Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 21:20, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі
1.1 Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік 5
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері 11
1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері 14
2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары
2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы 18
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара туындау
себептері 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Прикрепленные файлы: 1 файл

карым катнаспедагог.docx

— 75.43 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе                                                                                                                       4

1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі

1.1 Қарым – қатынас  туралы жалпы түсінік                                                         5

1.2  Педагогикалық қарым-қатынас негіздері                                                     11

1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері                                                                                                         14

2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары

 2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы                                                                                                                    18

2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара  туындау

 себептері                                                                                                              22

Қорытынды                                                                                                           26

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                            28

 

Кіріспе

 

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып  табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге  білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік  маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік  тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік  әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге  деген қажеттіліктерін жан-жақты  қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының  негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу  мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады [1].

Теориялық және практикалық  зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі  оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық  дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы  деформациямен байланысты екендігін  көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі  ересектер арасындағы педагогикалық  қарым-қатынасты жетілдіру осы  мәселені шешу жолдарының бірі болып  табылады.

Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық  қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің  түрі ретінде қарастырылады. Тұтас  педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас  мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық  функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Қарым – қатынас мазмұнына  ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның  өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез  ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу, әрекет, қарым – қатынас пен  өзара қарым – қатынас, т. б. жатады.  Қарым – қатынас мазмұны қарым  – қатынас құралы арқылы түрлі  тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым  – қатынасының негізгі құралына тіл жатады.

Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен  қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б.

Қарым – қатынас қатысушыларының  контингентіне байланысты жеке адамдар  арасындағы қарым – қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым  –қатынас, топтардың өзара қарым  – қатынасы болып бөлінеді.

Қазіргі қоғамдағы қарым–қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан  екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі  әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған  жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік  тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық  қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті  оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық  мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде  педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас  категория ретінде қарастырылады. Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып  есептеледi. Бiрiншi – оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс.

Психология үшін сөйлеудің адамның  жоғары психикалық функциялар жүйесіндегі алатын орны, оның ойлаумен, санамен,  еспен, эмоциялармен және т.б өзара қатынасы аса маңызды болып табылады. Оның ішінде жеке адам құрылымы және іс-әрекетін бейнелейтін ерекшеліктер аса маңызды болып табылады. Көптеген психологтар сөйлеуді сөздік іс-әрекет ретінде қарастырады. Мұнда ол іс-әрекеттік тұтас актісі ретінде немесе сөздік емес іс-әрекетке қосылған сөздік әрекет түрі ретінде болады. Сөздік іс-әрекет құрылым кез келген әрекет құрылысымен сәйкес келеді, яғни бағдарлау, жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау фазаларын өзіне қосады.  Сөйлеу белсенді, әр кезде құрастырылған және динамикалық сөздік стереотиптердің тізбегі ретінде реактивті түрде бола алады. Аяқ астынан ауызша сөйлеу шарттарында саналы таңдау және оның ішінде қолданылатын тілдік құралдарды бағалау минимумға әкеледі, ал жазбаша сөйлеу мен ауызша дайындық сөйлеуінде маңызды орын алады.

Зерттеудің мақсаты: оқушылар мен ұстаз арасындағы  педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасты қалыптасуын зерттеу.

Зерттеу пәні: қарым-қатнас түсінігі

Зерттеу міндеттері:

  • Тілдесу ерекшеліктеріне талдау жасау.
  • Қарым-қатнас түсінігі құрылымын  анықтап, оларға сипаттама беру.
  • оқушылар мен ұстаз арасындағы  педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасты мәнің ашу.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі

 

 

1.1 Қарым – қатынас  туралы жалпы түсінік

 

 

 

Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл  саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі  барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында  коммуникация алып аспан денелерін  бір-бірімен байланыстырады деген  жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз  жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады» [3, 10 б.].

Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар  карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы  қасиеттері де, білім беру процесіне  тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас  бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы  феномен ретінде сипаттаушыларды  қарап шығайық.

Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып  сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам  байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды  сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы  Цицерон сөйлеушінің негізгі  коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не  айту керек, қай жерде айту керек  және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон  сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын  атайды, себебі «небір лауазым, небір  шен, небір абырой, небір жас, небір  орынды тіпті санамағанда, уақыт  пен жұртшылық барлық жағдайлар  үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді» [3, 13 б.].

Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің  формасы мен мазмұнының нақты  аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - «не, қайда  және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.

Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз  жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда  тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың  әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын  қарастырады.

Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние  жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың  өзінде ғана осы проблемамен ондаған  мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын  айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги  орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа  дейін «қарым-қатынас» түсінігінің  өзін, оның салаларын, механизмдерін  түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің  түрліше, түрлі көзқарас бойынша  осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны  зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі  келістерді ұсынулары орынды. Қарым-катынас  іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен  туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың  күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық  жағдайларға сүйенеді.

Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын  мойындаудан туындайды да, олардың  құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «... тіл және ақша»  болады [4, 92 б.]. Бұл - бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі  мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік  береді, «мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі» [5, 15 б.].

Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады [5, 93 б.]. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты  субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік  береді.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі  жайлы пікір, сонымен бірге, осы  құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның  әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында болатын  құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы  жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық  па әлде ұжымдық па деген сұрақ  туындайды. Біз іс-әрекеттің екі  формасы да мүмкін дегенді негізге  аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі  іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста  әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын  адамдардың өзара әрекеттесу формалары  болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті» [12, 52 б.]. Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.

Өзара әрекеттесу формасы, адамның  қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында  пайдаланатын құалдарына тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның  өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының  бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өзі өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының  ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі  мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы  рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын  реттеуге болады: қоғамдык-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-катынас). Іс-әрекеттің осындай  формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект  құрылымы тұрғысынан келу негізінде  бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас  субъектілері қасиеттерінің үйлесуі  адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.

Информация о работе Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі