Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 19:27, реферат
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Грекия сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесін бір арнаға келтіріп, теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі ғылыми білімдер философия шеңберінде жинақталып, сол ғылым аумағында алғашқы педагогикалық тұжырымдар дүниеге келді. Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында дене мүшелері атқарған қуатты халық педагогикасы жасап келген. Инабаттылык, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халықтық қайталанбас өміршең жүйе түзілді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі ежелгі Грекия философиясында қалыптасқан.
Ежелгі мектептер және ондағы оқу-тәрбие жұмыстары
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия,
Египет, Грекия сынды аса дамыған елдерінде
сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесін
бір арнаға келтіріп, теория түзу қадамдары
жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам
жөніндегі ғылыми білімдер философия
шеңберінде жинақталып, сол ғылым аумағында
алғашқы педагогикалық тұжырымдар дүниеге
келді. Барша замандарда адамдардың рухани
және тән-дене дамуында дене мүшелері
атқарған қуатты халық педагогикасы жасап
келген. Инабаттылык, еңбектік, тән-дене
тәрбиесі бойынша халықтық қайталанбас
өміршең жүйе түзілді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі ежелгі
Грекия философиясында қалыптасқан. Оның
көрнекті өкілі Демокрит (460-3 70 ж. ж. б.э.д.),-
балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар
кітабын жазған. Ол сол уақыттың өзінде:
тәрбие адамды қайта жасайды және оны
өзгерте отырып, болмыс табигатын түзеді..
Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі
тәрбиеге көбірек тәуелді» деген, Адам
тәрбиесіне және тұлға қалыптасуына байланысты
идеялар мен тұжырымдар ежелгі Грек ойшылдары
Сократ (469-399жж. б.э.д), Платон (427-347 жж. б.э.д.),
Аристотель (384-322 жж, б.э.д.). Тертуллиан
(160-222 жж. б.э.д.) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дәуірінде Еуропада шіркеу
қуатқа мініп, тәрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Ғасырдан ғасырға догматикалық
оқу принциптері шыңдала берді. Бұл бағыт
Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік етті. Солай
болса да, өз философиялық тұжырымдарымен
педагогикаға үлес косқан шіркеу өкілдері
Августин (354-430 жж.), Фома Аквинский (1225-1274)
есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі
күйінде жалпы тәлімдік мектепті ойлап,
іске косқан Лойолла (1491-1556)және оның ізбасарлары.
Қайта Тіктелу заманы аса жарқын ойшыл
педагог гуманистерді ғьлым сахнасына
келтірді. Олардың қатарында голлаңдиялық
Эразм Роттердамский (1466-1536), италиялық
Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық
Франсуа Рабле (1483-1553) және Мишель Монтень
(1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен
әйгілі болды. Педагогика көп заманға
дейін философияның бөлігі болып келді,
тек қана XVII ғасырда ол дербес ғьлым лауазымына
ие бодцы. Осыдан педагогика бүгінгі күнде
де философиямен аса тығыз байланысқан.
Себебі бүл екі ғылымның да шұғылданатыны
Адам, оньң өмірі мен дамуьн зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп,
өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех
педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670)
есімімен байланысты, Оның 1654 жылы Амстердамда
жарық көрген «Ұлы дидактика» атты басты
еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық
кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтьлған
идеялардың көпшілігі осы күнге дейін
өзінің көкейкестілігін және ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған
табиги сәйкестік принципі, сынып-сабақтық
оқу жүйесі және басқа да оқу-үйретім принциптері,
әдістері, формалары педагогикалық теорияның
алтьн қорьнан орын иеледі. Ағылшын философы
және педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін
тәрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тәрбие
жөніндегі ойлар» атгы басты еңбегінде
ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін
іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу
мәнерлікпен ұштастыра білген адам - «джентельмен»
тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады,
XVIII ғасырда тәлім, тәрбие бойьнша өз шығармаларымен
танылған француз материалист-ағартушылары
Д Дидро (1713-1784), А. Гельвеций (1715-1771), П. Гольбах
(1723-1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-1778)
Педагогика тарихында И.Г.Песталоцийдің
(1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О,
сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен
жасап ЖАТҚАНЫҢДЫ мен байқап жүрмін, мен
саған көтерілуге жәрдем беремін» деп
жан айқайын салды, И.Г.Песталоций өз дегеніне
жетті. Мұғалімдерге адамгершілікке тәрбилеудің
ізгілікті теориясын үсыңды «Өзгерістерден
басқа тұрақты еш нәрсе жоқ» ДЕП ҮЙРЕТКЕН
НЕМІС ПЕДАГОГІ Фридрих А.В. Дистервег
(1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға
тән тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қайшылығын
зерттеген. Орыс ойшылдары, философтары
және жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер:
В.Г. Белинский (1881-1848), А.И. Герцен (1812-1870),
Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов
(1836-1561). Бүкіл әлемде Л.Н. Толстойдың (1828-1910)
ІІ.И. Пироговтың педагогикалық идеялары
әйгілі болды. Олар таптық мектепті қатаң
сынға алып, халықтық тәрбие саласын түбегейлі
өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тәлім, тәрбиелік жүйесі
ұлан-ғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың
тәлім, тәрбиелік қорына елеулі үлес қосқан
ұлы ақындарымыз Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин,
С.Торайғырұлы, Мақжан Жұмабаев және т.б.
