Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:04, курсовая работа
Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.4. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ. .19
2.1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . . . . . . . 27
ІІІ. Эксперимент жұмысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
Кәсіптік консультация – кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтері-нің бірі. Әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетіледі. Оқушы мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіншіліктерін анықтайды, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай түрін кәсіптік консультация деп атайды.
К.К.Платонов кәсіптік консультацияны үш кезеңге бөледі: дайындық, аяқтау, анықтау. Кәсіптік дайындық консультациясы – бұл бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі дұрыс кәсіптік бағыт- бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта және жоғары оқу орындары, түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабылданатын жастарды іріктеп алады. Өйткені олардың мамандықты ойдағыдай игеруін, оған байланысты міндеттерді орындауын басты мәселе деп қарастырады.
Кәсіптік іріктеудің мақсаты – жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осыған байланысты профессиограмма жасалады.
Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).
Кәсіптік адаптация – бұл әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жүйесі.
Кәсіптік бағдар жұмысын жетілдірудегі мектептің, отбасының ролі. Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында “үш күш одағы” – мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады.
Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу, төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі
кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының
бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар
әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні
туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша
адамға қойылатын талаптармен таныстырылады.
Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда
алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты
жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның
мамандарға қажеттілігі мен оның даму
келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру
мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі
болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының
жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу
керек.
Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі,
оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының
негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған
білімдерін тәжірибеде қолдана білуге,
мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс
тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі
қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру
кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын
жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда
кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға
психологиялық-педагогикалық мінездеме
дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып
жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру;
үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен
әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен
кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік
бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды
жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
• Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.
• Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы