Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 10:44, доклад

Краткое описание

маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін.docx

— 38.97 Кб (Скачать документ)

Мұның өзі оқушылардың бейнелеу өнерін оқып-үйренуде шығармашылыққа қол жеткізу тәсілдерін игеруге тиянақсыз бағдарланудың пайда болуымен ерекшелінеді. Оқушылардың эстетикалық мәдениеттерін қалыптастыру тек дәстүрлі бейнелеу өнерін оқып-үйренуде деңгейлерінде көрінеді.

Ең басты нәрсе бейнелеу өнерін оқып-үйрену шығармашылықта өнердің табиғи болмысын эстетикалық, көркемдікпен қабылдап оны дамытудан және шығармашылық қызметте пайда болған талпыныстан көрініс табады.

Орта деңгей – оқушылардың өнерге деген ынта-ықыласы бар болғанымен, жүйелі емес және білімінің тұрақтылығы жоқ. Өнердің ерекшеліктерін білгенімен, оны эстетикамен, мәдениетпен байланысты қажеттілігін түсініп айқындай алмайды, сенімі тұрақсыз, туындыларды дайындауда іскерлік таныта алмайды, теория мен практикадан алған білім мен іскерлік дағдысын көркем өнердегі шығармашылық жұмыстарында анық көрсете алмайды. Бейнелеу өнерін оқып-үйренуде білімі мен қарапайым біліктері болып, өзіндік ерекшеліктерін ажырата білгенімен, жасалу технологиясын жақсы меңгермегендіктен,  қызығушылық танытпайды.

Жоғары деңгей – оқушылар өнер үлгілерінің даму тарихын өздігімен ізденіп оқиды, оған деген қызығушылығы өте жоғары. Бейнелеу өнеріне деген эстетикалық қызығушылығы, эстетикалық шығармашылықтағы мәні мен маңызына ғылыми көзқарасы қалыптасқан, жасалу технологиясын жақсы меңгеруге саналы ұмтылады, оның мүмкіндіктеріне сенімі мол, бейнелеу өнерінің туындыларын мәдени мұра деп саналы  қабылдайды, эстетикалық талғаммен бағалайды, жасалу технологиясын  жетік меңгерген.

Болашақ бейнелеу өнері пәні мұғалімдерін оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың жоғарыда берілген деңгейлерін мынадай өлшемдермен қосымша сипаттауға болады:      

бірінші өлшем, бейнелеу өнері пәніне қызығушылықтың, дұрыс қатынастың болуы, олардың эстетикалық мәдениеттің қалыптастырудағы қажеттілігін түсінуді бейнелейді;

екінші өлшем, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда өзiн-өзi жетiлдiру үшiн мүмкiндiк жасау туралы білімін  сипаттайды;

Орта мектептерде білім берудің ақпараттық технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстың мазмұны баяндалып, оның нәтижелеріне талдау жасалды, жоғары педагогикалық оқу орнының 3-4 курс студенттеріне қатысы бар арнайы курс бағдарламасының мазмұны берілді. Осы бағдарлама негізінде жүргізілген оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, іс-тәжірибесінің нәтижелері көрініс тапты.

Қосымшаларда арнайы курстың бағдарламалары, эксперимент материалдары мен диагностикалық материалдар келтірілді.

НӘТИЖЕСІ – кәсіби сапалары мен кәсіпқойлық деңгейін дамытатын педагогикалық технологиялар қолдану арқылы бейнелеу өнері пәнін жетік игерген, сол пән негізінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыра алатын мұғалім.

Қорыта келгенде, тәжірибелік  эксперименттік  жұмыстардың  нәтижесінде келесі тұжырымдарға тоқталуға тура келді: оқушылардың эстетикалық мәдениеті қалыптасумен қатар, олардың ұлттық санасы қалыптасады, практикалық әрекеттер басымдық танытса, әлеуметтенуіне жағдай туады. Ол үшін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі әр сабақтың тәрбиелік міндетін еріктілік, жүйелілік, көрнекілік ұстанымдарына негіздеп, мақсатты жүзеге асырып отыруы тиіс. Яғни, шығармашылық әрекетте оқушыларда қалыптастырылған эстетикалық мәдениет неғұрлым жоғары болса, сол деңгейде орындалған жұмыс та соғұрлым сапалы болады деуге толық негіз бар. Эксперимент барысында қолданылған инновациялық әдістердің оқушыларға әлеуметтік дағдыларды игеріп қоршаған ортадағы құбылыстарға эстетикалық тұрғыда шығармашылықпен қарау, өзіндік көзқарасының қалыптасу деңгейлерін анықтап, дәлелдеп берді.