Олардың тәлім, тәрбиелік өсиеттері талай
ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ арқау болары кәміл. Кемеңгер
Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында:
- «Мектептің жаны мұғалім. Мұгалім қандай
болса, мектебі ҺӘМ сондай болмақшы,.,.
Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастауымыз керек. Неге десек,
болмыстық та, биік те, халықтық та оқумен
түзеледі. Қазақ ішінде неше түрлі кемшіліктің
көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» ~ деген
ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің
ұлттық тәлім старатегиясының тұғыры
ретінде қабылдануда.
Тәрбие жолындағы жетекші рөл, мектеп
және мұғалімнің билігіңде: «Тәрбиедегі
барлық істер тәрбиеші тұлғасына негізделуі
тиіс, себебі тәрбие күші тұлғаның адамилық
қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір
жарғы немесе бағдарлама, ешқандай жасанды
мекеме қаншалықты айламен кадалылса
да, тәрбие жұмысындағы тұлға беделінің
орньн баса алмайды». Ушинский бүкіл педагогиканы
қайта қарастыруды, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім ұсыну жүйесін толығымен
түбейгелі қайта құруды талап етті: «.....теориядан
алшақтаған педагогикалық практиканың
бір өзі - медицинадағы тәуіпшілдікпен
тең».
ХІХ ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында
педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды
зертеле бастады. Ол жерде адам тәрбиелеудің
жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді,
әрбір адамға белгілеген мақсаттарына
тез әрі табысты жетуге мүмкіндік беретін
тиімді тәлім технологиялары қалыптасып,
тәжірибеге енді.
Америка педагогикасыньң белгілі өкілдерінің
бірі Джон Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары
бүкіл батыс Еуропа, Америка мен Австралия
аймақтарында педагогикалық ойдың дамуьна
үлкен ықпал жасады. Американ педагогтарының
көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-1949)
оқу-үйретім үдерісін зерттеумен атын
әйгілеп, әрекетшең-іскерлік- бихевиористік
тәрбие технологиясын бүкіл әлемге жария
етті.
Бүкіл әлемде аты таньмал американ педагогы
және дәрігері Бенджамен Спок. Ол қауымға,
бір қарағанда карапайым ғана, тәрбиеде
басты не болу керек: каталдық па, не қайрымдылық
па - деген сұрақ койып, көпшіліктің санасына
жаңа тәрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың
астарынан күтілген жауап - пдагогика
қай бағытта: әміршіл-әкімшіл немесе гуманистік
- жолмен дамуы қажет пе? Оны Б.Спок өзінің
«Бала және оған қамқорлық», «Анамен сухбат»
және т.б. еңбектерінде іздестірді.
XX ғасырдың басында әлемдік педагогикада
еркін тәрбие және бала тұлғасының даму
идеялары белсенді жария етіле бастады.
Бұл бағдарда көп еңбек сіңірген италиян
мұғалімі Мария Монтессори (1870-1852) болды.
Өзінің «Ғылыми педагогика әдістемесі»
кітабыңда ол балалық жас мүмкіндіктерін
барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп
бақты. Себебі, сәбилік шақтағы бала дамуы
үлкен тәрбиелік табыстарға есік ашады.
Мектеп ісінің басты формасы өзіндік оқу-үйренім
жұмыстары болуы қажет. Монтессори шәкірттердің
жекелеп тәлім алуына ыңғайлы грамматикалық,
математикалық, биология - жаратылыстану
және басқа пәндерге арнап дидактикалық
материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының
ерекшелігі, оларды пайдалана отырып,
шәкірт өз кемшіліктерін-қателіктерін
табады және оларды түзетеді. Бүгінгі
күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори
жүйесінің талаптарлары мен қолдаушылары
баршьлық. Осы бағытта түзілген «бала-бақша
– мектеп» іске қосылып, балаларды еркін
тәрбелеу идеясы өз жемісін беруде.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік
педагогика жаңа қоғамдағы адам тәрбиесі
идеяларьн өзіндік түсінім жолымен дамыта
бастады, Жаңа педагогикаға байланысты
шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен
қатысқан белгілі педагог-ғалымдар: С.Т.
Шацкий (1878-1934), П.П. Блонский (1884-1941), А.П.
Линкевич (1884-1939) болды. Социалистік дәуір
педагогикасын танымал еткен Н.К. Крупская,
А.С. Макаренко, В,А. Сухомлинский еңбектері.
Надежда Канстантиновна Крупскаяның (1869-1939)
теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін
қалыптастыру, сыныптан тыс тәрбиелік
жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола
бастаған пионер қозғалысы проблемаларының
төңірегінде шоғырланды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар
ұжымына педагогикалық басшьшық, еңбек
тәрбиесі, саналы тәртіп қалыптастыру
және балаларды от басында тәрбиелеу әдістемелеріне
(байланысты идеяларды қортындылап, оларды
практикада іске асыру принциптерін ұсынды,
әрі өзі оларды тәжірибе тексеруінен өткізді.
Николай Александрович Сухомлинский (1918-1970)
өз зерттеулерін жастарды тәрбиелеудің
моральдық проблемаларымен байланыстырды.
Оның дидактикалық кеңестері мен нақты
да дәл бақылаулары қазіргі педагогикалық
ой дамуы және қоғамды қайта түзу дәуіріндегі
мектеп дағдысы жөніндегі ұсыныстары
өз маңызын әлі де сақтауда, сонымен бірге
тәлім саласын жаңаша түсінуде үлкен жәрдемін
тигізіп отыр.
Халықты білімдендіру арнасында ХХ-ғасырдың
40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың
бірі Михаил Алексевич Данилов (1899-1973).
Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап
шықты. («Бастауыш білім беру міндеттері
мен ерекшеліктері», 1943), 1947жылы «Адамньң
ақьл - парасат және моральдық дамуында
бастауыш мектептің рөлі» кітабын жазып,
мұғалімдерге арналған көптеген жетекші
әдістемелік құралдар жариялады. Олар
осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас
құралдарына айнальп отыр.
70-80 жылдары мектеп проблемаларымен академик
Л.В, Занковтың ғылыми зертханасы белсенді
айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері
нәтижесінде мектеп жасьндағы балаларды
үйретудің жаңа, шәкірттердің танымдық
мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі
пайда болды. 80-жылдардың аяғында бұрынғы
Кеңес республикаларында мектепті жаңалау
мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл
қызметтестік педагогикасының туындауынан
көрінеді. Осы дәуірдегі жаңашьл педагогиканы
дамытуға ат салысқан педагог-ғалымдар
мен бірегей шығармашыл мұғалімдердің
көптеп аты таныла бастады. Олардың арасында
Ш.А. Амонашвили, Л.С. Соловейчик, В.Ф, Шаталов,
Н.П. Гузик, Н.Н. Палтышев, В.А. Караковский
және басқалар болды. Бүкіл елге белгілі
болған мәскеулік бастауыш мектеп мұғалімі
С.Н. Лысенкова «Қалайша жеңіл оқуға болады»
атты кітабын жариялап, онда бастауыш
мектеп окушыларыньң оқу істерін схема,
тірек таратымдар, кестелер пайдалану
арқылы басқару тәсілдерін көрсетіп берді.
Сонымен бірге С.Н. Лысенкова «Ілгерілестірілген
оқу» әдістемесін жасады.
Бүгінгі кезенде педагогика өзінің диалектикалық,
өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен
қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда
педагогиканың бірнеше салаларында келелі
табыстар қолға кіргізіледі, әсіресе мұндай
жетістіктер мектепке дейінгі және бастауьш
мектептегі оқу-үйретім жаңа технологияларын
жасауда көрініс берді, Сапалы оқу бағдарламаларьмен
жабдықталған казіргі заман компьютерлері
оқу-үйретім үдерісін басқаруда үлкен
жәрдемін тигізуде. Соньң нәтижесінде
сабақ барысында аз қуат пен уақыт жұмсап,
жоғары нәтижелерге жету мүмкіндіктері
пайда болды. Тәрбиенің жетілген әдістемелерін
жасау бағытында да пайдалы өзгерістер
қолға тиді. Ғылыми - өндірістік кешендер,
авторлық мектептер, эксперименталды
оқу-тәрбие алаңдары-ұнамды өзгерістер
жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық
жаңалықтар өмірге ене бастады
Информация о работе Ежелгі мектептер және ондағы оқу-тәрбие жұмыстары