түркі  жазбаларындағы   тағылымдар           

 Бұл дәуірдегі  ағартушылық  негіздер -  қазақ халқының    ұлт-тайпаларының    ерте  кездегі  жалпы   түрік  тектес   ру-тайпаларымен   бірге  жасаған   тәлім-тәрбиелік нұсқалары:  жазбаша   қалдырған   өсиет-өнегелері.           

 Ежелгі   дәуірдегі    қазақтың  ағартушылық   негіздерін сөз  еткенде                     ҮІ-ІХ   ғасырдағы  көне    түркі ескерткіштерін,  яғни  Орхон   жазба  ескерткіштерін  -  «Күлтегін»,  «Білге  қаған»,  «Тоныкөк  жазбалары»,   «Оғызнама»  дастаны,  «Қорқыт ата»  кітабы,  Әбу Насыр  әл-Фарабидің    педагогикалық  еңбектерін  атаймыз.

Қазақ жерінде  Х-ХІІ   ғасыр  арасында   өркениеттік  серпіліс   болып,  ірі қалалардың  саны көбейіп,  ағартушылық   іс-әрекеттер   ой-мақсаттардың    алтын  қазынасы ретінде   Жүсіп Баласағұнидың   «Құтты  білік»,   Иассауидің  «Диуани  хикмет» (Даналық  кітабы)   және  бүкіл түркі  халықтарының   тілін  зерттеп,  сөздігін  жасаған  Махмұт  Қашғаридың   «Диуани  Лұғат  ат-түрік»  -«Түркі тілдерінің сөздігі»/    сияқты   ұстаздық   еңбектері  пайда болды.   

 

2-кезең.        ХІІІ-ХІҮ  ғасырлардағы   тәлім-тәрбиеліке  тағлымдар

ХІІІ-ХІҮ   ғасырда  - «Кодекс  Куманикус»  («Қыпшақ  тілінің  сөздігі»)   және Хайдар  Дулатидың    «Тарих – и  Рашиди»,  Қадырғали  Жалайырдың   «Жамиғат  -  туарих»  аты   еңбектері нің   тарихтану және  ағартушылық  мәні  зор  болды. 

 

3-кезең.        Қазақ  мемлекеті  қалыптасқан  ХҮ ғасыр  мен ХІХ  ғасырдың  1-ші жартысындағы   ақын-жыраулардың    тәлімдері  және  ұлттық- педагогикалық  ойлар.

Қазақ   тарихындағы    Асанқайғы,  Жиембет,  Ақтамберді,  Шалкиіз,  Бұқар, Дулат,  Мұрат,  Махамбет,  Майлықожа   сияқты   тұлғалардың    дара  бейнелері   өздері  өмір  сүрген   қилы  заманның  келбетін    айқын танытып, ұрпаққа қалдырған  дана сөздері   мен ұлағатты  ой-тұжырымдары  қазақ  этнопедагоикасының     бай  қазынасы  болды.            

 Ұлы  Абай,  Шоқан,   Ыбырай,  Шәкәрім  сынды ғұламалардың    жалпы  адамзат баласы,  оның  ішінде  қазақ   жұрты туралы  толғаныстары  ХХ ғасырдың  басындағы     қазақ  зиялыларының   ілімінде  де,  әлеуметтік қызметінде де   жалғасын тауып  келеді. 

 

4-кезең.        Қазақстандағы   ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ    ғасырдың  басындағы      этнопедагогикалық   ойлар.

А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  С.Торайғыров,  Х.Досмұханбетов   сияқты  озық ойшылдардың    мұралары   қазақ этнопедагоикасына   тың  леп,   жаңа  бастау  бергені  анық.  

 

5-кезең         ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың    басындағы     этнопедагогикалық  ойлардың  дамуы.           

 Т.Тәжібвае,  Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева,  Т.Қоңыратбаева, К.Қожахметова,     З.Әбілова,  Қ.Қалиева,   К.Нұрсұлтанов  және т.б

«Күлтегін»  және  «Тоныкөк»   жырлары 

 

Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық  - ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен,  ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Ұлы Түрік мемлекеті осылайша өмірге келді.

«Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды. ...Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады,»  - деп жазады Л.Н. Гумилев  «Көне  түріктер»  атты еңбегінде. 

Рас, әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір датадан, белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді. Мәселен, римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды. Арабтар болса  - Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал, француздар өз тарихын Ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан,  яғни 843 жылдан бастайды.

Ал, ежелгі түркілер үшін мұндай дата 545-ші жыл болды. Иә, дәл осы  жылы Ұлы  Түрік қағанаты өмірге келген еді. Сөйтіп, түркілер өздерінің тұңғыш мемлекетін құрды. Тек, құдіретті Күнге ғана, Көк аспанға ғана табынып, тағзым ететін Көк түріктер сол күннен бастап-ақ аспан түстес көк байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде бүкіл әлемге танытты.

Ұлы Түрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлыптастарға қашап жазылған. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын Йоллығтегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп үлкен-үлкен құлпы-тастарға қашалып жазылған. Демек, бұл дастандар бұдан он үш ғасыр бұрын Түрік мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз, айны-қатесіз күйінде жеткізіп отыр.

Дәл осы арада біз кейбір елдерде әр патшаның тұсында қайта-қайта қағазға көшіріліп, бертін келе «саясатнамаға»   айналып кеткен  «шежіре» яки «жылнама»  дастандар да бар екенін ескерте кеткеніміз жөн.

Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған түрік елінің ішіне  жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (қытай) елі еді. Ақыры Ұлы Түрік қағанаты екіге бөлініп, бірі Шығыс түрік қағанаты, ал екіншісі Батыс түрік қағанаты деп аталып кетті.

Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда иісі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:

Биікте кек тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ата-тегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған

Отырып, түркі халқының

Ел-жұртын қалыптастырған,

иелік еткен

Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр.

Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері «сыйға» әкелген тарту-таралғыларға алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласқан түрік бектері арасында астыртын айқас басталды. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрін ұмытты. Елді біліксіз қағандар басқарды.  Билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыры ел ішіндегі алауыздык, 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі - Батыс Түрік қағанаты. Бұған Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі енді. Екіншісі - Шығыс Түрік қағанаты. Бұл негізінен Монғолия жеріне орналасқан еді.

Информация о работе Этнопедагогика пәні туралы түсінік