Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:39, реферат
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: “Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады ”.
Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған прграммалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең,мысалы,бақылайтын және тест жүргізетін программалар,компьютерлік ойындар,ақпараттық жүйелер,оқыту орталығы электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.
Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды
өз бетімен білім алуға дағдыландыру
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: “Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады ”.
Қазақстан Республикасындағы
білім ақпараттандыру жүйесін
ары қарай дамыту процесін
оқып үйренудің ақпараттық
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі.Ал,оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті.Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені,ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді.Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуда,жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып,содан соң содан бастау керек», - дейді. Химия пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.
Компьютерді қосымша оқыту
жабдығы ретінде пайдалану
Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен мектептеріміз толық қамтамасыз етілген. Сондықтан мұғалімдер көп ізденіп,көп еңбек етуі қажет.
Пән мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының жұмысында елеулі ерекшеліктері,айырмашылықтары бар.Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп,сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады.
Дидактикалық материалдар оқулық негізінде алынған өзіндік,бақылау және тестік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының,қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға
енетін өзіндік жеке жұмыстар тек
оқыту сипатына,жаңа өтілген материалдарды
пысықтауға және бекітуге арналып беріледі.Ол
тапсырмалар оқушылардың
Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық,түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып,
Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қай түрі болса да,оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор.Ойые элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып,мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойые түрлерін қолданамын.Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады.Ал мұның өзі оқушының белсенділігін,дербес ойлануын,қызығуын арттырып,сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді.Ойынның қандай түрі болса да жалқау,енжар балалардың ынтасын арттырып,білімген қызықтырады.
Дидактикалық ойындар
арнайы мақсаты көздейді және нақты
міндетті атқарады.Ойынның мақсаты-
Ойынның міндеті баланың
қызығушылыңын туғызып,
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп.Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне,сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып,оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп,жаңа тақырыпты өткенде,өтілген материалды қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. .Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн.Оқушы ойын іс әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын,ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып,пәндік білім,білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға,оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне,шеберлік танытуына,ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға,ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып,тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліусіз.Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп.Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.
1.«Көкпар» ойыны.Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді.Мұғалім сұрақтар қояды.Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса,сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді,яғни жауап береді.Жауап толық болмаса,қайтадан қол көтеріліп толықтырылады.Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады,ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1.Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.
2.Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.
3.Параметрлері цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.
4.Графиктік операторларды атаңдар.
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға,операторларды дұрыс жаза білуге,функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге,жылдамдыққ дағдыландырып,есте сақтау қабілетін дамытады,пәнге қызығушылыған арттырады.
2.Арқан тартысу ойыны.Ойынның шарты. Бейорганикалық химияның негізгі кластарының аттары көрсетіледі. Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді. Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса,сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады.Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады.Жауап беру келесі топқа өтеді.Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе,сол топ жеңді деп есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі:алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы,оқушылардың есте сақтау,тез ойлану қабілеттерін дамытып,оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссворды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады.Кроссворд жасау-үй жұмысы.Балалар әдебиетпен танысып,терминдерді қайталайды,жаңа ұғымдарды біледі.Мұғалім олардың тереңдігін,жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрднлігін,қателерді тексереді.Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды,сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады,олардың тек компьютерге жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес,пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс иазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады.Онда ол бір жаңалық ашқандай болады.Алған білімі есінде ұзақ сақталып,пән бойынша білім сапасы артады,дүние танымы жан-жақты болады. Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді,ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар,дидактикалық материалдар,көрнекі құралдар,кітаптар және журналдарды көптеп пайдалану керек. Журналдардағы химия ғылымындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда химияны өз бетінше оқуына дағдыландырады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып,бір тапсырма беруге болады. .Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да,олар есепті талқылап,шығару жолын қарастырып, шығарған есептерін бірлесіп қорғайды.Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса,яғни дұрыс жауап бермесе,екіншісінің де бағасы төмендетіледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді,оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Осы жерде деңгейлік жеке
тапсырмалардың,деңгейлік
Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:
Деңгейлік үлестірмелі қағаздардың тиімділігі:
Ұжымдық перфокарталар
Тестік сынақ жұмыстарының