Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 13:26, доклад
Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр.
ШҚО,Тарбағатай ауданы ,Сасан би орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сейілханов Қайрат
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің
өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл
процесі білім программасының өзгеруімен
қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның
орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі
өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі
жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға
ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі
тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек»,
деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы
бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын
қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика
ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. Сол себептен
де білім беру саласы қызметкерлерінің
алдында – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру
міндеттері қойылып отыр.Ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруге мұғалімдерді
даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге
дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын
қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің
нәтижесі болып табылады. Оқытудың жаңа
технологияларының принциптері – оқытудың
ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс
шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп,
өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру
болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін
емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.Қазіргі
ғылым мен техниканың дамыған заманында
оқытудың жаңа технологиялық әдістерін
пайдалану оқушылардың білім деңгейін
заман талабына сай арттырады. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен
техниканың жедел дамыған, ақпараттық
мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім
беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару
студенттердің қажымас ізденімпаздығы
мен шығармашылық жемісімен келмек.АӘД
пәні арқылы патриоттық тәрбие - жауынгерлердің
әскери қызметін отеуге қажетті қасиеттерін
қалыптастыру және соғыс қиыншылықтарына
төзіп, дұшпанды жеңіп шығуға дайындығын,
қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың
рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне
жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ету үрдісі.
ҚР-ның ҚК-нде Әскери патриоттық тәрбие
жауынгерлердің бойына жоғары имандылық-жауынгерлік
қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге
бағытталған. Ол ҚР Конституциясының
Президенттің - ҚР ҚК-нің Бас қолбасшының
әскери мәселелер жөніндегі шешімдерінің,
Әскери ант пен Әскери жарғы талаптарының
негізінде жүзеге асады. Әскери патриоттық
тәрбиенің мән-мазмұны - өз Отанына адалдық,
сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық
сезімдерін қалыптастыру болып табылады
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз
мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.
Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп
өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным
деп таныған әрбір азаматтың осыған өз
мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа
жету жолында біздер мұғалімдер қауымы
көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз,
болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық
сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата
Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге
үйрету.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу
білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен
жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда
барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің
халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса
маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген
еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық",
отансүйгіштік", " патриотизм",
ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным
- сенімінен туындайды. Еліміз егемендік
алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы
- қазақстандық патриотизм болды.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде
өздерінің шығармаларында қазақ даласының
ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб
Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары
Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы,
Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған
ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік
алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда
зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның
болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде»
- дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға
жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам
біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты
тарихына, оның болашағына өзінің қатысты
екенін мақтанышпен сезіне алатындай
іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет.
Елдің мәселелері де, келешегі де барлық
адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.
Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің
Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты
мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым
ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені
жөн». Қазақстандық патриотизм" ұғымы
біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік
ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде
жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі
өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің
туған отаны және бұдан былай да мәңгі
тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан
олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым
деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға
және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық
патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі
қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының
өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып
келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,
мектеп оқушыларының бойындағы Отанға
деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық
санасын дарытуда халқымыздың біртуар
ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның
Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы
ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып
кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы
шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы,
соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы
жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге
шақырады.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында
патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты
біршама терминдерге анықтама берген.
Енді соларға тоқталып өткім келеді:
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген
сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының
қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке
тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті
нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту
екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм
мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни
оның өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес,
ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың
қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық
пен масқара болу сезімінен қорғай отырып,
адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын
орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті
өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым
өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп
қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою,
жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз
кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды
қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде
қауіп-қатерге бас тігу.
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен
үйлестіре алушылық.
Табандылық – батырлардың қалқаны.
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті
мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен
өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті
құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке,
патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген
мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған.
Мысалы:
• Намысты нанға сатпа.
• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу
- сатқындық.
• Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып
жүріп көрген бейнет артық.
• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше
- шындықтың уын ішін өлген артық.
• Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің
қасиеті.
• Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық
та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге
байланысты қалыптасады.
• Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен
шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап
алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де
ақтап ала алмайды.
• Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас
қайсарлықтан шығады.
• Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.
• Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің
- тізесін бүктір.
• Ептілік те - ерлік.
• Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып
жатқан жолдай бол.
Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік,
тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге
өсиет сөздер қалдырған.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық
сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады.
Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен,
тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді
жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін
- адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт
болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің
оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір
асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен
бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің
өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің
байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан
балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан
ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден
туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл
қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде
өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне
ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен
бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің
жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине,
мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші,
ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар
үшін –ұстаздар қауымы деп айта алар едім. АӘД
пәні мектептегі негізгі патриоттық жұмысты
жүргізуші,үйлестіруші пән.Себебі оқушылар
осы пән арқылы тек әскери істерді ғана
үйреніп қоймай отаншылық
рухтағы тақырыптарды талқылайды.Оқушы
мемлекет,мемлекеттік рәміздер,Конституция,Әскери
Ту,Әскери Жарғы ,Әскери ант,Отан тарихы,отанының
әскери тарихы туралы дәрістер тыңдап
,патриоттық білімдерін шыңдайды.АӘД пәні
дәрістері ең бірінші оқушыға отаншылдық
рухта тәрбие беруге бағытталған.Сондықтан
білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД
пәні арқылы патриоттық тәрбие беру өзекті
болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
5.Жұмабаев М. Педагогика. А.1992 ж.
6.Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы
Информация о работе Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру