Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 17:26, реферат
Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№5 «Балғын» балабақшасы тәрбиешісі
Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Елжандылық тәрбиесінің қазіргі қоғам жағдайындағы бағыттары
Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен елжандылық туралы біздің көрнекті жазушыларымыз бен ғұламаларымыз өздерінің көрнекті ой – пікірлерін қалдырып отырған. Осы ретте аты аңызға айналған Б.Момышұлы: «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік тәуелді екенді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым, оны жеке адам барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», - деп терең және жан - жақты анықтама берген. Б.Момұшұлының анықтамасы бойынша ұлттық елжандылық мыналардан тұрады.
Осыдан бастап елжандылыққа тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Жазушы Ә.Нұршайықов: «бала күнен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды», - деп елжандылық тәрбиесін берудегі отбасының маңызына тоқталып өткен. «Тәрбиенің күшімен шындалған патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ етіп, Отанды басқыншы жаудан қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді», - дейді жазушы
Еліміздің өткен тарихына көз жіберсек, елжандылықтың керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, , қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата – бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқасақ батырларымыздың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі елжандылыққа тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ, елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қалмаған. Осыдан сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отаншылдық сезімін қалыптасуына ата – ана, ауыл - аймағы күшті болғанын көреміз. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында елжангдылық сезімінің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды. Бұл ретті қазақ халқының батыр ұлы Б.Момышұлының: «Бұл менің ошағым, Отанымның ошағы, Отан болмаса, ошағымда болмас еді, менің үйім де, ошағым да Отанымдікі» дейді.
«Адамның адамдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп ұлы Абай айтқандай, елжандылық пен адамшылдықтың дәнін, ізгіліктің нәзігін себетін – ұлағатты ұстаз. Болашақ париоттардың Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, елжандыллыққа тәрбиелеу міне осы ұстаздарға тікелей байланысты. Ұстаздар оқу үрдісінде болашақ патриоттарды тәрбиелеуде мынадай факторларды еске түсіруі қажет:
Білімді адамның бәрі тәрбиелі деу қиын. Сондықтан да жас буынға берілетін білім мен елжандылық тәрбиесі құстың қос қанатындай қатар жүргізілуі тиіс.
Адамның патриоттық сезімі өз әкелері мен ата – бабалырының ерлік істеріне көзқарасын, оның қоғамдық мүддеге, Отан игілігіне бағытталған еңбегіне қарым – қатынасынан қалыптасады. В.А.Сухомлинскийдің айтқан мына пікірі бұған дәлел: «мен бүгін біз еңбек етіп жатқан мына бір төбе үшін, батыр қанын төкті деген ойдың бала жүрегінің бұлқына соққанына қол жеткіздім. Сезім сенімді бекітеді. Отан игілігі үшін туған жерінде жасаған еңбек – бұл ұлы бақыт, адамдар сол үшін қиян - кесті соғысқа барған. Адам жүрегінің қиян түкпіріндегі ар дауысы оянады; сен жарқын күннің астында жүрсін, ашық аспанға қарайсың, мұның бәрі бір ғана себебі, үйеңкі мен қайыңдар астында, емендер мен алма ағштарының астында сен үшін өмір мен жарықты сақтағандар жатыр».
Қазақ халқында ар намыс, ождан сөзі ежелден -ақ отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерімен астасып жатады. Осыған орай мақал - мәтелдер, қанатты сөздер толып жатыр, осының өзі өсіп келе жатқан жас буындарды елжандылыққа тәрбиелеудің мектебі екені рас.
Елжандылықтың тағы бір бірден бір өте дамыған формасы – ұлтаралық достық, яғни интернационализм. Бұл ұлттық мақтаныш сезімінің бірлігінен, елімізде мекендеген барлық ұлттар мен халықтарға құрмет, туысқандық қарым- қатынаста көрінеді. Қазақстанның патриоты тек қазақтар болады, алда да солай бола бермек десек, сыңар жақты түсінікте болғанымыз. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдерінің өмір сүруі Қазақстанның өзінің тарихи меншігінде қазақ ұлты құраған біртұтас мемлекет екенін жоққа шығрмайды.
Отанға сүйіспеншілік – бұл әбден нақты сезім, оның қалыптасуы туған табиғатпен араласудан, туған жерге сүйіспеншіліктен басталады. Ал осы сезімді әрі қарай дамытып, арттыратын отбасы мен ұстаз. Сол себеті ұлттық сана – сезімге, рухани білімге ұмтылу, ертеңгі ұлт болашағын қорғайтын жас жеткіншектер мен оларға елжандылық тәрбиесін беретін болашақ ұстаздарға бүгінгі күннен бастап адамгершілік тұрғыдан рухани тәрбие берсе, онда жас жеткіншектердің елжанды, өз отанын сүйетін нағыз азамат болып өсетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Елжандылық тәрбиесінің қазіргі қоғам жағдайындағы бағыттары