Дидактика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 19:09, реферат

Краткое описание

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Содержание

1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.
2. Дидактика және жеке әдістемелер.
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
4. Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтері.
5. Оқыту процесінің негізгі қүрамдық бөліктері.
6. Оқушылардың білімді үғыну сатылары.
7. Оқытудық түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқыту теориясы.doc

— 173.00 Кб (Скачать документ)

Баспа әрпімен  терілген модульмен жұмыс істеу  үшін балалар жақсы жүргізіп оқи  білу керек. Сондықтан модульдық  оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.

 

Біліміне қарай  саралап оқыту

Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту  саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.

Саралап оқыту  үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдасауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.

Егер саралап  оқыту жекелеген оқушыларға қатысты  болса, омда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.

Әсіресе оқу  қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар  аудару керек. Баланың оқуын қиындататын  көптеген себептер бар.

Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.

Қозғалыс іскерлігі  дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.

Кейбір оқушылардың  кеңістік туралы түсініктері дұрыс  дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.

Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым  тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.

Дисграфия - дыбысты  әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф  балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.

Дислекция - дыбысты  қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда  байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн төртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет.

Әр түрлі  ауытқулары бар оқушылар саны азаймай  отырғандықтан кейбір мектептерде  теңестіру сыныптары, түзету топтары  ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына  жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.

Жекелеп оқыту  үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың  мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері:

•  тапсырманың  мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оңитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;

•  тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы оқитын оқушыларға көп, күрделі тапсырмалар  беріледі;

•  тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындауды жеңілдету үшін көмекші материалдар;

•  сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі, күрделілік деңгейі де әр түрлі тапсырмалар  жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі;

•  тапсырманың  бірнеше варианттарын оқушылар таңдайды. Бұл тәсіл көбіне материалды бекіту кезінде қолданылады.

Математика  сабағында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: "Бірінші күні бақшаға 8 қатар алма ағашын отырғызды. Әрбір  қатарда 6 алма ағаштары бар. 2 күні тағы да 4 қатарға 12 алма ағашын отырғызды. 2 күнде барлығы қанша алма ағашы отырғызылды?" Жақсы оқитын оқушылар белгіленген уақытта осы есепті, осыған ұқсас есепті шығарып немесе құрастырады. 2-топ өздеріне белгілі тәсілмен шығарады. 3-топ (үлгерімі өте нашар) есепті тірек сызба, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы шығарады.

Тәжірибеде  есепті шығару үшін мынадай саралау  тәсілдері сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін  көрсетті:

•  өздік  жұмыстың бір вариантын жеңілдету  және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру;

•  есептерді оқушылардың деңгейіне қарай беру; Математика сабағында жақсы оқитын оқушылар тапсырманы тез орындап, бос отырады. Тәжірибелі мұғалімдер оларға күрделі, қосымша тапсырмалар жазылған карточкалар әзірлеп әкеледі.

Саралап оқытуды  қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оңитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіріледі.

Сонымен саралап  оқыту барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады.

 

Топтық оқыту

Өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту (жұптың оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс  істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.

Топтьщ бір  тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топішінде  өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.

Топтардың бір-бірін  оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер  және эксперимент жасаушылар уақытша  бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.

Мұғалім рөліндегі  оқушы - бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады.

Топтарды құру тәсілдері:

•  формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны  немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру;

•  оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына  себепші болады;

•  оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;

•  сынып  немесе мұғалім алдымен белгілі  бір өлшемдер бойынша болашақ  топтың жетекшілерін таңдап, жетекші  топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек:

•  мұғалім  өз тобына балалар қабылдайтын оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған  топтарда жаңа топ жетекшілері слйланады.

•  мұғалім  немесе оқушы тақырыптың негізгі  сұрақтарының тіиімін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған тоіща кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын  топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады.

•  алдымен  топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы  жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың  ңүрамынакіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына  байланысты.

•  бір тақырып  бойынша жан-жақты білім алу. Мысалы "тарих", "техника", "тәжірибе", "есеп", "ойын", "қиын мәселе". Оқушылар өздерінің нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет түрлерін таңдап, топтарға бірігеді.

Топтық жұмысты  оқушылардың өздерінің ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді тапсыру формасын береді. Топ эксперимент өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға, экскурсияға барады. Мұндай форма топтық жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады.

Топтарды кезең  бойынша құру. Алдымен 3-5 оқушы тақырыпты  оқып, мәселені шешіп, жақсы бағаларын  алған соң топтарға бірігіп, сабақ  кезінде басқа оқушылардан бөлек  жұмыс істейді. Қалған оқушылармен  мұғалім өз жоспарымен оқу жұмысын  атқарады. Оқыту барысында топ саны көбейіп, белгілі бір өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді. Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай жүре береді. Мұндай форма оқушылардың топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады.

Топтардағы  жұмыс істеу технологиясы

Топ негізінен  өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері:

•  сынып  алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге  әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;

•  "ой майданы" әдісі арқылы қойылған мәселені көп  болып шешу;

•  алдын  ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың  топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы;

•  оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу -оларға қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарыы әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;

•  ұзақ уақыт  шығармашылық тапсырма орындау - объектіні  зерттеу, прибор немесе механизмдерді  құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма орындау және басқалары;

•  семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ  оқушыларын әзірлеу.

Топ жұмысында  іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әр түрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмей айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әр түрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соқында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылау.

 Білім беруді  ақпараттандыру

 Білім беруді  ақпараттандырудық мәні

Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.

Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 

ХХғасырдық  соқында өндірістік дамыған елдерде  ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.

Ақпаратқа деген  сұраныстың өсуі ақпарат беретін  жаңа технллогиялардың, электрондық  құралдардық пайда болуына себепші  болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал -қағаз, пленка да бар.

Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.

Білім беруді ақпараттандырудық  теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.

Ақпарат беретін  технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты  алып, меңгеріп, қолданатын процесс  деп түсіну керек болып отыр.

Оқушының білім  алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны  қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен  жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға  ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.

Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.

"Визуалдық  білім" термині пайда болып,  бейне, модель, шартты белгілердің  үлес салмағы оқытуда көбейіп,  үйреншікті метіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдық екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттың өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттың технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.

Информация о работе Дидактика