Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 08:34, доклад
Балаларды қалыпты ойлаудан шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін, олар жинақталған тәжірибе мен қосымшаларды қиялы мен шығармашылығын жүйелі түрде дамыту қажет. Шығармашылықпен тығыз байланысты және шығармашылықты ерекшелейтін негізгі психологиялық үрдіс – қиял. Егерде көз алдымызға адам қиялы жоқ деп елестетсек, онда ешқандай жаңалықтар мен көркем шығармалар болмас еді. Әйгілі неміс математигі шәкіртінің тағдыры туралы былай дейді: «Ол жазушы болуды таңдады, себебі математик атануға қиялы жетпеді.» Тек қана қиялдаудың арқасында ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты: мысалы, Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі және Энштейннің теориялары.
Қостанай қаласы
әкімдігінің «Қостанай
Тақырыбы: Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту
2013-2014жж
Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту
“Балалар дүниеге келген кезде үлкен рухани және материалдық құндылықтарды әкеледі, олар жаңалық тудыра алады, бірақ ол үшін дұрыс бағыт бағдар көрсете білу керек.
Ш.А. Амонашвили
Мақсаты: Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу,эстетикалық талғамын,шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту,жан құбылысын,сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіру.Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық құзыреттілігінің қалыптастыру міндеттеріне сәйкес бейнелеу өнерінің мазмұнын толықтыру,сурет салудың барлық түрлеріндегі іскерліктерін жетілдіру,бейнеленетін бейнелерді түсіну қабілеттерін тәрбиелеу мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Балаларды қалыпты ойлаудан шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін, олар жинақталған тәжірибе мен қосымшаларды қиялы мен шығармашылығын жүйелі түрде дамыту қажет. Шығармашылықпен тығыз байланысты және шығармашылықты ерекшелейтін негізгі психологиялық үрдіс – қиял. Егерде көз алдымызға адам қиялы жоқ деп елестетсек, онда ешқандай жаңалықтар мен көркем шығармалар болмас еді. Әйгілі неміс математигі шәкіртінің тағдыры туралы былай дейді: «Ол жазушы болуды таңдады, себебі математик атануға қиялы жетпеді.» Тек қана қиялдаудың арқасында ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты: мысалы, Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі және Энштейннің теориялары.Көптеген ғалымдардың бейнелеу өнерінен дарынды балаларды зерттеуі бойынша олардың күшті және жарқын қиялы, суретті сөйлете білуі мен оның мағынасын түсіну мүмкіншіліктері бар екенін байқаған. Қиял – бұл адамның жаңа образдар мен елестер жасаудың мүмкіндігі, ол 5 пен 15 жас аралығындағы балаларда қарқынды дамитын құбылыс және ол ары қарай дамуы үшін арнайы мамандардың көмегін қажет етеді.
Бұл міндеттерді шешу мақсатында өзіміздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мынадай әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың фантастикалық бейнелері сирек кездеседі, ал «таныс заттарды өзгертуі» өте қызық. Қарапайым дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш және т.б.пішіндерді балалар жақсы өзгертеді. Содан соң пішіндер саны көбейеді, дақтар пайда болады,қосымша элементтер арқылы белгілі бір бейне жасау қиынға соғады.Бұл жаттығу бірнеше минут уақытты алады,ол оңай бірақ дайындықты қажет етеді,қайталап салуды қажет етпейді,бала ойлауына байланысты. Бұл кезеңде зат саны сапасына көшеді. Суреттің талдау маңызды: шапшаңдығы, бейне саны, шешім қабылдаудың қайталанбастығы.
Информация о работе Балалардың шығармашылық қиялын бейнелеу өнері арқылы дамыту