Инновациялық технологияларды қолдану
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030»
жолдауында: «...Студенттерді қазақстандық
патриотизм мен шығармашылық жағынан
дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу
аса қажет, . . . бүгіннен бастап ұлттық
мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық,
тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын.
Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін
іске асырушылар – жастар. Олай болса,
сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты
тәрбие беру әрине профессор оқытушыларға
байланысты.
Тәрбиенің
екінші сыңары – білім. Оқытушы алдындағы басты мақсат
– сапалы білім мен саналы тәрбие беру,
тұлғаның заман талабы мен ағымына сай
қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз
білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар
туындайды.Сабақты қалай пайдалы, қызықты
етіп өткізуге болады? Университеттен
шыққан студент бүгін алған білімнің пайдасы,
жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде
оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады?
Студент болашақ ұстаз ретінде бүгінгі
күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби
міндеттерді шешуге дайын болу үшін не
істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір
жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни
оқытушының жаңа қаруы ретінде инновациялық
әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация
дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық
әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек:
«Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең,
мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам,
мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден
инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін
табады.
Жаңа инновациялық әдістерді
пайдаланудың әдістері неде?
а) қазіргі уақыт жаңалық пен
инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа
білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған
оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. ә) жаңалықты пайдалану студенттің
ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын
ала болжам жасауға үйретеді.3) инновациялық
әдістер бұл белсенді оқыту әдістері.
Ақпаратты белсенді түрде сіңірген студент
жадында өздері айтқанның 82% сақталса,
өздері істегеннің 92% қалады.
Жаңа оқыту технологиясының
түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын
болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі
жоғарылап, өздерінің күштеріне деген
сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиясы» (студенттердің
интеллектуалды және шығармашылық потенциалын
дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың
«Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту
идеясы жүзеге асырылады).Сонымен қатар,
деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем,
әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі
жеткілікті, ізденімпаз студенттердің
30-40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен
дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде
орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе
төмен студенттер СӨЖ тапсырмаларды ысырып
қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды
да, оларды әбден меңгерген соң барып,
СӨЖ тапсырмаларға қайта айналып соғады.
Студент тапсырманың негізгі бөлігін
белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта
орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны
мен күрделілігін мұқият іріктеп аламын.
Сабақ кезінде интерактивті тақтамен
жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, оқытудың
әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды.
Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік
дәрежесін өзгерту арқылы студенттердің
материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін
ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге
жол ашады. Осы мақсатпен Ж.А.Қараевтың
деңгейлеп саралап оқыту технологиясын
пайдаланамыз.
Ол студенттердің оқу материалын
меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1.Репродуктивтік деңгей. Жоғарғы оқу орындарының
стандартты білім негізіндегі тапсырмалар
беріледі. Мұнда студент алған білімдеріне
және оқу құралдарында бар мәселелерге
байланысты құрылады.
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда студент оқытушының
түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты
пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей. Студент өзі ізденіп,
қосымша әдебиеттерді, интернетті пайдалана
отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды
орындауда студенттің ой белсенділігі
негізгі қызмет атқарады.
4.Шығармашылық деңгей. Студент таза өзіндік
дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз
етеді.
Қазіргі заманда студенттерге ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген
бағдарлы сөзі оқытушылардың алдына қойылар
міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша
қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып
отырған еліміздің білім беру саласында
нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім
туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын
ендіру, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк
бағдарламасының басым бағыттарының бірі
- бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту
жүйесін енгiзу болып табылады. Мақсаты: Білім беру процесінің
барлық қатысушыларының үздік білім беру
ресурстары мен технологияларына тең
қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық
қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы
компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте
еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ
компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі
тиіс.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық
технологияны дамыту білім беру саясатының
ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық
жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері
тез өсуде.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар
саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді
пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен
сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық
және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер
іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын
үшінші Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің
білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан
оқыту- үздіксіз білім формасы: тәжірибе
және даму болашағы» оқытуға арналған
бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық
атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш
рет білім берудің барлық деңгейлеріне
арналған екіжүзден аса электрондық басылымдар
ұсынылды.
Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялар әрбір студент білім беру
үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға
айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ
студенттің танымдық іс-әрекеттері күшейіп,
өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері
артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі
–электрондық оқулық. Ол студенттерді
даралай оқытуда жаңа информацияларды
жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім
мен біліктерді тесттік бақылауға арналған
программалық құрал.
Білім беру жүйесінде электронды
оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға
жетуге болады. Электронды оқулықтарды
пайдалану барысында студент екі жақты
білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік
білім. Электронды оқулықтарды пайдалану
студенттің өз бетінше шығармашылық жұмыс
жасауына, теориялық білімін практикамен
ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды
оқулыққа оқу технологиялары жинақталған.
Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту,
т.с.с. Электронды оқулық арқылы студент
көптеген қосымша материал ала алады,
осы алған мәліметтерін компьютерден
көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз
бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
Болашақ мұғалімдерді оқытуда
осы айтылған инновациялық технологияларды
пайдалану – шығармашылық жетістіктің
негізгі көзі және оқытушының кәсіби өсуінің
тура жолы.