Тәжірибе көрсеткендей, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда бейнелеу өнерінің бүгінгі күн үшін маңызын философиялық, этнопсихологиялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыда айқындадық.

Зерттеу жұмысымыздың мазмұнына, қойылатын міндеттеріне сәйкес, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын, әр кезеңде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен тұжырымдамаларын зерделей, талдай келе, келешекте мынадай мәселелер зерттеу нысанасына айналуы тиіс деген пікірімізді айтамыз:

1. Бейнелеу өнері пәні  арқылы болашақ мамандардың кәсіби  біліктілікті қалыптастыруды жүйелі  түрде ұйымдастыру және іске  асыру дербес зерттеу нысаны  ретінде қолға алынса;

2 эстетикалық мәдениетті  қалыптастыру мақсатында жаңа  тәрбие технологияларын іріктеп, пайдалану мәселесі ғылыми-теориялық  тұрғыда негізделсе дұрыс болар  еді.

Зерттеу жұмысы бойынша жасалған теориялық және әдістемелік нұсқауларды бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері, сынып жетекшілері, жоғары оқу орындары ұстаздары мен студенттері, оқытушылар мен студенттердің педагогикалық жұмыстарында қолдануларына болады.

Бейнелеу өнері пәндері бойынша ұйымдастырылған мұғалімнің бірнеше сабақтарына жасалған бақылаудың, талдаудың нәтижесi, жалпы мектеп практикасында бейнелеу өнері пәнінің базалық білім мазмұнында өнерді оқыту бөлімдерінің сипатын анықтауға мол мүмкiндiк бердi.

Оқыту процесiне жасалған талдау нәтижесi оқыту формалары мен әдiстерiнiң бiрыңғайлығы, жаңа материалды игеруде оқушылардың жеке қабiлеттiлiктерi мен эстетикалық танымдық мүмкiндiктерiнiң жеткiлiксiз деңгейде ескерiлуi салдарынан бағдарлама талаптарына сәйкес жоспарланған оқыту нәтижелерiн қамтамасыз ететiн құрал ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Сонымен бiрге жүйелi әдiс-тәсiлдердiң болмауы, олардың эстетикалық бiлiмдi меңгерудiң репродуктивтi деңгейiн ғана қамтамасыз етуi оқушыларға өздерiнiң танымдық мүмкiндiктерiне қарай оқу материалдарын меңгерулерiне кедергi жасайды.

Оқушылармен жүргізілген сауалнамалар нәтижесінен біз бейнелеу өнері пәнінің мазмұны бойынша мұғалімдер тарапынан берілетін  білімдердің  жүйелі еместігін, инновациялық тәсілдерді белсенді қолданылмайтындығын, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға жеткілікті көңіл бөлінбейтіндігін аңғардық.

Анықтау экспериментінде сауалнамаға қатысқан барлық 240 оқушының  эксперименттік топтағы  120-сының  47 % – жоғары деңгей, 22 % – орта, ал 31 % төмен деңгейді көрсетті. Бақылау топтарындағы 120 оқушының 42 % – жоғары деңгейді, 25% – орта, 33% – төменгі деңгейді  жоғары екенін байқадық. 

 

Әдебиеттер:

1 Өнерлі жасқа жол ашқан // Қалдырар ізің мәңгілік  Республикалық үздік мұғалімдер туралы очерктер жинағы – Алматы: Мектеп, 2002. – Б. 29-31.

2 Сурет пәніне талапкер-суретшіні  шығармашылық жолға дайындаудың маңызы // Қазіргі заманғы сәулет және құрылыс: проблемалар және даму болашақтары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, ЕҰУ 2006. – Б. 167-170.

