Этнопедагогика әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 21:38, реферат

Краткое описание

Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

этнопедагогика әдістері.docx

— 17.22 Кб (Скачать документ)

Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.

Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дәстүрлі тәрбиенің кұрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп калыптасқан тәрбие принциптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде колдану жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы /әлеуметтік, экономикалық, мәдени, табиғи және т .6./ белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің /яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б./ жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі болмақ

Этнопедагогикада кең  теориялық қорытындылауды талап  ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен таңдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның аддында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер түр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады:

    • мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі;
    • жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде;
    • халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде;
    • халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі;
    • балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;

   Дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің жөне педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жетістіктерін қазіргі тәрбиеде қолданудың мақсатқа сөйкестілігі жөніндегі тұжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика ролі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы әбден заңды сияқты деген пікірлермен келісу қиын. Мұңдай пікірлердің қателігі, ең алдымен халық даналығының еш уақытта ескірмейтіндігімен анықталады.

Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары өзінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Казақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми жөне халықгық педагогиканы карсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол - ғылыми білімдер тұрғысынан педагогиканың халықтыған анықтап ашып көрсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықтық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды.

Мақал-мәтелдер

 Заман түзелсе, 
Жаман да түзеледі. 
  
Ханның басын хан алар, 
Қардың басын қар алар.

Еңбек түбі — береке. 
Көптің түбі — мереке

Жұмбақтар жауаптарымен

Бір “әліп” мұнарадай көзім  көрген, 
Екі “мәт”, екі “сәкін” оған ерген. 
Болғанда “иа”ден камал, нұрдан гауһар, 
Болады кім данышпан мұны білген. 
/Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/.

Басы да екеу, 
Аяғы да екеу. 
                               (Қайшы) 
  
Қолтығыма кіреді, 
Қызуымды біледі. 
                                 (Градусник)


Информация о работе Этнопедагогика әдістері