Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 11:51, реферат
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Қазіргі қоғамда
жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби
білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген
Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші – адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылы-ғы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеп жүрген ммамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін айтады.
Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған. Атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деген қағидасын қазіргі заманға лайықталып айтылғандай. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану және психологиялық қызмет көрсету психологтың көмегімен іске асырылады. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға негізделіп құрастырылады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың да мазмұны өзгеруде.Психолог кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуда және жеке тұлғаның барлық оңтайлы (жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек. Кеңес беру кезінде «сенімділік» жағдай туғызып және кеңесті әдепті,өнегелі түрде өткізуі керек. Жеке адамды қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек. Психологиялық көмек пен түзету жүмыстары психологтың белгілі бір жастағы баланың психологиялық дамуын ескере отырып, адамның ішкі дүниесіне әсер етуге негізделіп жүргізіледі.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, мұғалімдер ұжымында психологиялық қызмет ұйымдастыру.
Міндеттері:
Мектептегі қызметтің методологиясы негізінен жеке тұлғаны дамыту теориясына негізделеді. Оның өзі іс әрекет теориясынан, таным теориясынан дамыту теориясына жол ашады. Бұның өзі негізгі құндылық қарым қатынасты құрайды. Бұл қарым қатынас мектеп әкімшілігі, мұғалім, ата-ана, оқушы арқылы жүзеге асады.
Психологиялық жұмыс
Жеке тұлғаның шығармашылық ойын дамытуға бағытталған шаралар
Жаттығулар
1. «Миға шабуыл» және жылдамдық әдістемесі.
Жылдамдық. Бір сәтте бірнеше шешім табу қабілеті ретінде кез келген іске шығармашылықпен келуге жағдай жасайды.
1-жаттығу.
Жай заттарды ерекше қолдану. Бір затты қолданудың түрлі тәсілдерін ба-рынша көбірек ұсыну қажет. (мысалы: ескі тері тон) Бұл жаттығуда ұсынылған ойлардың көптігі мен олардың ерекшелігі бағаланады.
2-жаттығу.
Таңқаларлық жағдайлар.Керемет бір жағдайдың нәтижесінде адам сіріңке-нің қорбындай-ақ болып қалады. Ол өзінің бойына шақ үй, тамақ, қарым-қаты-нас жасайтын орта, көлік табуы қажет. Жаңа ойлардың саны мен оның ерекше-лігі бағаланады.
2. «Ойды тиянақтауға қабілеттілік»
Идеяларды ойлап табу қаншалықты ерекше болса да – бұл істің біткенін білдіреді. Идеяны дамыту, жетілдіру және оны соңына дейін жеткізіп тиянақтау мен бекіту аса қажет.
3-жаттығу.
Жарнама жаймасы.
Тапсырма. Өзі жасап шығарған өніміне, фирмасына жарнама жаймасын жасау.
Жеке тұлғаның сыпайылық, әдептілік қасиеттерін дамыту
тақырыбында жүргізілген психолрофилактикалық жұмыстың жоспары
І Кіріспе
1) Сыйпайылық, ізгілік туралы ертегі айту.
Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы қала еді,өйткені он-да не күн жадырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кі-сілердің көңілдері жабыраңқы,қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйтке-ні аналары оларды еркелетіп,жылы да мейірімді сөздер айтпайтын.Өйткені өмір лері қуанышсыз еді. Күндердің күнінде бұл қалаға үрлеме шармен бір ауылдан сиқыршы ұшып келеді. Ол бір өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынадай сиқырлы сөздер айтады, «рахмет»,«өтіне-мін», «рахым етіңіз». Оның сөздерімен адамдар күлімдей бастайды. Адамдар биязы,сыпайы ізетті бола бастағаннан кейін,олар күннің жарық шашқанын, бақ-шалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көреді.
Бұл ертегіден біз нені байқаймыз?
Адамдарға қандай сиқырлы сөздер айтты?
ІІ Негізгі бөлім.
2) Талдау. Мыналар жайында сұхбаттасу.
а) Әдептілік туралы нені білеміз?
ә) Неге әдепті болу керек?
б) Қалай әдепті болуға болады?
Сыпайылық деген өзіңді-өзің ұстай білу және жақсы мәнерге ие болу. Сү-йіспеншілік танытып әре ескерте білу. Шын мәніндегі ізеттіліктің түйіні тек қа-на елдің ішінде сыпайы болу емес, үйде де, достармен де, барлық жерде де, кез-келген уақытта сондай болу.
3) «Сиқырлы сөздер»
ойыны (мұғалім кез-келген
Мысалы: «Әсел, дәптерді бер» - «Әсел, өтінемін, дәптерді берші». Топқа кез-келген өтініш айту, олар сиқырлы сөз қосып әдепті түрде айту.
4) Нақыл сөз айту. «Ізеттілік – адамгершілік қасиеттердің анасы». Нақыл сөздің мағынасын ашу, ізеттілікті неге анамен теңейтінін түсіндіру.
5) Мұғалім.
Келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды (музыка ойналып тұрады) «Мен сыпайымын, қарапайым болуға тырысамын, өзімді өзгеден артықпын деп есептеймін. Мен әдепті баламын». Келесі осы сөздерді хормен қайталайды.
6) «Балық аулау» ойыны
Ойынның тәртібі түсіндіріледі.Оқушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімен балық аулауға не алып баратындығын айтады. Егер де «сиқырлы сөз» қосып айтқан ойыншы болатын болса, ол ойыншы балыққа бірге барады. «Сиқырлы сөз» қосып айтпаған ойыншы балыққа баруға алынбайды. (сиқырлы сөз: өтіне-мін, рұхсат болса, рахмет, рақым етіңіз)
Бұл ойын жеке тұлғаны ізеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді.
Қорытынды бөлім.
7) Сурет салу. Ізеттілік
жоқ болған қаланы бір топқа,
келесі топқа ізеттілік бар,
сиқыршы келгеннен кейінгі
Сыпайылық, ізеттілік, әдептілік қасиеттерді дамыту туралы жүргізілген психологиялық тренингіні қорытындылау.
Информация о работе Қазіргі қоғамда жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың қажеттілігі