Инженер: кәсіп, мамандық, лауазым. Инженер және ғылыми әрекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 06:44, реферат

Краткое описание

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инденерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедег барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып араласып кеткен бүкіл - әлемдік, бұқаралық, әмбебеп құрылысқа айналды.

Содержание

Кіріспе
І. Инженер еңбегінің ерекшеліктері
ІІ. Инженерлік кәсіп
2.1 Инженер – техник
2.2 Инженер – конструктор
2.3 Инженер – технолог
2.4 Инженер – пайдаланушы
2.5 Инженер – экономист
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инженер кәсіп, мамандық, лауазым. Инженер және ғылыми.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

 

2.5 Инженер - экономист

Инженер – экономистің  негізгі қызметі өндірістік –  шарушылық  с  әрекетті  талдау,  нормативті  нұсқауларды  жасау, экономикалық  есеп  жүргізу болып  табылады. Инженер – экономистердің  жұмыс  кезеңінің маңызды  бөлігі  ұйымдастыру  мәселелерін  шешуге, өндірісшімен  кеңесуге, жоспарлауға,  техникалық  құжаттарды  жөндеуге  арналады. Шын  мәнісінде, инженер – экономист  инженерлік  мәселелерді  шешпейді,  бірақ  өзінің  жұмысы  орындалуы  үшін,  ол  техникалық  мәселелер  мен ҒТП нәтижелерін біоуі тиіс. Бұл мамандық  мәні  бойынша техникалық  және  гуманитарлық  мамандық  арасындағы «қосылыс» болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономистерге сұраныс арта  түеді, басқа салалардағы экономистер сияты   олардың да  маңызы  зор.

Кейбір  авторлар  инженер  қызметкерлер  қатарына  жоспарлаушы  -экономистерді, еңбек  және  еңбек  ақы  бойынша экономистерді  жатқызады, ал  біздің  көзқарасымыз  бойынша  бұл  инженер  атағының  дәлелсіз  таралуы.Өндірістік  кәсіпорындарда  қызмет  ететін  экономистер  «Еңбеккерлер  жиынтығының»  белгілі  бір  бөлігі болып  табылады, бұдан  олар  техникалық маман  болмайды.

Қорытынды

 

Инженерлер  мен  ғылымдардың  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізуінің  жолы - өндірістегі  инженерлер  мен  жоғары  техникалық  оқу орындарындағы ғалымдардың бірлесе ғылыми – техникалық  зерттеулер  жүргізуі  болып табылады. Оқу  сапасы  өндіріс  пен  ғылым  ұштасқанда  ғана  жоғары  болатыны  белгілі. Техникалық  оқу  орындарының  ғалымдары  өндіріс тапсырысы  бойынша  зерттеулер  жүргізеді. Оған  өндірістегі инженерлерді,  өздері  оқытып  жүрген  студенттерді  тартады. Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінің, басқа  техникалық  оқу  орындарының  тәжірибесі  мұндай  бірлесудің  өміршеңдігін  әбден  дәлелдеп  отыр. Инженерлер  мен  ғалымдарың  бірлесе  отырып  зерттеулер  жүргізуі – ғылыми – техникалық  басты  көздерінің  біріне  айналуда.

Өнім  өндіретін  де, ілгері  ұлттық  ғылымның  негізін  қалайтындар  да  осы  инженерлер. Жаңа  техника, технологиялар  заманында  елімізді  өркениетті елдердің  қатарына  қосатын  да  солар. Сондықтан  да  жерінің  асты  да, үсті  де  бай  Қазақстан  сияқты  алып  елге  білімді инженерлер  керек  екені  даусыз.


Информация о работе Инженер: кәсіп, мамандық, лауазым. Инженер және ғылыми әрекет