Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 21:31, реферат

Краткое описание

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ,оқыту, дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика алдыңғы қатарлы бала-бақша тәрбиешілері мен отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелерін жинақтап қорытады. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Мектепке дейінгі педагогикада негізгі қолданылатын ұғымдар : дамыту , тәрбиелеу , оқыту . Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады.

Содержание

I . Кіріспе
II . Негізгі бөлім
А) Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.
Б) «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.
В) «Тәй-тәй», «Қарлығаш» бағдарламаларының баланы тәрбиелеудегі рөлі.
III. Қорытынды
IV . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

сож мект дейнг Жанка.docx

— 35.03 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан   Республикасының  Білім   және Ғылым

Министрлігі

Оңтүстік  Қазақстан   мемлекеттік  педагогикалық

институты

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларының ерекшелігі.

 

                       

                                   Қабылдаған: Мұстафаева Фатима

                                   Орындаған:  Ибрагимова Жаңыл

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2013

Жоспар

I .   Кіріспе

II .  Негізгі бөлім

     А) Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.

    Б) «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары.

     В) «Тәй-тәй», «Қарлығаш» бағдарламаларының баланы тәрбиелеудегі           рөлі.

III.  Қорытынды

IV . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Мектепке дейінгі педагогика  - мектеп  жасына дейінгі  балаларды тәрбиелеу ,оқыту, дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика алдыңғы қатарлы  бала-бақша  тәрбиешілері  мен отбасы тәрбиесінің озық  тәжірибелерін жинақтап  қорытады. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Мектепке дейінгі педагогикада негізгі қолданылатын ұғымдар : дамыту , тәрбиелеу , оқыту . Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуін оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.

        Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап , іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірбиесін жас ұрпақтың бойына сіңіру , аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі .Тәрбие – алға белгілі мақсат қоя отырып , баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру , өмірге , еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Тәрбие балаға екі жақты әсер ететін процес: біріншіден адамгершілік нормаларды меңгерту, екіншіден тәртіп пен мінез құлықтың тәжірибесін жинақтау.

        Оқыту – оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі . Оқыту- белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде балаларға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет-дағдыларын қалыптастыру , олардың танымдық қабілетін , қызығушылығын дамыту . Мектеп жасына дейінгібалаларды оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру , ұнамды әдет – дағдылардың алғашқы нышандарына баулу , ақыл ой қабілетін білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін , ес , қиял , ойлау , сөйлеу сияқты дүние танымдық қабілеттерін , мақсаттылық , белсенділік , қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді . Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа Жолдауында 2020 жылғы дейін барлық балалар мектепалды мекемелерімен қамтылатынына аса назар аударылған. 
Осыған байланыстыайта кететін жағдай, арнайы «Балапан» бағдарламасы балаларды мектепалды тәрбиелеу мен білім беруді қаматамасыз етуді арттыруға бағытталады .

      Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы. «Балалар бақшасындағы  тәрбие бағдарламасы» – мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бала тәрбиелеу, білім беру жұмысының мақсаттарын, міндеттерін және мазмұнын белгілеп беретін мемлекеттік құжат. Онда мектепке дейінгі балаларды олардың жас шамасына және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты тәрбиелеу міндеті көрсетілген. «Бағдарламада » халыққа білім берудің жалпы жүйесіндегі жаңа адамды  қалыптастырудағы алғашқы саты ретіндегі балалар бақшасының рөлі сипатталады, мектеп жасына дейінгі балалар жеке басының жан-жақты дамуына  бағытталған педагогикалық үрдістегі тәрбиенің басшылық рөлі атап көрсетіледі. «Баларлар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы » мектепке дейінгі бала тәрбиесінің теориясы мен практикасын  дамытудағы барлық жаңалықты жинақтайды, адамның дене және рухани дамуындағы жас кезеңінің зор маңызын көз жеткізе көрсетеді.   Капиталистік елдерде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің бірыңғай жүйесі жоқ және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері халыққа білім беру жүйесіне енгізілмейді.

       Тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені дамытумен бірге жетілдіріп отырады. Мектепке дейінгі мекемелер жұмысын ұйымдастыру, оның мазмұны мен әдістері жөніндегі негізгі нұсқауларды Халық ағарту комиссер шоты 1919 жылы  « Балалар үйі мен балалар бақшасын басқару жөніндегі нұсқауда» берген.   Бағдарламаның бірінші жобасын РСФСР Халық ағарту комиссариаты 1932 жылы шығарды. Бұл құжат қоғамдық- саяси тәрбиесі, музыкалық әуенді қимыл тәрбиесі, бейнелеу іс-әрекеті, математика сауат ашу тарауларынан тұрады.    1934 жылы «Тәрбие бағдарламасы» жетілдіріп басылып шығарды.   «Бағдарлама»қоғамдық-тәрбие, дене  тәрбиесі,сурет салу, жапсыру, еңбек сабақтары, тіл дамыту, кітаппен, картинамен оқу, математикалық түсініктерді дамыту, сауат ашу оқулары тараумен қамтылады.   Халық ағарту комиссариатының 1936 жылы 4 шілдедегі қаулысына байланысты мектепке дейінгі тәрбие жөнінде бағдарламалық жаңа құжат жасау қажеттігі туды.  1938 жылы «Балалар бақшасы тәрбиешісі үшін басшылық» басылып шығарды. «Басшылық» көптеген кемшіліктері  болды, ол туралы Н.Крупская былай деп атап көрсетті:   «Менің ойымша бұл бағдарлама өмірден тым алшақ, тым жасанды, бірқатар қиын мәселелерге әдейі соқпай кеткен ».

        1953 жылы «Басшылық» қайта қаралып, өңделді. 1959 жылы «Мектепке дейінгі балалар мекемелерін онан әрі дамыту, мектепке дейінгі балалар тәрбиелеу және оларға медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту шаралары туралы » қаулы қабылданды. Қаулыда балалар мекемелерінің екі типін – яслилер мен балалар бақшаларын біртұтас мектепке дейінгі балалар мекемесіне  ясли бақша біріктіру, сәби және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің бірыңғай бағдарламасын талдау көзделген.   Бірнеше авторлар ұжымы әзірлеген сәбиліктен бастап мектепке барғанға дейінгі балалармен жұмыс істеудің білім-тәрбие беру жөніндегі бірыңғай бағдарламасы тұңғыш рет 1962 жылы жарияланды. Бұл бағдарламада бұрынғы бағдарламалық әдістемелік құжаттағылардан гөрі мұнда мектепке дейінгі  балаларды оқыту  мәселелері көбірек белгіленді.    1969 жылы «Балалар  бақшасындағы тәрбие бағдарламасы » жетілдіріп  басылып шықты. Бұл «Бағдарлама» одан кейінгі жылдары толықтырумен және түзетулермен бірнеше рет қайта басылды. Мысалы, 1978 жылы түзетілген 8 басылымы жаияланды.

       Қазақстан Республикасы 1989 жылы «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы»,1992 жылы «Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» басып шығарды. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы     Қазақстан Республикасының өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын негізге ала отырып қайта басылып шықты.  «Бағдарлама» балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын , баланың қолы жетуге тиісті дәрежелерге қойылатын талаптарды ашып көрсетеді. «Балалар  бақшасындағы тәрбие бағдарламасы »  тәрбиешілердің назарын баланы терең зерттеуге , оның өсіп дамуындағы жас заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін білуге бағыттайды. «Бағдарламада» балаларды мектепке даярлаудағы балалар бақшасының рөлі, педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуына және мектепке дейінгі мекемелер алдында тұрған міндеттердің жүзеге асырылуына тәрбиешінің жауапкершілігі атап көрсетілді. «Бағдарлама» мына принциптерге сәйкес құрылған:

1.Бағдарлама материалы  мазмұнының идеялығы, оның тәрбие  міндеттеріне сай болуы.

2.Оқыту мен тәрбиенің  бірлігі.

3.Сәбилік шақтан мектепке  барғанға дейінгі балаларға тәрбие  мен білім беру жөніндегі педагогикалық  үрдістің тұтастылығы мен үздіксіздігі.

4.Материал орналасуының  жүйелілігі мен бірізділігі, оның  топтан-топқа қарай біртіндеп  күрделенуі.

5.Іс-әрекеттің әр түрінде  жүзеге асырылатын жалпы және  жеке міндеттер орналасуының  жас шақтары тұрғысынан алғандағы  принципі.

6. Іс-әрекеттің әр түрінде:ойын, оқу ,еңбек, тұрмыс әрекеттері  кезінде тәрбиенің жүзеге асырылуы .

7.Жинақтылық-бұрын өткен  материалға неғұрлы жоғары дәрежеде  қайта оралу.

Бағдарламаны білу және оның талаптарын, топтағылардың нақты  жағдайларын есепке ала отырып, орындау  мектепке дейінгі мекемелердің әр маманы үшін міндетті іс болып табылады.

«Балапан» бағдарламасын  жүзеге асыру жолдары. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы .  Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы  1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының   2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

 Бағдарламаның  мақсаты:   Тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Бағдарламаның міндеттері :Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

- 2015 жылға дейін мектепке  дейінгі тәрбиемен және оқытумен  мектеп жасына дейінгі балалардың  жалпы санынан 70 %-ын қамтамасыз  ету;

- 2015 жылға дейін 5-6 жастағы  балаларды білім беру ұйымдарындағы  мектепалды даярлықпен толық  қамтамасыз ету;

- республикадағы демографиялық  жағдайды және тұрғын халықтың  білім алуға қажеттілігін ескере  отырып мектепке дейінгі ұйымдардың  вариативті желісін ұлғайту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың  тапшылығы проблемасын шешу үшін  қажетті қаржылық-экономикалық жағдай  жасау;

- мектепке дейінгі ұйымдарды  білікті кадрлармен толық қамтамасыз  етуді және үнемі олардың біліктілігін  арттыруды жүзеге асыру.

