Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:46, практическая работа
«Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді. Фольклор – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Ол дүниеге бірден келген жоқ, фольклордың қалыптасуына көптеген ғалымдардың еңбегі, білімі жұмсалды. Фольклорда Отан қорғау, отаншылдық сезім, елі үшін, жері үшін аянбай ерлік еткен батырлар туралы сөз болады.
Фольклор шығармаларының айырықша әсерлі болатын себебі – оның образдары есте тез қалады және де тілі ерекше көркем, әрі қарапайым тілде жеткізіледі.
Батылдық, әділдік, адамгершілік бәрі осының айналасында жинақталған.
Фольклордың бала тәрбиесіндегі
орны
Орындаған: “Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану” мамандығының
2 курс студенті Дуанбаева Т.А.
Ғылыми жетекші: Психология ғылымының кандидаты
Абалакова Б.Т.
«Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді. Фольклор – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Ол дүниеге бірден келген жоқ, фольклордың қалыптасуына көптеген ғалымдардың еңбегі, білімі жұмсалды. Фольклорда Отан қорғау, отаншылдық сезім, елі үшін, жері үшін аянбай ерлік еткен батырлар туралы сөз болады.
Фольклор шығармаларының
Батылдық, әділдік, адамгершілік
бәрі осының айналасында
Мақал-мәтел
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Ертегі
Эпостық жырлар
Фольклор
Мақал-мәтел – халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың құнды жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, жасөспірімдердің ақылына ақыл қосатын, болашағына дұрыс бағыт көрсететін, өмірдегі тәрбиелік ұғымдардың бірі.
Жұмбақ – өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Жұмбақ ұлттық мәдениетіміздің бір тарауы болып, адам баласының дүниетанымының, ой-өрісінің, білімінің ұлғая беруіне көмектесіп, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге тәрбиелейтін халық шығармасы.
ЕРТЕГІ - жамандықтан жиренудің, жақсыдан үйренудің үлгісі. Тәлім-тәрбиелік жағынан қазақ ертегілері – адамтанудың, елтанудың, сол арқылы қазақтанудың халықтық жанрына жатады. Ертегілер баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді.
Хайуанаттар
туралы
баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер
Қиял – ғажайып ертегілер
балаларды қуантатын, көңілдендіретін ертегілер түрі.
Батырлық ертегілер
Олардың еңбектері мен батылдығы, адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етіп айтылады.
Тұрмыс -салт
халықтың тарихи талаптарына байланысты туған.
Ертегінің түрлері:
Жаңылтпаш – қазақ ауыз әдебиетінің шағын түрі. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақты әр түрлі сөздерді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштардың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.
Қазақ халқы
жаңылтпаштарды бала
Бөбектің тілі
шығып, балдырған жасында
Ана тілін ардақтау сезімі
сөз қадірін білу сезімі қалыптасады
ой-қиялы дамиды
тәлім алады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың:
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Эпостық жырларды қазіргі кезде бөбектерден бастап үлкендердің де тыңдауға құштарлығы артуда. Қазақ эпосында әр дәуірдің идеялары қосылып қалыптасқан. Бірін-бірі сүйген адамдардың отбасы құруы және сол үшін күресуі, ата-анаға деген балалардың сый-құрметі, адамдарға мейірбандық көрсету сияқты мотивтер кейінгі дәуір қоспалары. Бұл қоспалар өзінің жағымды маңызын кейінгі кездерде де жоғалтқан жоқ.
Қазақ фольклорының маңызды, көлемді, жинақы түрі – батырлар жыры. Бұл шығармаларды қазақ халқының осы кезге дейін ұлт болып қалыптасуының отансүйгіштік негіздегі тарихнамасы деп айтуға болады. Батырлар жыры – халықтың өткен өмірінің жанды көрінісі. Сондықтан да батырлар жырының әлеуметтік, мәдени, тәрбиелік маңызы орасан зор деп айтуға әбден болады. Халқымыздың эпостық жырларының мазмұнына еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, үлкендерге құрметпен қарау, адамгершілік, имандылық, батылдық, мейірбандық, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік, т.б. тақырыптар арқау болады. «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларындағы басты идея – халықтық ізгілік пен отаншылдық қасиет болып табылады.
Балаларды ерлікке, батырлыққа, Отанды сүюге тәрбиелеуде батырлар жырының маңызы зор.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің батырлар жыры балалардың рухани байлығын арттыруда үлкен рөл атқарады
Балалардың бойында өз еліне деген жанашырлық, қамқор болу сезімдерін оятады.
Жырды оқыту арқылы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу- қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін мәселе.
Батырлар жырының бала тәрбиесіндегі
орны қандай?
Қорытынды
Бүгінгі таңда балаға өткен дәуірдегі әдебиет үлгілерімен таныстыру үшін оларға түсінікті тілмен жеткізіп, фольклордың тәрбиелік мәнін түсіндіре білуіміз шарт. Өйткені әр бала өзінің төл тарихы мен мәдениетін танып өсуі қажет. Сондықтан баланы ерте жастан бастап ежелгі тарихи жыр-дастандарды жаттап өсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін әрине, ұлттық руханиятымыздағы ежелгі түркі дүниесіне ортақ аңыз-әңгімелер мен жырларды, сонымен бірге ертегілерді бала санасына лайықты етіп, жас ерекшелігіне сай дағдыландыру қажет.
Қорыта келгенде, фольклордың ерекшелігі – халықты құрметтей білуге, Отан қорғауға, еңбек пен ерлікті қастерлеуге, досқа жылы қамқор көрсетуге, өнер мен білімді, адамгершілік құндылықтарды бала бойында қалыптастыру. Мұның бәрі жас ұрпақты алға қарай өрлей беруге тәрбиелейді.
Назарларыңызға Рахмет!