Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 22:09, дипломная работа
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
КIРIСПЕ 3
1 АДАМГЕРШIЛIК МӘДЕНИЕТI ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты 7
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі 9
1.3 Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдары 22
2 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 29
2.1 2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау 29
2.2 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен 38
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі 46
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 61
ТIРКЕМЕЛЕР 67
Мектеп оқу-тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның оқушыларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір ұстаз шеберлігіне байланысты. Халықтық педагогика экспериментін пайдаланып, оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына кестден көруімізге болады.
Дүниетану сабағында
және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық
педагогиканы пайдалану оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын
Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске асыру.
Ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [38,37].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін оқушының санасына сіңіріп, үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады [47,16].
Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт [55] .
Жақсы қылық адамға ас пен киім; дос табу оңай, сақтау қиын; достарың көп болса да, аз деп біл.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Қорыта айтқанда, оқушы біткеннің барлығы дерлік мектеп қабырғасында ұстаздардан тәлім алады. Егер біздің ұстаздарымыз әрбір сабақты жоғары сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Әрбір сабақ, тәрбиелік жұмыс ғылыми негізде ұстамды, жан-жақты танымды жүргізілсе рухани әсерлі болады. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Содықтан осы кезден оқушы бойына жақсы және жаман қасиеттерді қалыптастыра оқыту керек.
2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы М.Горький атындағы орта білім беретін мектептің 2-ші сыныптарында жүргізілді.
2 А сыныбы (бала саны 9) эксперимент тобы ретінде, 2 Б сыныбы ( бала саны 11) бақылау тобы ретінде тіркелді.
Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.
Дайындық қезең.
2-сыныптағы
дүниетану пәнінде
Бұл кезеңнің міндеттері:
Негізгі кезең.
Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.
Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:
Қорытынды кезең.
Мақсаты: Дүниетану
пәнінде оқушылардың
Бұл кезеңнің міндеттері:
Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетінің төмендегідей қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымыздың негізіне аламыз:
Белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.
Адамгершiлiк мәдениет деңгейi |
Диагностикалық белгiлерi(критерийлер) |
Жоғары деңгей
|
Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдасық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады. |
Ортаңғы деңгей |
Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. |
Төменгi деңгей |
Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл. |
Кесте 3. Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi
Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау оқушылардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, оқушылардың оқу пәндеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тестілеу балалардың бойында адамгершілік құндылық бағдарларының қалыптасу деңгейін айқындау үшін пайдаланылады.
Тест сұрақтары төмендегiдей:
1 Үлкендi сыйлау қандай әрекетке жатады?
а) әдет
ә) әдет-ғұрып
б) дәстүр.
2 Ұлттық намыс қай рәсiмге жатады?
а) қайырымдылық
ә) әдептiлiк
б) перзенттiк парыз.
3 Саған ең жақын кiм?
а) дос
ә) аға
б) жолдас.
4 Бата қай дәстүрге жатады?
а) ырым
ә) тыйым
б) сенiм.
5 Ел белгiсi ненi көрсетедi?
а) рәсiм
ә) рәмiз
б) жөн-жоралғы.
6 Үлкенге сәлемдесу қай рәсiмге жатады?
а) iзеттiлiк
ә) салауаттылық
б) үнемдiлiк.
7 Мына үш
негiздiң қайсысы өмiрге
а) бiлiм
ә) еңбек
б) денсаулық.
8 Бірлі, достық туралы мақалдарды аяқта
а) Бірлігі жоқ ел тозады, ....
ә) Алтау ала болса, ....
Төртеу түгел болса,...
9 «Үш дос» жануарды анықта
а) түлкі, қоян, қасқыр
ә) аю, жолбарыс, борсық
б) суыр, архар, шақшақай.
10 Сыныптағы
бір баланы барлығы мазақ
а) ештеңені білмегендей боласың
ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың
б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың
11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың
а) шыншыл, берілген
ә) мақтаншақ
б) өсекші
12 Малдың пайдасы қандай?
а) шөп жейді, су ішеді
ә) ет, сүт, жүн, тері береді
б) малдың пайдасы жоқ
13 Асқар –
Алтынайдың ағасы. Алтынай-
а) ағасы
ә) немересі
б) нағашысы
14 «Жақсыдан – үйрен, жаманнан - ....» мақалды аяқта
а) жирен
ә) үлгі ал
15 Жаман адам қайдан пайда болады?
а) білімдіден
ә) ұйқышылдықтан
б) тәртіпсіздіктен
<span class="dash041e_0441_043d_
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениеттерiн қалыптастыру