Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 15:02, курсовая работа
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Азаматтық құқық туралы түсінік......................................................5
2.2. Азаматтардың құқық қабілетгілігі........................................................8
2.3. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы............................................15
2.3. Азаматтық құқық жүйесі....................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................24
ӘДЕБИЕТТРЕ ТІЗІМІ.............................................................................26
Азаматтардың құқық қабілетгілігі.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға
10
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады.
Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азамат-тық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қальш, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей! тең үлеске тиесілі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға,.— ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элемеітті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей шықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімең азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну.
11
Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаңнан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады.
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттары өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаштылары жасайды. Сондық-тан да, бірдей ойымызда, 14 жасқа толмаған жас өспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты жаса.
1.Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13
12
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14 бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13 бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған.құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайд ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципін жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол бермейді. Азаматтық Кодекстің 18 бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды».
Қоданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай айырылады. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады.
Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
13
жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
шектелу).
Азаматтар құқық қабілеттілігін миеңгере отырып, әртүрлі құқықтрды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
2.Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни
ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса ада өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі. Азаматтық кодекстің 1044 бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның – құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара қысқарады, ішінара мұрагерлеріне көшеді. Өлім-бірқатар құқықтқ салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы зжәне психикалық жағдай оның ұққық қабілеттілігіне әсер етпейді.
———————
К.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова. Адам.Құқық.Қоғам. Алматы/2009 ж.
14
Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы
1. Құқықты қорғау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық кұқықтары калпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тін 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқыктар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құкықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді.
Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтьщ мынадай пікірі көңілге конады: "құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді".1
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы кұкықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
2. Азаматтық қиықтарды қорғау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін корғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және трисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құкықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардьщ оны қорғауға араласуы болып табылады.
Кұқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзыретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құкықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен корғалатын азаматтык құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық
нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін колданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.
Қорғаудың юрисдикциялык емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзыретті органдарға бармай-ақ өз бетімен корғануын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер "азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы" ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, проф. А.П.Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді.1 Біздің де пікірімізше өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт
негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес
16
нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылған құкықтық қорғаудың кен мағынасын меншік құқығын корғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал
жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың
сипатына байланысты келеді.
Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құкығы (мысалы, мүлікті алып кою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады.
Міндеттемелік-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік кұқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында корғайды.1 Ал меншік құқығын корғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін бермейді, бұл орайда шетелдердегі «талап қою бәсекесі» деп аталатын жағдайды қолдамайды.
Азаматтық құкық институттарыньщ әр түрінен туындайтын не заттық-құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы2 белгіленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе елді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29,32-баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т.б. болып табылады.
3. Азаматтық
құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тің
9—10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда
бұрын-соңды
заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген.
Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни
тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері
мен құқыктарының
17