Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 22:47, курсовая работа

Краткое описание

Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................2-4

І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері.............................................................................................................5-11
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі.....................................................................................................................12-25
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны...................................................................................................................26-28

ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым................................................29-34
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары....................................35-46

Қорытынды.............................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-мұғалімінің-педагогикалық-шеберлігі.doc

— 378.50 Кб (Скачать документ)

Оқыту процесінің өзінек тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым онай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процес. Мысалы әрбір сабақ үстінде бакылау,жаттығу жұмыстары мен сұрақ-жауаптар аркылы оқушылардың білім іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Сыныптағы оқыту процесіне,му_ғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сырткы факторлар әсер етпейді. Мысалы, метал тотығының гидраты мен кышкыл арасындагы реакқияны оқушыларға басқаша дәлелдеп түсіндіруге болама екен? Әрине баска анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакқияның нәтижесінде тек кана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакқияны бейтарап реакқия деп атайды.

Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сырткы факторлар зиянды әсер етеді.

Педагогикада диапектиканың барлық зандары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С.Макаренко диалектиқалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында жылжымалылығында және қарама қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестің зандылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің еңбектерінде кең көлемде баяндалғын. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс зандьшыктарын оқу бағдарламасы негізінде сипаттауды кажет деп таптык.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс филасофияда зандылық деп аталады. Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай зандылықтардың бірнешеуін атауға болады.

Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және байланысты заңдылығы.

Мектепте бұл зандылықты іске асыру еліміздін әлеуметтік-әкономиқалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның әкономиқалық мүмкіншілігі ғылыми-техникаға сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептін оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс зандылықтары.

Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан жақты дамуына көмектесе отырып білім беру, тәрбие және оқыту функқияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.

Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықгарды, білімді меңгеру негізінде ғана іске асады. Егер оқушы оқуды өзімнін міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігіне сенбесе,онда оқуды да жаксы ұйымдастыруға болмайды.

Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кемиді, тереңдейді, ақыл-ой кабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, нәтижесінде пайда болған сұрактардың жауаптарын табады.

Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрі бар.

Жалпы заңдылықтар. Қалаған білім беру процесіне тән болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:

-оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейімен каркынына, оның кажеттері мен мүмкіндінтеріне, педагогика ғылымымен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;

-оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық кажеттермен оқу мақсаттарына, ғылыми-техниқалық және әлеуметтік процестің қаркынына,оқушылар жас мүмкіндіктеріне,оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды-техниқалық және әкономиқалық заңдылықтарына сәйкес келеді;

-аку сапасы. Оқу сапасы өткен кезендегі оқу процестерінің нәтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру — педагогикалық шеберлілігіне,оқушының оқып-үйренуге болған кабілетіне,оқу уакытына байланысты;

-оқу әдістері. Дидактиқалық әдістер тиімділігі әдістерді білу мен қолдану ептілігіне , оқу мақсаттарына,мазмұнына , оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілеттілігіне , материалдық -техниқалық камсыздығына, оқу процесінің ұйымдастыруына тауелді;

-оқуды басқару. Оқудың нәтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;

-оқуға ынталандыру. Оқу нәтижесі шәкірттің білім игеруге деген іштей ынта ыкыласы мен оқу әрекеттерінің езіне тән тартымына; оқу әрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар.

Жеке заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке заңдылықтары:

-дидактиканың тек өзіне  тән (оқу нәтижесі колданылған оқу әдістері мен кұрал жабдықтарына, оқытушының кәсіби шеберлігіне байланысты);

-таным теориясына сай (оқу нәтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне және оқуды кажетсінуіне тәуелді);

-психалогиялық (оқу нәтижесі шәкірттердің оқу мүмкіндіктеріне, зейін деңгейімен тұрақгануына, ой- ақыл ерекшеліктеріне байланысты );

-әлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі баска адамдармен тікелей не жанама қарым қатынасына, қоршаған ортаның акыл-парасат дәрежесіне, мұғалімнің оқушымене қатынас жасау стиліне байланысты);

-ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дәрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тәрбиелеуге бағытталуына, таным кызығушылығын қалыптастыруына, танымдық белсенділікті канағаттандыруына тікелей байланысты);

Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде және оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.

Педагогикалық процестің мәні туралы мәселемен бірқатар ғалымдар айналысып, жан-жақты қарастырған.

А.Ф.Кактерев, М.А.Данилов: «біртұтас педагогикалық процес – оқытудың және тәрбиенің бірігуі», деді.

 

 

 

 

 

 

1.2. Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет - деген анықтама береді.

Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі қарым-қатынасының тәсіл -амалдары - деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері - мұғалім оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым -қатынас және іс-әрекет»

Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал - тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.

І. Оқу кітаптары - оқулықтар оқу - әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, эканомикалық -географиялық карталар т.б.

З. Техникалық құралдар - үнтаспа , телеарна, бейнетаспа компьютер т.б.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л.Н.Толстой былай дейді: «қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті».

Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.

Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру

Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптапаған.

Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев, Н.В.Кузьмина, Т.А.Ильина, Н.Д.Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негзде топтастыруды ұсынады.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам 
түрі бар екен.

І. Оқушылардың таным белсенділігне қарай (М.Н.Сқаткин, И.Я.Лернер):

  • түсіндірмелі хабарлау әдісі;
  • репродуктивтік әдіс;
  • проблемалық баяндау әдісі;
  • эвристикалық әдіс.

2. 0қытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данолов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):

  • жаңа білім беру әдісі;
  • біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
  • техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
  • білімді тексеру әдісі;

-проблемалық, программаланған оқыту әдісі.

З. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):

  • оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру:
  • оқуға ынталандыру;
  • оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.

4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):

  • ауызша баяндау әдісі;
  • есеп шығару әдісі;
  • өнер құралдарын пайдалану әдісі.

5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

  • жаңа білімді игеру әдісі;
  • өзіндік білім әдісі;
  • проблемалық әдіс;
  • практикалық әдіс;
  • көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішіндегі ең көп тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант)

  • сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
  • көрнекілік әдістер;
  • тәжірибелік әдістер

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.

З.Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

Білімді меңгеру қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.

Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.

Тәжірибелік   әдістер. Лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесінде ең көп тараған дэстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда, жетекші роль атқарады. В.А.Сухомлинский: «Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...»- деп оның маңызына ерекше назар аударады.

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымды дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтіпейік: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзі-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».

Информация о работе Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері