Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 11:00, контрольная работа
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
1.Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.
2.Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.
Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.
Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету.
Сонымен қатар шығармашылдық
ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі
саналылықты өрістетуге зерттеушілік
тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп,
іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын
жол.Инновациялық оқытуда мұғалім
көшбасшылық міндет атқарғанмен, жүзеге
асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды,
менің айтқанымдай болсын деп қарамайды,
әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік
міндет атқаруға бейімделеді.
Теориялық, мазмұндық мәнді меңгеріп,
шығармашылықты дамыту барысында мұғалім
бағдар бергенімен, оған тікелей жетекшілік
жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай
қатардағы рөлді ойнайтын, шәкірттерімен
тепе-тең құқықтығы серіктес болады.
Сабақ барысында шығармашылық
басқарушы рөлдерді бөлгенде, диалогте
өмірдегідей нақтылыққа жақындауына мән
береді.
Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен
қатарласа жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен
өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді.
Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі
оқыту бағдаламасында көсетілген нұсқауды
орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны
қайталап пысықтап менгерту болса, инновациялық
оқытудағы мақсат-іс-әрекет барысында
оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай
жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне
бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру.
Нақты айтқанда, оқушыға үнемі жол сілтемей,
өзінше әрекеттене алуына бейімдеу.
Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының
білімді мағлұматты жәй ғана, бір сәттік
тұрғыда қабылдап қана қоймай, саналы
да тиянақты игеруіне ықпал ету.
ЮНЕСКО-ның жобасына жүгінсек:
-оқушының іс-әрекет өзінше ойлай білуге, шығармашылық дербестікке бейімделуі тиіс;
-олар өзара қарым-қатынас жасап, бірлестік құра алатындай ынтымақтастықта болу;
-қазіргі мектеп оқушысы дербес түрде оқи алатын, бәсекелестіккеде түсе алатын және топпен, ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу;
- компютерді пайдалануда камуникациялық
тоғысуға мән беру парыз;
- қайсынды ойлай білуде оқушының тиісті
мәселені дәйекті деректермен
нақты дәлелдеп пайымдауда инндуктивтік, дедуктивтік әдстерді
пайдалана алуға баулу;
-келелі мәселені шешуде осы
білгірлікті туғызып отырған себептерді
ажырату және оның салдары жөнінде талдап,
талқылай білуге жаттықтыру;
-мәселені шешудің мүмкіндіктерін талдау
және оның түрлі жолдары мен екендігіне
ой жүгіртіп, тиісті пайымдау барысында
шешім қабылдай білуге үйрету;
-қабылдаған шешімнің мақсатына сай келетін деректерді сұрыптай білу және оны пайдалану үшін ақпараттарды жинастыру мен оны пайдалануға алуға дағдыландыру;
-көздеген мақсатына жету жолында атқарылатын жұмыстың жобалық жоспарын жасай білу.
Қорыта келе бұл аталған құндылықтарды жетік білу, мән- мағынасын терең ұғыну – шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық әдістердің және ақпараттық-коммуникациялық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Жаңа коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың басты
мақсаты – оқушылардың оқу
пәнін толық меңгеруі үшін оқу
материалдарының практикалық
Сонымен қатар, білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістіктерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Әр сабақта міндетті түрде проекторды қолданып, Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған презентацияларды, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін, AсtivInspire бағдарламасында жасалған флипчарттарды, Интернеттен алынған қызықты бейнефильмдерді көрсету.Сонымен қатар, сыныптағы компьютерлерде информатикадан 7,8,9,10 сыныптарға арналған электрондық оқулықтар мен әр түрлі қызықты білімді бақылауға және бағалауға арналған бағдарламалар орнатылған. Әр оқушының жұмысын қадағалау үшін NetOP School бағдарламасын пайдалану керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да мектеп. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тек оқушының шығармашылық шабытын шыңдап қана қоймай, ғылыми көзқарасын да қалыптастырады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Информация о работе Қазіргі мектептерде қолданылатын білім беру технологиялары