Әдістемелік жобада эпикалық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 19:09, творческая работа

Краткое описание

Әдістемелік жобада эпикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын тиімді әдістердің төмендегі түрлері қарастырылды:
1. Қарама-қайшы элементтер;
2. Қос жазба күнделік;
3. Әдебиет үйірмесі;
4. ЖИГСО-1 стратегиясы;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ әд. әдістеме.ppt

— 115.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Әдістемелік жоба тақырыбы:

Мектепте эпикалық шығармаларды

оқытудың тиімді жолдары

 

 

 

 
Әдістемелік жоба авторы: 
СҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты  
 
Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы 

 

 

Әдістемелік жобаның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы  төмендегідей нормативтік құжаттарға негізделеді:

 

1) Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы;

 

2) 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы;

 

3) Этномәдени білім берудің концепциясы;

 

4) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында сөйлеген сөзі.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
Әдістемелік жобада эпикалық шығармаларды  оқытуда қолданылатын тиімді әдістердің  төмендегі түрлері  қарастырылды: 
1. Қарама-қайшы элементтер;  
2. Қос жазба күнделік; 
3. Әдебиет  үйірмесі; 
4. ЖИГСО-1 стратегиясы; 
 
 
 
 
 

 

 

5. “Аргументтер қақтығысы” іскери ойыны

6. “Идеялар тоғысы” іскери ойыны

7. “Зерттеуші зердесі” іскери ойыны

8. “Әдеби-ғылыми конференция” іскери ойыны

 

 

       М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын оқытуда СТО жобасының “Қарама-қайшылық элементтер” стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға поэманың негізгі идеялық нысаны–патриоттық рухты таныту. 
 
      Мақсаты: Басты образдарды талдау үшін, олардың ішкі-жан дүниесін ашу.

 

 

  1. Бірақ қалмақ қызы-мен жат жерге жол тартады
  2. Бірақ оны өз қолымен өлтіреді

 

3.  Бірақ қалмақ әскеріне аз қолмен шабуыл жасайды.

 

  1. Ноян ел намысын жоғары   ұстайды

 

  1. Баян туған бауырын жанындай жақсы көреді

3.  Баян қалмақтардың соңынан аз қолмен бару қауіпті екенін біледі

 

Қарама-қайшы элементтер

 

 

     М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын-дағы басты образдың ішкі жан-дүниесіндегі қарама-қайшылықтарды талдай отырып, оқушыларды олардың іс-әрекетіне баға беруге дағдыландыру

 

1.Бірақ ол аққуға оқ атты

 

2.Бірақ ол баланы аққумен аластау керек деді

3. Бірақ аққуды атуға бармады

 

1. Ана аққуды атуға болмайтындығын біледі

2. Тәуіп шал аққудың киелі құс екенін біледі

3. Әке бала жанына араша түскісі келеді

 

Қарама -қайшы  элементтер

 

 

     М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын оқытуда  СТО жобасы бойынша “Қос жазба күнделік” әдісін қолдану.  
     Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін  дамыту, өзіндік ой пікірін қалыптастыру

 

 

    М.Жұмабаев кісендеулі қолын емес, қызыл тіліне деп өзінің шы-ғармашылық еркіндігінен айыры-лып отырғанын көрсеткен. Адам-ның ой еркіндігінен айрылу бұл өзін-өзі жоғалту болып табылады.

    Бұл тұста мен көршілес алпа-уыт елдер  Ресей мен Қытайдың Қазақстан экономикасына, мәде-ниетіне  ықпалы сонау Абылай заманында қалай болса, бүгінде солай екенін айқын танып отыр-ған.  Абылайдай дана саясаткер-дің сара жолын Елбасымыз  бү-гінде ұстанып отырғаны баршаға аян.

 

1) Жүрегім, мен зарлымын жаралыға 

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

 

 

2) Арқаға аяқ салып, түскен барып,

Екі оттың – орыс, қытай арасына

Күндерде сонау-қара, тапсырған елі,

Тағдырын Абылайдай  данасына.

 

 

Бұл туралы мен не ойлаймын

 

Маған әсер еткен эпизод

 

 

 
         
         М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасына толық талдау жүргізу мақсатында СТО жобасы бойынша “Әдебиет үйірмесі” стратегиясын қолдану 
      Мақсаты: Оқушылардың шығарманы толық талдау дағдысын қалыптастыру. 
Жазушы (Образдар арқылы авторлық көзқарасты  тану) 
Суретші (шығармадағы бейнелі көріністерді табушы)  
Өмірмен байланыстырушы (шығарманың идеялық  астарын танушы) 
Көркем тілтанушы (көркем тілдік талдау)  
Қуғыншы (сюжет желісін талдаушы) 
Реттеуші (шығарманың композициялық құрылымын талдау) 
 

 

 

М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасының мазмұнын игеру мақсатында  СТО жобасы бойынша ЖИГСО-1 стратегиясын пайдалану. 
Мақсаты: оқушылар жеке және топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру; 
Жанұя тобы 4 оқушы  
Жұмыс тобы 5 оқушы

 

І бөлім  І топта

 

ІІ бөлім  ІІ топта

 

ІІІ бөлім  ІІІ топта

 

ІV бөлім  4 топта

 

 

Студенттерге сауалдар қою арқылы сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерге қатысты ойларын айтқызу. 
Мақсаты: Болашақ мамандарға әрбір сабаққа шығарманың идеялық негізіне, көркем  тіліне орай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап ала білуге үйрету

 

    Оқушы бір мәселеге екі жақты тұрғыда келуге тыры-сады. Бағалай білуге дағдыланады.

    Үзіндінің негізгі идеялық нысанын бүгінгі өмірмен байланыстыру қажет және өз тұжырымың  болуы керек.

     Оқушының өзіне, өз білі-міне деген сенімділігі артады

 

1.“Қарама-қайшы элементтерді” қолданудың тиімділігі неде деп ойлайсың?

 

2. “Қос жазба күнделік” әдісін қолдануда қандай қиындық кездесті?

 

3.“ЖИГСО-1” әдісін қолданудың  тиімділігі неде?

 

 

           “ Аргументтер

қақтығысы” іскери ойынын екі бағытта қолдануға болады .   

 

 

 

Бір жазушы шығармашылығындағы ұқсас

 туындылар негізінде өткізу;

Екі қаламгер шығармаларындағы ұқсастық 

пен айырмашылықты көрсету;

 

 

 

Ә.Кекілбаев “Аңыздың ақыры”,

 повесіндегі 

символдық бейнелер автор 

дүниетанымын танытады.

М.Мағауиннің “Тазының өлімі”, 

повесіндегі 

символдық бейнелер автор 

дүниетанымын танытпайды

 

 

 

І.Есенберлиннің “Көшпенділер” 

трилогиясы     

және Қ.Жұмаділовтің “Дарабоз” 

романындағы 

тарихи тұлғалардың 

бейнеленуі  шындыққа негізделген.

 

 

 

 

І.Есенберлиннің “Көшпенділер” 

трилогиясы      және Қ.Жұмаділовтің “Дарабоз” 

 романында тарихи тұлғалардың бейнеленуінде көркемдік қиял басым.

 

 

“Идеялар тоғысы” атты іскери ойынды 

11 сынып бағдарламасы бойынша 

“М.Жұмабаев поэзиясын оқытуда не маңызды?” 

 деген тақырыптағы баяндама негізінде қолдану.

 

 

 

Іскери ойынның бірінші кезеңінде әрбір топ өздерінің ең өткір идеяларын жазып, ортаға шығарады.

Нақты мысалдар келтіретін болсақ,

  • М.Жұмабаев лирикасының көркем тілін оның идеясы негізінде талдау қажет.
  • Ақын дастандарындағы образдарды автор прототипі ретінде қарастыру керек.

 

 

 

Екінші кезеңде қатынасушылар төмендегідей жаңа топтарға бірігеді:

1. Аналитиктер тобы

2. Сыншылар тобы

3. Конструктивистер тобы

 

 

 

Аналитиктер тобы көтерілген идеялардың тиімділігін, тәжірибемен байланыстылығын көрсетеді.

Сыншылар тобы идеяның дұрыс-бұрыстығына көңіл аударады.

Конструктивистер тобы осы идеялардың жүзеге асу мүмкіндігін қарастырады.

 

 

“Зерттеуші зердесі” іскери ойыны дөңгелек үстел негізінде жүргізіледі.

Мақсаты: оқушыларға  алдын-ала ұсынылған тақырыптар бойынша зерттеу сипатында жазылған баяндамаларды талқылау.   

 

 

Дөңгелек үстелде мәселені талқылау барысында оқушылардың өнімді ойлау, нақты да дәлелді сөйлеуіне алдын-ала таратылып берілген бағыттаушы тапсырмалар тірек болады.

 

 

Бағыттаушы тапсырмалар:

  • Өзіңіздің дайындап әкелген баяндамаңызда көтерілген негізгі мәселені алып шығыңыз.
  • Баяндамаңыздың материалдарын пайдалана отырып, дәлелдеңіз:
  • сіз көтеріп отырған мәселенің көкейкестілігін;
  • сіз көтеріп отырған мәселенің теориялық маңызын;
  • сіз көтеріп отырған мәселенің тәжірибелік маңызын;
  • сіз көтеріп отырған мәселенің жүзеге асу мүмкіндігін

 

 

“Әдеби-ғылыми конференция” атты іскери ойын дөңгелек үстел  негізінде өткізіледі.

Тақырыбы: “Қазақ тарихи романдарындағы Абылайхан бейнесі” (11 сынып бағдарламасы бойынша).

Мақсаты: Абылай бейнесіне жан-жақты талдау жүргізу.

 

 

Дөңгелек үстелге  қатысатын мамандар:

  1. әдебиеттанушы
  2. әлеуметтанушы
  3. психолог
  4. лингвист
  5. әдіскер мұғалім
  6. саясаттанушы

 

 

Назарларыңызға рақмет!


Информация о работе Әдістемелік жобада эпикалық