Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 16:07, курсовая работа
Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайғанына көз жеткізе аламыз.
Теориялық негізі: Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Балабақшадағы ойынның маңызы
Зерттеу объектісі: балабақшада ойынды пайдалану
арқылы баланың сабаққа ынтасын арттырып,қарым-қатынасты
дұрыс жасай білуге бағыттау.
Мақсаты:
ойын арқылы балалардың тілге деген
қызығушылығын дамытып қалыптастыру.
- ойын элементтерін қолдану
арқылы салт-дәстүрді үйренуге,елін жерін
сүюге тәрбиелеу.
Міндеті:ойынның
тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау.
ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын
қалыптастыру.
Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын
ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген
қызығушылығының артатынына, сөздік қорының
молайғанына көз жеткізе аламыз.
Теориялық негізі:
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай
да білмейді», «Ойында озган, өмірде де
озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,
мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға
деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық
көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы
береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған
үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері
мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,
әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Ойын- жаттығулар баланың
жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді
дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін
қолданылады.
Ойын - баланың жан серiгi. Қай бала болмасын
ойнап өседi. Әрбiр елдiң ойыны бол елдiн
қоғамдық идеологиясына, тұрмыс - тiршiлiгiне,
айналысатын кәсiп - шаруашылық ерекшелiктерiне
байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау
айтқандай қиындықы жоқ, оп - оңай тәрiздi
көрiнуi мүмкiн. Ал iс жүзiнде бала үшін ойынға
қатысты басқалармен тiл табысып, өзiнiң
ойлаған ойын iске асыру оңай емес. Сондықтан
тәрбиешiнiң мiндетi - балаларды ойынға
өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын
қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына
жетiп, тәрбиелiк мәнi арта түседi. Айталық,
тәрбиешiнiң ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып
өткiзуi балалардың бiр - бiрiмен достық
. Қатынастарының дұрыс қалыптасуының
нышаны екенi сөзсiз. Ойын кезiнде жолдасының
айтқанымен келiсiп, оны құрмет тұтудың
өзi адамгершiлiкке бастайтын жол. Тәрбиешi
ойын арғылы әр баланың игi бастамасын
қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттердi
әрбiте, өзiндiк мiнез - құлқын қалыптастырады. Мәселен, Әлiм
құмнан неше түрлi құрылыстарды өзi ойлап
сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан
ғұрылыс салудың жолдарын барынтасымен
айтып түсiндiредi. Болашақта осы Әлiмнен
талантты ғұрылысшы шағуы әбден ықтимал.
Әр баланың бойында өмiрге деген белгiлi
бiр бейiмдiлiгi, сүйiктi iстерi болады. Әне
соны дер кезiнде байғап, жан - жақты дамыта
тәрбиелеу қажет.
Баланың әдептi, көргендi, қайырымды болып
өсуi қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты
екенi мәлiм. Бала өмiрде көрген - бiлгендерiн,
ойға түйгендерiн ойын арқылы қалай бейнелесе,
бiздердiң, яғни үлкендердiң, көрсеткен
үлгi өнегемiз қандай дәрежеде болса, балалардың
да төлiмдiлiгi соны айқын бейнелейдi.
Балалардың мейiрбандық қасиетi отбасындағы
үлкен адамдардың өнегесiне, балабақшадағы
тәрбиешi - апайының олармен күнделiктi
қарым - қатынасы мен тәрбие жұмысын ұтымды
жүргiзуiне байланысты қалыптасады. Үлкендердiң
мейiрiмдiлiгi баланың сәби жүрегiн куаныш
сезiмiне бөлейдi. Бала жаңа елiктегiш, ол
үлкендердiң әсрекетiн үлгi ретiнде қабылдайда
да, оны ойын кезеңдi айқын бейнелеуге
тырысады. Балалардың бiр - бiрiмен достық
қарым - қатынасының дұрыс қалыптасуында
мақсатты жүргiзiлген жүйелi ойын процесiнiң
тәрбиелiк мәнi мол. Балалардың достық
сезiмi ойын кезiнде шыңдала түседi. Кiшкентайлар
тобындағы сәбилердiң екi - үшеуден бiрiгiп
ойнауы келе - келе ұжымдық бағыт алады.
Бала табиғатының өзi тек ойынмен байланысты.
Сәби шағындағы алғашғы қуыршақпен ойнауы
баланың қамқорлық, ізгiлiк сезiмiн оятады
да, әрi қарай өрбiте түседi. Мұндай iзгiлiк
сезiм құрбылар арасындағы достық қатынастың
қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала
болмасын жеке - дара ойнағаннан көрi, бiрiгiп
ойнаудың әлде қайда қызықты, мазмұнды
болатынын айқын сезiне бастайды. Соның
нәтижесiнде олардың ойынға деген қызығушылықтары
артып, достықтары беки, нығая түседi.
Ересектер тобының балалары алған бiлiмдерiне,
өмiрден жинағтаған азды - көптi тәжiрибелерiне
сқйене отырып, тәртiптерiн, мiнез - ғұлықтарын
жағдайға ғарай бейiмдей алады. Балалардың
өзара қарым - қатынастары тұрағты қажеттiлiкке
айнала бастайды. Ойын кезінде баланы
мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды
бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын
соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын
айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен
ертегінің бала жүрегінің сабақта өте
қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп
отырғаны негізгі мақсат танымдық іс -
әрекет қана емес, жеке қасиеттерін
қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы
тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған
ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние
жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда
зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті.
Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын
көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан,
уайымнан арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан тірлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т.б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарында балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген
ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық
мәдениет феномені ретінде төмендегідей
қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру
қызметі.Өйткені, ойын – баланы күшті
қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу
және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ойынның
қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық
қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін
дерегі айқын көрсетеді. Ойынның
диагностикалық қызметі- педагогқа
баланың әр қырынан: интеллектуалдық,
шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін
диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін,
өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін
танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып
табылады.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1.Ж.Қ.Дүйсенова,Қ.Н.Нығметова
«Балалар психологиясы» Алматы,
2. «Қазақстандағы Мектепке
дейінгі білім» №3(47)қыркүйек/
3. «Бала мен балабақша» №12,2012ж