Басты талап – сапалы білім, тәлімді тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 13:19, доклад

Краткое описание

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.
Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басты талап.docx

— 24.88 Кб (Скачать документ)

 

Басты талап – сапалы білім, тәлімді  тәрбие.

 

Мақсаты: сапалы біліммен, тәлімді тәрбие

 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  
2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында  
2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді.

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті.

Функционалдық сауаттылықтың жалпы  бағыты ретінде жалпы білім беру мектептеріндегі азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін  әлемдегі жылдам өзгеріс жағдайында әлеуметтік жағдайға бейімдеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген.

Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды.

Аталған жоспарда:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерделеу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды іске асыру тетіктерін анықтау;

- білім беру мазмұнын: стандарттарды, оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз ету;

- оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізуді жетілдіру;

- қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту көзделген.

 

    Аталған механизмдер Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында, Назарбаев Университетінде өткен дәрісінде және басқа да сөйлеген сөздерінде айтылған.     

«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.

Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға көптеген әлеуметтік факторлар және қазіргі кезеңдегі қоғамдық басымдылықтар: өндірістер мен гуманитарлық процестердің терең технологияландырылуы, даму процесінің жаһандануы, қызметтердің жүйелендірілуі және кәсіпкерленуі, әлеуметті қатынастардың  нарықтануы және т.б. әсер етеді.

Елімізде жалпы сауаттылықтың мынадай: тілдік, компьютерлік және ақпараттық, графикалық, заңдық, азаматтық, қаржылық, экологиялық және т.б. параметрлері маңызды болып отыр.

Қазіргі қоғамға постиндустриалдық  әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделетін мамандар керек. Адамның  білім деңгейіне, оның білімділігіне  қойылатын талаптардың арттуы объективті тарихи заңдылық болып табылады. Осы жаңа жағдайда мектептегі оқыту процесі оқушылардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін құзыреттерінің қалыптасуына және артуына негізделуі тиіс.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің  өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады.

Сондықтан Қазақстанда орта білімнің 12-жылдыққа көшуіне байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор.

       Бүгінгі  таңда Қазақстан Республикасының  қоғамдық өмірінде жүріп жатқан  демократиалық өзгерістерге байланысты  белгілі әлеуметтік шарттарды  ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды  көздеген білім беру жүйесіне  қойылатын талаптар күшейе түсуде.

      Қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру - тұлғаны дамыту үрдісі ретінде біліммен қоса тәрбиеге назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық – бағдарлы өзара қарым- қатынасы маңызды орын алып отыр. Яғни, тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріліп отыр.

     Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанына дейін тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны.

    Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп айтқан болатын.

Бүгінгі бәсекеге, қабілеттілікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай ,оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .

    Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына , мұғаліміне, ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты . Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс.

   Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. 

    «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.

«Ел боламын десең, бесігіңді  түзе», - деп М. Әуезов дәл айтқан.

        Тәрбие мәселесінің нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге міндетті» делінген.

      Қорыта келе, бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады . Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Сондықтан ата – аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата – аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің  болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!

Ахмет Байтұрсынов: «Жақсы мұғалім  мектепке жан кіргізеді», - деген  ғой. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог  қалыптастыра алады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Қазақстан – 2030» стратегиясы
  2. «Қазақстан мектебі» журналы,
  3. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы:
  4. Рауан, 1990.
  5. «Мектеп директоры» (республикалық ғылыми – әдістемелік журнал) №6 2011 жыл.
  6. «12 жылдық білім» (республикалық ғылыми – әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал) №1 2006 жыл

 

№3 Хромтау орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Басты талап – сапалы білім, тәлімді тәрбие