3 Қазіргі кездегі болашақ  мұғалімдерді даярлаудың тарихи  педагогикалық және мәдени әлеуметтік  алғы шарттары // Кредиттік оқыту  технология шартына сәйкес болашақ  мамандардың кәсіптік құзырлығын  қалыптастыру: тәжірибе, проблемалар  және перспективалар: халықаралық  ғылыми практикалық конференция  материалдары. – Көкшетау, 2009. –  Б. 155-158.

4 Болашақ «Бейнелеу өнері» пәні мамандарын даярлаудың әдістемелік талаптары // Қазақстан Республикасы психология ғылымының көкейкесті мәселелері және даму бағыттары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚМҚПУ, 15 қаңтар 2010. – Б. 278-280.

5 Эстетическое воспитание в вузе // Психолого-педагогическое сопровождение адаптации и профессионализации студентов в образовательном пространстве. Региональная научно-практическая конференция. – Бийск, 22 января 2010. – С. 301-304.

6 Болашақ бейнелеу өнері  мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін  қалыптастыру // Қазақстан Педагогикалық  ғылымдар академиясының хабаршысы. – Алматы, №2, 2010. – Б. 38-43. 

 

 

 

Кіріспе:………….3-5бет

1 ТАРАУДЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: Эстетикалық тәрбие. 
1.1 Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері………….6-11бет 
1.2 Оқушыларды эстетикалық  тәрбиеге баулу……….12-16бет 
1.3 Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының қалыптасуы…….17-18бет

2  ТАРАУДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ : Жастардың эстетикалық тәрбиесін дамыту. 
2.1 Эстетикалық тәрбие беру-жасөспірімдердің мәдени құзыреттілігін қалыптастыру……19-23бет 
2.2 Жастардың эстетикалық тәрбиесін дамыту………24-28ет 
2.3 Көркем және эстетикалық тәрбие беру………29-30бет

Қорытынды:………….31-32бет 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………33бет

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі:

Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен  сұлулықты  танып,  ұғынып  және  оны  ажыратып  рухани  әспеттеп  қабылдай  білуі  эстетикалық  тәрбиемен  сабақтас  құбылыс. Көріктілік пен  көркемдікті  халқымыз  ежелден –ақ  қастерлеп  сұлулыққа  сұқтанбағанның  көзі  шықсын  деп  тегін  айтпаған.  Олай  болса, бүгінгі  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  берудің  мақсаты  тұлғаның  әсемдік  жөніндегі  қабілетін  жетілдіріп,  өмірдегі  және  өнердегі  сұлулықты   сезіне  білуге  қалыптастыру  болып шығады. Оқушының  өнердегі,  адамдардың  іс-әрекетіндегі  қарым – қатынасындағы  әсемдікті  түйсініп,  әсерленуі  тұлғаның  эстетикалық  сезіміне  тәуелді.  Өмір  шындығының  образға  айналған  бейнесі  тұлғаны  әсерлендіріп,  кейде  күлкілі  қуанышқа  батырып,  немесе  мұңайтып,  ренжітіп   әр  түрлі  ойға  жетелейді,  қиялына  қанат  бітіреді.  Көркем  өнердегі   құндылықтарды   танып, одан  ләззат  алып  рахатттану  тұлғаның  эстетикалық  түйсінуі  мен  біліміне  қатысты  болғандықтан  оның  әсері  мен  ықпалы  адамның  арман  мұратына  қозғау  салып,  түрлі  әрекеттерге  баруына  ұйытқы болады. Сондай – ақ  табиғаттағы,  қоғам  өміріндегі,  адамдар  болмысындағы,  өнердегі  әсемдік  пен  сұлулықты,   көркемдікті танып  түсіну  тұлғаның  әлеуметтік,  психологиялық  қарым – қатынасына  ықпалды  әсер  туғызады. Әсердің  барысында  ұғым,  түсініктерін  бойына  дарытуға  ұмтылады.Ықпалды  әсер  оқушыны  еш  уақытта бейжай  қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл  белгілі  деңгейдегі  қозғаушы  күшке  айналады. Әсерленген  сезімдік  тағылымын өзіне  үйлестіруге, қолдана  білуге,  теріс әрекеттер  болса   одан  сақтануға  ынталандырады.  Сонымен  эстетикалық  әсер  оқушының  бойын  балқытып,  көңіліне  түрлі  ой  салып  іздендіреді. Оқушы  іздену  барысында  өнердегі,   өмірдегі  құбылыстар  мен  болмыстағы  әрекеттерді  саралап, болжап  өзінің  эстетикалық  білім  дәрежесіне  қарай  баға  береді,  арман  мүддесіне  үйлесімді сараптама  жасайды.

Эстетикалық  тәрбие, тәлімнің тиімділігін  арттыруда  әдіснамалық  заңдылықтардың  да  мәні зор. Өйткені   кеңестік  жүйе  ыдырағанға  дейін  коммунистік  партияның   саясаттандырылған  әміршілдік  нұсқауы   эстетикалық  тәрбие  мәселесіне  тек  материалистік  тұрғыдан  таптық  танымды  сіңіруді талап  етсе, енді  ондай  сыңаржақ  көзқарастан  айығып,  оқушыларды   жаңаша  тәрбиелеп,  шын  мағынасындағы  эстетикалық  таным, сана  қалыптастыруды   өмірдің  өзі  талап  етіп отар.  Көркемдік  таным,  сұлулық  өмірдің  өзі деген  тұрғыда  қаралғанымен  де  адам психологиясына  әсер  етудегі  рухани  құндылықтарға  басқаша  қарадық. Данышпан  Абай  айтқан  “Алланың  өзі де  рас, сөзі де  рас ”  деген  қағидадан  сырғақтап  сырттадық , теріс  айналдық. Әрине,  адамзат  ғұмырында  сұлулық,  көркемдік,  әсемдік, биязылық  өмірдің өзінде  екені  рас, сонымен  қатар  рухани  жаратушыны  мойындап

ақиқат  шындықты  тануда, тұлғаның  соған  бейімделіп, оны  өнеге  етіп  тұтынуда  эстетикалық  тәрбие  жетекші  мәнге  ие  болады.  Оқушылардың бойына  эстетикалық  тәрбиенің  сіңуі  мен  көңіліне  дарытуды қазірде  философтар  да  жан – жақты  дәлелдеп,  көркемдік  таным  тұлғаның  боына  зорлықпен ,  күш  көрсетумен,  әміршылдікпен  дарымайтындығын  мойындатып  отыр.

Эстетиалық  тәрбие  беруде  мұғалім  оқушы  бойындағы  көркем  өнерге  деген  ынта  ықыласын  қолдай  отырып, табығи  болмысындағы  өмірге  үйлесімді  сыр – сипатын  аша  түсуге  зейін  аударуы  керек. Айталық,  тұлғаның  дыбысты,  үнді,  әуенді,  ырғақты  дәл  аңғара  алуы,  немесе  түр, түс,  бәден, реңді  байқай білу  ерекшеліктерін  ажырату   қабілетіне  мән  беріп, үйлесімділікті  ескерсе  оның  нәтижесі  де  тұлғаның санасын,  танымын  қалыптастыруға  тиімді  ықпал  жасайды. Әрбір  оқушының  эстетикалық  таным  ерекшеліктерінде  байқалған   бейімділік  көріністеріне  назар  аударып  оған  бағдар  берумен  қатар,  сл  салаға  байланысты  нақты  тапсырмалар  орындаттырып,  олардың  өздігінен  ізденуіне  жол  нұсқау  тұлғаның  бойында  әлі  көрінбей  жатқан  мүмкіндіктерін  ашуға  жәрдем  ететіндігін  есте  сақтау  керек. Мұның  өзі  оқушының  эстетикалық  мұрат  мақсатының  жетілуіне  қозғау  салып,  оның  өркен  жайып,  өріс  алуына  жол  ашатындықтан  ұйымдастыру  жұмыстарының   тиімді  әдістерін   таба  білу  де  шарт.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  берудің  мақсаты  тұлғаның  әсемдік  жөніндегі  қабілетін  жетілдіріп,  өмірдегі  және  өнердегі  сұлулықты   сезіне  білуге  қалыптастыру ,жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.Ал түпкі мақсаты-эстетикалық іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, ояту

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары