Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 06:09, реферат
Жаңа ғасыр - ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы. Білім беруді басқару - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – жаңа білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі тәуелсіз мемлекетімізге ие болып, тізгінін ұстар мамандарды – бәсекеге қабілетті кәсіби білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз.
Білім берудегі сапа менеджменті-
басқарудың инновациялық негізі
Жаңа ғасыр - ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибемізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу - өмір талабы. Білім беруді басқару - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың мәдени-этностық тілдік мүдделерді қанағаттандырудың, мемлекетіміздің стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – жаңа білім кеңістігін құрудың бірден-бір құралы.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертеңгі тәуелсіз мемлекетімізге ие болып, тізгінін ұстар мамандарды – бәсекеге қабілетті кәсіби білікті маман ретінде ғана емес, кәсіби құзырлы маман ретінде дайындау негізгі міндетіміз.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай – ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру ұйымдарындағы жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығын, яғни білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін, материалдық -техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады .
Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, оған тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді . «Бұлақ көрсең көзін аш» -деп дана халқымыз айтқандай осы жастардың көзін ашып, білімін, өмірге көз қарасын дамытып, өмірде өз орнын табуға қатысатын адамдардың бірі – Ұстаз. Осы ғажап жанды адамдардың басын қосып, балаға білім беру, одан парасатты, білімді адам шығаруды тілейтін адамдардың арманын жүзеге асыруға көмектесетін – білім ордалары. Соның бірде-бірегейі жер жаннаты Жетісу өңіріндегі байырғы оқу орындарының бірі – Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі.
Педагогикалық менеджмент
Басқарудағы сапа менеджмент
жүйесі арқылы білім мен
Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» - деген пікірін басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жұмыс жасап, нарық талабынан сырт қалмау үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледждінде 2009-2010 оқу жылында сапа менеджмент жүйесі, оның тиімділігі, қажетті құжаттардың маңызымен мазмұны туралы оқулар өткізіп, колледжде 2009 жылдан «Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын ендіру туралы» шешім қабылданып, бұйрық шығарылды. Сапа менеджментін ендіруге байланысты құжаттармен жұмыс жасайтын арнаулы топ құрылып, ISO 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі, Ереже», сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» құжаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.
СМЖ жоспарлауға сапа саласындағы колледждің сапа саясаты мен мақсаттары миссиясы жасалынып, төмендегі басым-бағыттармен жұмыс жасауда:
Білім берудің жоғарғы сапасы төмендегі принциптер негізінде іске асырылуда:
Колледж ұжымы сапа мен бәсекеге қабылеттілікті айқындауда диагностика, рейтинг, мониторинг ұстанымдарын іс жүзіне асыра отырып, өзінің сапа бойынша жоспарында кешенді жүмыстарын жүргізді.
СМЖ – объективті уақыт талабы, оқу орнының қызметі сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу құралы. Жаңа заман адамдарын тәрбиелеу мен білім беруде ұстаз қауымының өмірдің өзі осыны талап етіп отыр.
Информация о работе Білім берудегі сапа менеджменті- басқарудың инновациялық негізі