Етістіктің шақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3
І. Бөлім. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................5
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі................9
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі...............13
ІІ. Бөлім. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.......................................................................................23
ІІ.2. Етістіктің келер шағы....................................................................................30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы....................................................................................33
Қорытынды..........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

етістік шақ курс.doc

— 225.00 Кб (Скачать документ)

Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген  еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка»  кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого – татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса,  З.А.Алексеев  1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского  языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.

В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деген еңбегінде «де» етістігі туралы: «В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт и кончается глаголом  «та». Иногда такая речь кончается словами «так айтты».

...Часто глагол  айт словом пропускается», - деп  түсіндіреді. (3 ()).

Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды.

Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер  қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар. Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б.

Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп сөз болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.

Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие болса, көне түркі  тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров, т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53, (186 - 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее - переходное) бар деген пікір айтады.

А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне  сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды//-ді, - дук//-дүк], келер шақ [ -ғай//-гей, - ға//-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее), белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар//-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым//- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 - 152).

Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді – кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі –ады//-еді қосымшалардың –а турур//-е турур аналиткалық формасынан –ыпты//-іпті қосымшасының –ып турур//-іп турур аналитикалық формасынан  -атын//-етін қоысмшасының а тұрған//е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген.

Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден – қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы әдіске тікелей байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының  қазақ тіл білімінде зерттелуі.

 

Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан  да, жарияланған еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай ында мәнді пікір мүмкін емес.

Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын.

1930 жылдардан  бастап морфологиялық жеке мәселелріне  арналған шағын көлемді әсіресе  сол кездегі баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми  – педогоикалық журналдар –  «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі – жиі көріне бастады. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.

Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.

1950 жылдан бері  қарайғы уақыт ішінде морфологияның  жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20–ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың, А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың, Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.

Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралы» оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: «Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.

 Етістік сөздердің  сұрауы не етпек? Не істемек? Не  қылмақ? Не болмақ? Етістіктің жалпы  сұрауы не етпак?

...Сондай не  етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер–бәрі де етістік болады» (6)–деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді.

1915 жылы Орынбордан  шыққан «Тіл құралында» етістікке: «Етістік дегеніміз» - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер» (7) дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл құралы» 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.

30 – жылдардағы  Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.

Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді.

Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10) есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың (12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.

Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің «Қарақалпақ тілі» еңбегінде сөз тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.

  Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.

Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.

Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.

С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.

1967 жылы «Қазақ  тілінің граматикасы» атты екі  том еңбек басылып шықты. А.Ысқақовтың  морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында оқыту және оны зерттеу, 40 – жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде «Қазіргі қазақ тілі, морфология» деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.

 

Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер – етістік.

Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.

Етістіктің  лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын, табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық  мағыналары да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.

Етістіктің    лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі –ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.

Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді. Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын  мыңдаған  лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады.

Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе алмайды.

Етістіктің лексика –семантикалық , лексика граматикалық және граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін формалары бар.

Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге  семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса,  екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және салттлық, категориялары бар.

Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады. Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымда анықталады.

Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал -әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең  негізгі граматикалық категория болып есептеледі.

Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық категория.

Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта, мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.

Информация о работе Етістіктің шақтары