Экологиялық ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 10:12, доклад

Краткое описание

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу,эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.
-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.
-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.
-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдары мен жеткізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (15).docx

— 192.51 Кб (Скачать документ)

3. Балалар алғанбілімдерінісжүзіндетәжіребие, басқа оқу іс-әрекеттерде көрсетебіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз.Келешекте балалар кім болса да ,олар қоршаған ортада рөльдерін бөліп , табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру –қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу –осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті-балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек .Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай ,оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек. 

 

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу,эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

-табиғат пен бала арасындағы  оңтайлы қарым-қатынас орнату.

-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдары мен жеткізу.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:

-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру.

-«Экологиялық соқпақ», «Қызыл  кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру,тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.

-үлестірмелі материалдар жинақтау (гербарий,суреттер жинағы,,табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б)

-экологиялық тақырып аясындағы  бағдарламаны жүзеге асыра білу жолдарын таба білу,басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері кезінде балаларға табиғат туралы жұмбақтар , мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, табиғат туралы ертегілер де оқуға болады.

 

. Экологиялық мәдениеттілікке  тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор  болмақ. Баланың сәби кезінен  экологиялық мәдениеттілік санасын  тәрбиелеу –осы мәселелердің  шешілу жолдарының бірі болып  табылады.

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

-өсімдіктермен жануарларды  күте білу дағдыларын қалыптастыру.

-қоршаған ортада алған  әсерлерін жеткізе білу,эмоциялық  көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын  жетілдіру.

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі  түрде жүзеге асыру.

-табиғат пен бала арасындағы  оңтайлы қарым-қатынас орнату.

-адамның табиғаттағы  тіршілік әрекеті және жеке  гигиена жайындағы білімдерді  тиімді жолдары мен жеткізу.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.

Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәрдемдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізеді. Ойын тәрбиешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.

 

 

Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық білімдерді, дағдыларды қалыптастыруда және көрсетуде жарыстық ойындар белсенділік танытқызады. Оларға: жарыстар, КТК, экологиялық викториналар, «Ғажайып дала» және т.б. жатады.

Мектепалды мекемелердің қолданыстарында саяхат ойындары басым қолданылады, оларда балалар сиқырлы жайлауға немесе теіңздің түбіне шолу жасайды.

Мектепалды балалармен жұмыс жасау барысында көбінесе келесідидактикалық ойындар үлкен  ықпал етеді: «Кім қайда тұрады?», «Ұшады, жүгіреді, секіреді» (тіршілік ету ортасына жануарлардың  бейімделуі);  «Кімде қандай үй» (экожүйе туралы); «Тірі-өлі», «Құстар-балықтар-жануарлар» (тірі ағзалардың дамуы және өсуі); «дұрыс жолды тап» (табиғатта өзін ұстау ережелері) және т.б.

Балалармен жұмыс жасау кезінде «Жұлдызды зообақ» атты дидактикалық ойынды қолданамыз. Ойынның  мақсаты: шоқжұлдыздармен таныстыру,  шоқжұлдыздарды құруды үйрету; адам қоршаған ортамен байланысты туралы білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ жұлдыздарды бақылау оларды жұлдыздар тобына  бөлуге әкеліп соққаны  туралы айту. (олардың долбаларын қосу арқылы әртүрлі жануарлардың және құстардың бейнелерін көуге болады). Балаларға ойынға қажет жабдықтар таратылады. (қағаз, шоқжұлдыздарды құрастыру үшін түрлі – түсті қааздар жасалған жұлдыздар). Мақпал қағазды шаршыларға сүйене отырып, балалар шоқжұлдыздарды жасайды, олардың атауларын табады. Бәрін дұрыс жасап, шоқжұлдыздарды дұрыс тапқан дар жеңеді.

«Жер бойынша жануарларды орналастыр» ойынының мақсаты: балаларды әр түрлі ауа райының жағдайларына бейімделе алатын жануарлар туралы түсінік беріп, Жердің әртүрлі белдеулерінде өмір сүретін жануарлармен таныстыру болып табылады.

Ойынның мазмұны:Өзіне бір материк таңдау.Сонда тұратын жануарларды теру.

Сол материкте өмір сүретін жануарларды кім тезірек орнастырады. Материктегі жануарлардың өмірі туралы әңгіме құрастыру.

Қатесіз жануарларды орнастырған, қызықты әңгіме құрастырған балаға текше беріледі. Көп текше жинаған бала ұтып алады.

Ойын  «Қатені түзе» ойыны жануарлардың тұрғылықты жерлерінің сыртқы келбетттеріне, мінездеріне, тамақтануларына қалай әсер ететінін анықтау үшін жүргізіледі. 

Мазмұны:Тәрбиеші  Жер картасында жануарлардың суреттерін немесе ойыншықтарын теріс орналастырады. Балалар қатені тауып, түзетуі қажет. Көп қателерді тауып, оларды түзеген бала жеңіп алады. 

Ойын  «Сәбиге ким көмектеседі?»

Мақсаты:өмір сүру ортасына жануарлардың бейімделуі туралы балалардың білімдерін тексеру.

Мазмұны:Жүргізуші жануардың суретін таңдап, «бөтен жағдайларға» орналастырады. Жануар саяхатқа аттанады, бірақ өзінің мекеніне оралғысы келеді, алайда жолда көптеген бөгеттер пайда болады. Саяхаттаушыға көмектесу үшін  балалар осы мәселеде көмек бере алатын басқа жануарды таңдау қажет. Бір жануарды бірнеше рет атауға болмайды. Ең көп көмекшілерді атаған бала жеңіп алады.

 

жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзкарасын қалыптастыру, оларды табиғатты таза ұстап, қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен қызмет еткен жерінде жоғары саналы, экологиялық білімді, азамат ретінде тәрбиелеу бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесінің бірі.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық ойындар