Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:00, доклад

Краткое описание

Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін көп жыл бұрын басталды. Алайда ол мектепке ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да кең жүйесіне кездеседі. Бастауыш мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін көп жыл бұрын басталды.doc

— 36.00 Кб (Скачать документ)

Баланы моральдық жағынан  тәрбиелеу мектепке дейін көп жыл бұрын басталды. Алайда ол мектепке ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да кең жүйесіне кездеседі. Бастауыш мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Жеті-сегіз жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақ мұғалім және басқа үлкендер бұл даярлықты дер кезінде пайдаланбайды. Балаға талап қоя отырып, кейде оны ұзақ «миына құя» отырып, тәрбиешілер өздерінің тапсырмаларының шын мәнінде орындалумен барлық уақытта бірдей жүйелі түрде және қатал тексеріп отырмайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез-құлық нормалары мен ережелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.

Балалардың мінез-құлық  нормалары мен ережелерін шын  мәнінде және негізінен игеруі алдымен  педагогтың олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану – кіші мектеп оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан  соң бірінші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балаларымен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды. Бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.

Бастауыш мектеп оқушыларының өзара  қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттарымен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушысының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине тоғыз-он жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы, оларды мұғалімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен әр түрлі: кездейсоқ та қарапайымнан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қаракетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларын мұғаліммен ашық бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге айтады, өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төресі ретінде көрінеді.

Оқушылардың есінде оларды – бұған  дейінгі кішкентайларды, мектеп ұйымына қабылдаған, қызықты істерімен іс-әрекеттері көп ұйымға қабылдаған күн мәңгі сақталады. Мектепке келген бірінші жыл ішінде кіші мектеп оқушыларының өміріндегі барлық жақты және жаман қылықтар олардың мектепке өту мүмкіншілігімен өлшенеді. Олар: егер сен жақсы оқысаң, егер тобының талаптары мен ережелерін сақтасаң, егер саған жолдастарың сенсе, сені қабылдайды, деген ережені нық меңгерген. Міне, баланың санасы ұйымға өткен күні осындай жарқын да қуанышты әсерге бөленетіні сондықтан. Ол өзінің жаңа міндеттерін де мақтанышпен сезінеді. Баланың мектеп ұйымының, ал одан кейін бүкіл қоғамның да мақсаттары мен мүдделеріне байланысты шын мәніндегі талпыныстарының психологиялық ірге тасы осылай қалыптасады.

Бүкіл мектеп ұжымының өмірін және ондағы балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру баланың пионер галстугын алған алғашқы күнгі әсерін күңгірттемейтіндей етіп құрылуы тиіс. Мейлі алғашында балалардың ісі оңға бастай-ақ қойсын, мейлі, кейбір балалар міндеттерін белгілі бір уақытқа дейін кешеуілдетіп енжар орындасын – қалған барлық балалардың істердегі белсенділігін сақтаудың ең маңызды психологиялық шарты олардың дербестік сезімінің, олардың өз күштерімен құрылған ұйымындағы істің жайына және жауапкершіліктерінің болуында және соларды жетілдіруде болып табылады. Егер мұғалім осы сезімдердің жетілуін қолдап және іскер бағыттап отырса, онда сыныптың және мектептің пионер ұйымының өмірі формальды емес, әрбір бала үшін ішкі мағынаға толы болады.

Оқушылардың қоғамдық мәні бар істері көп: темір-терсек жинау және езілген  халықтар балаларына шама келгенше қолдау жасау, оқудағы жолдастық көмек  және достық өзара сын. Оқушы отрядтарының тапсырмасы бойынша, іштей қажеттік сезімімен орындалатын, бүкіл коллектив орындайтын барлық осы істер шынайы және кіші мектеп оқушысына лайық қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің психологиялық ролі болады, онсыз оқушының жеке басының аса маңызды қасиеттері ретіндегі коллективизм негіздерін, өзара қолдау және өзара көмек сезімдерін қалыптастыру мүмкін емес.

Әрине, мұндай жоғары белсенділігімен  және дербестігімен сипатталатын оқушылар коллективін құру өте қиын. Бұл жерде оқыту да, әңгіме де өздігінен көмектесе алмайды. Тәрбиешілер тек балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетке деген ыстық ықыласына, олардың істерінің романтикасымен әуестенуіне, барлық істі балалардың өздері жауап беретіндей етіп ұйымдастыратын олардың тілегіне ғана сүйене алады.

Жаңа мінез – құлық нормалары  мен ережелерін игеру кіші мектеп оқушылары эмоцияларының ерекшеліктерін елеулі түрде өзгертеді. Әдетте, бұл балалардың көпшілігінде теріс тебіреністерсіз өтеді және балалардың өздері оны жақсы қабылдайды. Мысалы, олар бір сыныптас балалармен жаңа достыққа қуанады, тапсырмаларға мақтанады, оларға бұл тапсырмаларды мектеп ұжымы береді, мектептегі мінез-құлық нормаларына жауапкершілікпен қарай бастайды.

Басқа да психикалық процестер сияқты оқу іс-әрекеті жағдайында балалардың эмоциясының жалпы сипаты өзгереді. Оқу іс-әрекеті біріккен іс-әрекеттерге  қатаң талаптар жүйесімен, саналы тәртіппен, ырықты зейінмен және ерікті есте сақтаумен байланысты. Мұның бәрі баланың эмоциялық дүниесіне әсер етеді. Бастауыш мектеп шағында әсерленген кездерде ұстамдылықпен түсінгіштік, қуаныш пен реніш жағдайларындағы табандылықтың артуы байқалады. Бастауыш мектеп оқушылары өз көңіл-күйлерін басқара алады, ал кейде әуелі оны жасыра да алады. Бастауыш мектеп оқушылары мектепке дейінгі балаларға, сондай-ақ жеткіншектерге қарағанда неғұрлым байсалды. Сегіз-он жасар балаларға ұзақ, әрқашан қуанышты және сергек көңіл-күй тән. Сонымен қатар кейбір балаларда ашуланғыштық, долданғыштық жағдайлар да кездеседі. Олардың негізгі себебі – талап қою деңгейі мен олардың қанағаттандырылу мүмкіндіктері арасындағы алшақтық. Егер бұл алшақтық ұзаққа созылса және бала оларды жеңу немесе жеделдету құралын таба алмаса, онда теріс толғаныстар мейірімсіз де ашу-ызалы сөздер мен іс-әрекеттерге алып келеді. Мұндай эмоциялық бұзуларды болдырмау үшін, мұғалім тәрбиеленушілердің дара ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Оқу қызметінің өзін іске асыру кезінде қанағаттану білуге құмарлық және масаттану сияқты сезімдер қалыптасады.

Бастауыш оқытудың бүкіл мазмұны  коллективизмді, тілектестікті, интернационализмді, борыштылық сезімін, адалдықты үйретуге бағытталған. Бұл сезімдердің дамуы балалардың топтарындағы, ұйымдағы өзара қарым – қатынас тәжірибесінің шешуші маңызы бар. Мұнда балалар тапсырылған іс үшін алғаш рет жауапкершілікке ие болады. Мұнда олар өзінің қызметінің бақыланып отыратынын әрдайым сезінеді. Олар – жекелеген тапсырмаларды, ал одан кейін бүкіл мектеп міндеттерін орындауда жеке жауапкершілік сезімі туады.  


Информация о работе Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу