Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 21:49, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gulba.docx

— 79.53 Кб (Скачать документ)

А.С.Пушкин атындағы № 20  орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Салауаттылық-өмір негізі

 

 

 

 

                                                                     Орындаған:Джумабаева.Г.Н

                                                          Тексерген: Әбілова.м.Ә

 

 

 

 

 

 

Салауаттылық-өмір негізі

 

 

Салауатты өмір салтын ынталандыру  – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен  айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария  шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.

                                                                Н. Ә. Назарбаев

 

«Бірінші байлық - денсаулық» Елбасымыз «Қазақстан 2030» бағдарламасында өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы    мықты, хал-ахуалы жақсы болуы үшін болашақ ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыра отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді. Өрелі өркениетке тән гүлденген экономиканы білімді, саналы тұлғалар ғана жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын ел өміріне берік енгізу, оны халық арасында насихаттау үрдісін күн сайын жетілдірудің өмірлік мәні өлшеусіз. 

 

 

   Адамның рухани әлемінің нығаюы мен кемелденуіне білім жүйесінің қосары көп. Теориялық ілімдердің барлығы да ақыл-ойдың өрістеп, қанатын кеңге жаюына септігін тигізеді. Жан-жақты ойлау мүмкіндігінің артуы да алынатын біліммен бірге дами бермек. Білім жақсы мен жаманды айыруға, кең мағынасындағы имандылық дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Бүгінде Қазақстан есірткіге қарсы дабыл көтеріп жатса, бұл елде нашақорлық қаптап кетті деген сөз емес. Бұл – жамандықтың алдын алу. Әйгілі Италия жазушысы Д.Боккачо: "Кімде-кім аурудан жазыламын деп бекінсе, мұның өзі – аурудан жазылғандық ” деп айтқан екен. Осы сөздің көп мәні бар. Бізге шеттен келіп жатқан жаман қылықтар өз ішімізде өркен жаймауы тиіс. Ал сол жамандыққа бой алдырған елдердің аурудан жазылуына біз де мүдделіміз. Әлем – бір отбасы, бір үй. Сондықтан дүниенің бір шетінде болып жатқан кесепат ертең екінші шетіне жетуі де ғажап емес. Сол себепті жан мен тән тазалығының тепе-теңдігін әлем болып ойлайтын уақыт туды. Қазақстан өз үні бар ел ретінде әлемді сауықтыру, салауаттандыру шарасынан ешқашан шет қалмақ емес.

 

 

 

                     Денсаулық – салауатты өмір кепілі  
Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.  
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.  
Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі».  
Осы бапқа сәйкес ШҚМТУ-дың «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары студенттер санасына салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу бағытында спорттық-сауықтыру және көпшілік-спорттық шараларды ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Студенттердің денсаулықтарын нығайту мен сақтауда және салауаттылықты насихаттауда мынандай спорттық шаралар жүргізіледі:  
1. Спорттық үйірме жұмыстары (спорттың 19 түрінен).  
2. Денсаулықты нығайту топтары.  
3. Оқу топтары арасындағы жарыстар.  
4. Факультет аралық университет спартакиадасы.  
5. 1-курстар арасында волейболдан, футболдан өтетін «Ректор кубогі» үшін жарыстар.  
6. Дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін пайдасы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы дәріс, әңгімелер.  
7. Темекінің, ішімдіктің, есірт-кінің зияны туралы баяндамалар, дәріс, әңгімелер.  
Өткізілетін спорттық-сауықтыру және көпшілік шараларды ұйымдастырудың түрлері: оқу үрдісі кезіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары, студенттердің дене қуаты даярлығын бағалау үшін бақылау жаттығулары, президенттік сынамалар нормативтері бойынша жарыстар, курстардағы, факультеттердегі, оқу топтарындағы және жатақханалардағы сауықтыру, президенттік сынамалардың жазғы және қысқы көпсайыстары бойынша жоғары оқу орнындары арасындағы универсиада, спартакиадалар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер және қамту қызметкерлерінің денсаулықтары үшін ұйымдастырылатын спартакиадалар.  
Білім алумен қатар, сабақтан тыс уақытта өзі таңдап алған спорт түрінен жаттықтыру сабақтарына қатысып, университет, облыс, республика намысын қорғап жүрген тау-кен факультеті студенттерінің де жетістіктері аз емес. Қарашаның 23-25 жұлдызы аралығында ¤скемен қаласында дзюдодан өткен облыс чемпионатында 04-ГДК-2 тобының студенті Нұржан Мертаев күміс жүлдегер атанса, 06-МТК-2 тобының студенті Дастан Қамзаев облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен жастар арасында бокстан 2-ші ашық облыстық турнирде бірінші орынды иеленді. Болашағынан зор үміт күттірер 02-МСК-2 тобының студенті Берік Далентаев Павлодар қаласында өткен жастар арасында «самбо» күресінен Республика біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды. Қарашаның 23 жұлдызынан желтоқсанның 8 жұлдызы аралығында Орал қаласында волейболдан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғарғы лигасында тау-кен факультетінің үш студенті қатысуда. Олар: Ринат Ибраев, Максим Половко, Артем Яковлев. Сонымен қатар факультеттің ер балалар құрама командасы баскетболдан факультет аралық жарыста осымен үшінші жыл бірінші орынды иемденіп келе жатыр және шахматтан командалық үшінші орынға ие болды.  
Cтуденттер тек қана білімде ғана емес, спортта да жарыстар додасында жеңіске жетіп, мықты спорт саңылақтарының қатарын көбейте берсе екен дейміз.


Информация о работе Денсаулық – салауатты өмір кепілі