Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:54, реферат
Кең байтақ қазақ даласын ежелден мекендеген, болашақ «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары алып келді. Бұл оп-оңай, көктен аяғы салбырап түскендей кездейсоқ құбылыс емес, күрделі тарихи заңдылық еді. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс аймағында көптеген ірі қалалар орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б.