Нысаналы индикаторлар :Бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу мынадай индикаторлар бойынша көрсеткіштері бар аралық нәтижелерді салыстыру және өлшеу арқылы анықталатын болады:

мектепке дейінгі білім  беру жүйесінде қосымша ашылатын орындардың саны;

мектеп жасына дейінгі  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен қамту;

топтардың толықтырылуының  орташа көрсеткіші;

5-6 жастағы балаларды мектепалды  даярлықпен қамту;

жоғары және бірінші санатты  біліктілігі бар педагог қызметкерлер үлесі.

Бағдарламаны  іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:

2010 жылы мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарына 89 723 орын енгізілді

2015 жылға қарай ұйымдастырылған  мектепке дейінгі тәрбиемен және  оқытумен 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі  балалардың жалпы санынан 70 %-ы  қамтылатын болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %,        2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж.  – 70 %.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санатты педагог  қызметкерлерінің үлесі педагог  қызметкерлердің жалпы санынан:

2010 ж. – 23 %-ға; 2011 ж. –  24 %-ға; 2012 ж. – 24,5 %-ға, 2013 ж. –         24,8 %-ға; 2014 ж. – 25 %-ға дейін өседі.

Жоғары оқу орындарында  және кәсіптік және техникалық білім  беру ұйымдарында 2015 жылға дейін  мектепке дейінгі білім берудің 18 мыңнан астам педагог қызметкерлері  даярланады, қайта даярлау курстарынан  өтеді және жұмысқа орналастырылады.  Ата-аналар үшін консультациялық пункттердің желісі дамитын болады, бала күтушілер даярлау бағдарламасы әзірленеді және үй тәрбиесі практи-касына енгізілетін болады.   Әрбір елді мекенде, кемінде, бір мектепке дейінгі ұйым болады немесе мектепке дейінгі тәрбиенің басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады.

 Бағдарламаны  іске асыру кезеңдері :Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше мынадай міндеттер шешіледі:

1-кезең – 2010 жыл –  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен қамтуды 48 %-ға  қол жеткізу;

2-кезең – 2011 жыл –  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен 55,6 % қамту;

3-кезең – 2012 жыл –  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен 60,8 % қамту;

4-кезең – 2013 жыл –  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен 65 % қамту;

5-кезең – 2014 жыл –  балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен 70 % қамту.

Мектеп жасына  дейінгі  балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен  және оқытумен:

1) республикалық және  жергілікті бюджет қаражаты және  жеке инвестицияларды тарту есебінен  тең құқықтық жағдайларда мектепке  дейінгі балалар ұйымдарын салу;

2) шағын орталықтар ашу,  заңнамада белгіленген тәртіппен  бұрын жекешелендірілген балабақшаларды  қайтару және сатып алу, меншік  нысанына қарамастан мектепке  дейінгі білім беру ұйымдарында  қосымша мемлекеттік білім беру  тапсырысты орналастыру арқылы  жекеменшік балабақшалар ашуды  ынталандыру;

3) шағын комплектілі мектепке  дейінгі ұйымдар ашу үшін салынып  жатқан тұрғын үй кешендерінің  төменгі қабаттарындағы тұрғын  үйге жатпайтын орын-жайларды  пайдалану;

4) Жол картасы шеңберінде  мектепке дейінгі білім беру  ұйымдары үшін педагог кадрларды  қайта даярлау;

5) 5-6 жастағы барлық балалардың  мектепалды даярлықтан өтуіне  мүмкіндік беру арқылы қамтамасыз  ету қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдар  тапшылығы проблемаларын шешудің  тиімді жолының бірі – меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру. Республикалық бюджет қаражатынан жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қаржы-ландырылатын болады. Балаларды ата-аналар төлемінің есебінен тамақ-тандыру шығыстарының орнын толтыру қағидаты сақталатын болады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына қаржыландырылған кезде тапсырыс беруші мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын баланың нақты болған уақытына төлейді. Осы ретте ай ішінде дәлелді себептермен (баланың ауруы, баланың медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі және сауықтырылуы, ата-аналарының біреуіне еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында 2 айға дейінгі мер-зімде сауықтырылуы) болмаған балалар есепке алынады.    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы транс-ферттер арқылы қаржыландырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім жасайды.

Информация о работе Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларының ерекшелігі